Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесінде жаңа қызметке тағайындалды

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесінде жаңа қызметке тағайындалды
Фото-коллаж: kznews.kz / ЖИ

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Олжас Данабеков кім?

Олжас Данабеков 1983 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы аясында Лондон университеттік колледжінде білім алып, мемлекеттік саясат саласы бойынша ғылым магистрі дәрежесін иеленген.

Еңбек жолында Әділет министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қызмет атқарған.

Бұдан бөлек, Сенат депутатының көмекшісі болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Ол 2024 жылы "Құрмет" орденімен, 2018 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Сондай-ақ Президенттің Алғыс хатына ие болған.

Қазақстан Халық кеңесі немен айналысады?

Қазақстан Халық кеңесі – ел халқының мүддесін білдіруге бағытталған жоғары консультативтік орган. Оның негізгі міндеттерінің қатарында ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамыту бар.

Кеңестің төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланған.

Жаңа органның жұмысы қоғамдық пікірді билікке жеткізуге, өзекті мәселелерді талқылауға және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер