Саясаттанушы АЭС құрылысы жайлы: LRT мен жарылған қоймаларды ұмыттыңдар ма?

0
1602

Тоқаев Қазақстандағы атом энергетикасын, оның ішінде атом электр станциясын салуды дамытудың жоспарын жариялады. Бұл қазақстандықтар үшін қауіпсіз бола ма? Елордалық LRT және уәде етілген зауыттардың тағдырын есіне алған саясаткер Данияр Ашимбаев құрылыс жоспарына қатысты теріс пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Қазақстанда жаңа биологиялық зертханалар немесе атом электр станцияларын салу әдеттегі бірнеше мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Олар: құрылыс сапасы мен қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етудің жүйесіздігі, сыбайлас жемқорлық, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардағы бақылаудың жоқтығы.

Елордалық LRT құрылысы, ғарыш аппараттарын құрастыру кешені, Түркістандағы картон қаласындағы модульдік ауруханалар немесе Алматыдағы ковидке қарсы ұлттық вакцина шығаратын зауыттың тағдырын еске түсіргім келеді. Сонымен қатар кейінгі жылдары жарылған екі оқ-дәрі қоймасы туралы да ұмытпауымыз керек», — дейді саясаткер.

Ол атом энергетикасын дамытуға қарсы емес екенін айтты. Оның пікірінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлу керек.

«Мен атом энергетикасын дамытуды қолдаймын. Алайда оны қазақстандық жағдайда қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері ойландырады», — дейді ол.