«КЕЛІНЖАН» толықметражды фильм ретінде түсіріледі (Видео)

0

Бұл туралы жобаның продюсері әрі сценарий авторы Гүлнұр Мамасарипова «Хабар»  арнасына берген сұхбатында айтты.

Иә,  3 жылдан бері көрермен көзайымына айналып,  телеэфирде және Youtube желісінде  рекордтық көрсеткіштер көрсетіп келе жатқан «Келінжан»  бұл жолы да өз биігінде. Үшінші маусым алдыңғы екі маусымды басып озып,  бірнеше күнде миллиондаған қаралым жинауда.

«Жыл сайын менен «Келінжан»-ның жалғасы бола ма деп?»  сұрағанда асығыстық танытып «жоқ»  деп айтатынмын. Былтыр екінші маусымнан кейін енді оқиғаның соңын толықметражды  фильммен аяқтаймыз деп айтып қойдым.  Бірақ, биыл «Хабар»  арнасы басшыларының сүрауымен,  көрермендердің сұрауымен және режиссер Ернар Нұрғалиевпен ақылдаса келе 15 эпизодты түсірдік.  Бірақ,  болашақта толықметражды фильммен аяқтаймыз. Биыл емес. Өйткені,  әлемдегі жағдай бойынша кинотеатрлар жабық. Сондықтан,  фильмді түсіріп алып,  халықты күттіріп отыра алмаймыз»,- дейді  Гүлнұр ханым.

«Келінжан»  сериалы соңғы аптада әрбір қазақ отбасы асыға күтіп көретін телехикаяға айналды. Ауылдағы ананың үш баласы мен үш келінінің шытырманға толы өмірі қазақ отбасыларының айқын көшірмесі.  Актерлер де өте шынайы ойнауда.  Айсара мен Қылышбек,  Балқия мен Мәдібек,  Асқар мен Асылымнан әркім өзін немесе таныстарын көруде.