Қыз ұзату тойына арналған тілектер – Қазақша тілектер

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қыз ұзату тойына арналған тілектер

Айналайын қызым……..!

Сен арқылы өрісіміз кеңейіп, жаңа жекжаттар тауып, құда-құдағи болып жатырмыз. Сен енді екі елдің арасындағы елшісің. Алдыңда жаңа өмір, жаңа орта, жаңа туыстар мен достар күтіп тұр. Сол ортамен тіл табысып, үйренісіп, босағасын аттаған әулетіңе туған қызындай болып сіңісіп кететініңе сенемін. Өйткені осы күнге дейін папаң екеуіміздің берген тәрбиемізді зая кетірмей, жаман сөз келтірмей, сенімімізді ақтап, айналаңа, қоршаған ортаңа әрқашан сүйікті, сүйкімді болып жүрдің емес пе?!

Менің тілегім – осы қалпыңнан айнымағайсың, күнім! Құдайым басыңнан бағыңды тайдырмасын! Бастағалы отырған жаңа өмірің бақытты, қызықты күндерден құралсын. Табалдырығын аттағалы тұрған босағаға жаңа басқан қадамың құт әкелсін!

Әкең мен шешеңді қалай құрметтеген болсаң, атаң мен енеңді солай құрметтегін, күнім! Сыңарыңмен жұбың жазылмай, бақытты да тату-тәтті ғұмыр кешіп, өсіп-өніңдер. Бақытты болыңдар!

****

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып гүлдей берсін!

****

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып гүлдей берсін!

****

Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті. Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!

****

Бекзаттарым-ай, Жекжаттарым-ай, Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай! «Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден – өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!

****

Қонақтан кетпей төрлерің

Ісіңнің таппай ел кемін.

Тамсан мақтап көп адам

Баса алмай жүрсін шөлдерің.

Қалаулы бол халыққа,

Еңбектен еш жалықпа.

Қосылған сүйіп жарыңмен

Аққудай мәңгі қалықта.

****

Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!

****

Ей, уақыт-ай!

Екенсің ғой тым қысқа,

Барады ұқсап кешегі өткен жыл құсқа.

Балалықтың бір базары тарқай ма,

Досым қызы шығып жатыр тұрмысқа.

Екі балаң отау құрды, топтасты,

Екі тасқын бір айдынға тоқтасты,

Қыз ұзату тойы дейміз,

Жігіт ше?

Жігіт бүгін бостандықпен қоштасты.

Салтанатты той үстінде отырмыз,

Айдын-көлде аққу қаздай отыр қыз.

Қос періште көрінеді көзіме,

Біздер – пенде, қарапайым топырмыз.

Біледі ғой қимастықтың өлшемін –

Әке болып,

Ана болып көрсе кім?

Өз қолымен өзі үзіп бергендей,

Жүрегінің ең қажетті бөлшегін.

Кірбің басса не амал бар жүзіңді,

Баса алмайсың

Басыңдағы ызыңды,

Тап осындай той-даңзаға соңында

Әкетер ме сенің де ертең қызыңды?!

Қуан, достым, өлең сөзге болма алаң,

Қызым түгіл, ұлымды ойлап қозғалам.

Қыз ұзай ма, әлде жігіт…

Кім білсін?!

Не десең де күйеу балаң – өз балаң.

Тойдағылар,

Қане сап, сап, тыныштал,

Біз дайынбыз,

Ей, асаба, дұрыстал.

Жас жұбайлар махаббатын бекітіп

Шампан шапшып,

Қоңырау соқсын хрусталь.

Соқсын,соқсын,

Шампан толған хрусталь.

****

Адамның бір қызығы бала деген,

Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.

Дүбірлі той жасамай баласына,

Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,

Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.

Бақытына кенеліп екі жастың,

Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,

Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.

Түгенделген ұлыңның үш жұртының,

Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,

Білесің ақ көңіліммен тілерімді.

Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,

Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!

****

Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,

Жан-жүйең қалай ғана сыздамасын.

Құдалар алақанға салып бердік

Жүректің жұлын алып бір парасын.

****

Ердің бағы – жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.

****

Алтынымыз мақтанар,

Тілеуші едік басыңа

Болсыншы деп бақ қонар.

Сол сәт бүгін келіп тұр

Ақ тілекті ақталар.

Көлге біткен құрағым,

Өрге біткен шырағым.

Анаң сенің шаттанар,

Табылды деп сыңарың.

Әкең сенің мақтанар

Маздады деп шырағым.

****

сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шалқысын! Тең-құрбыларыңның алды болыңдар! Үй ішің жанға, қораларың малға, қалталарың ақшаға толсын! Қол ұстасып өмірдің қиыны мен қызығын бірге кешіңдер. Бақытты болыңдар! Достарың да, ұрпақтарың да көп болсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық қуаныштың басы болуға жазсын! Осы дастархан басында отырған достарыңның бәрі сол қуанышты бірге тойлай берейік!

****

Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,

Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,

Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,

Ата менен сыйлы болсын енесіне.

Үлкенді қадірлеуден жалықпасын

Жарқылда жарыңның да тауып бабын.

Қадірлеп айналайын бір-біріңді,

Қырандай қия шыңға шарықтағын.

Тағдыр қосып табылыпты қосағың

Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.

Шаттықталар шаңыраққа айналсын

Керегесін кеңге жайып отауың.

Құтты болсын ақ қадамың

Келін болу жолы ғой қыз баланың

Барған жерде жақсы келін атанып

Қуанышын сыйласын әрбір қадамың

****

Еріңнің қияға ұшуға қамданған қанатына қарқын беріп, көкжиекті қамтыған ой – өрісіне серпін беріп, көктегі ісін ептейтін, қатесі болса екшейтін, тарылған жолын кең қылып, кетігі болса септейтін сұңғыла жары болғайсың. Пейіліңді кең ұста, иманың мен ақылдың екеуін де тең ұста. Үйіңнің берекесі, еліңнің мерекесі бол.

****

Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,

Пенденің жетсем деген талабы көп.

Қадамың құтты болсын, құда – жекжат

Отырмын мен де, Сен де балалы боп.

Үмітпен ұл да өсірдік, Қыз да өсірдік,

Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.

Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,

Жайласын жас отаудың іргесін құт.

Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,

Қуаныш ортақ сізге, Көңіл көтер!

Құдалар бір – бірімен тату болса,

Екі жас мұратына сонда жетер.

Болғанмен ұл менікі, Қыз сенікі,

Екеуін тең көреді білген кісі.

Жатырмыз төсті төске түйістіріп,

Сыйластық – Құдалықтың бір белгісі.

****

Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың.

****

Құрметті құда – құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құда – құдағиым! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге – жетті. Қыз бала — өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап – жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда – құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда – құдағи!

****

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,

Екі жүрек ұғынысты, табысты.

Тілейікші аппақ арман – ағысты,

Тұлпарға тән озып шығар шабысты.

Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,

Кел, достарым, жақсы тілек етелік!

Үйленгендер – алтын сарай салғандар,

Балалығы естелікке қалғандар!

Қалады енді балалық шақ ертек боп

Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!

Екі жұбай – қатар тұрған періште,

Бірге ұшсын бақ – болашақ – өрісте!

Өмірлері бақытты, әнді болсын,

Өңірлері осындай сәнді болсын!

Достық пенен жастық шақ жалын атып,

Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!

Халқыңа қалаулы бол,

Еліңе елеулі бол.

Бір баламыз екеу болсын

Жас жұбайлар одағы бекем болсын.

Егіз аққу сияқтанған достарым,

Бастапсыздар жұбайлы өмір – дастанын.

Мықты болсын тіккен ордаң – отауың,

Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.

Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,

Шарықтасын құт – береке – ырысың.

Отауың да кішігірім – Отаның,

Мәңгі болсын,

Мәнді болсын Ұлысың!

Біздің үйде той боп жатыр –

Бақыт – Гүлнұр отау тікті бас қосып,

Жүрегіміз тіл табысты дос десіп.

Ағайын-жұрт жекжат, жора, нағашы,

Біздің үйде той боп жатыр – кешке асық!

Той болады,

Той жасау да – жақсылық,

Ұл, келінің – болашағың, жас шыбық.

Келіңіздер,

Бір тойлайық бәріміз,

Көрші-қолаң, туыс-жолдас, дос күліп.

****

Загрузка...