Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Көрсеткім келіп тұр": Мөлдір Мұқан асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді

"Көрсеткім келіп тұр": Мөлдір Мұқан асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді
Мөлдір Мұқан. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жаңа баспанасындағы жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрсетті. Өнер иесі балалары үшін жайлы әрі жылы шаңырақ қалыптастыруды армандайтынын айтып, қуанышын бөлісті.

Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында жаңа үйінің қазіргі көрінісін жариялап, жөндеу жұмыстарының барысы туралы әңгімеледі. Әншінің айтуынша, баспананың әрбір бөлшегіне ерекше көңіл бөлініп, жұмыстар алдын ала әзірленген интерьер дизайнына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ол жаңа үйін жай ғана баспана емес, балаларының алаңсыз өсіп, жылдар бойы жайлы өмір сүретін мекеніне айналдырғысы келетінін жеткізді.

"Иә, бұл менің кеңістігім. Жаңа үйімнің әр бөлшегіне назар аударып, үлкен ықыласпен жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының бүгінгі күйін көрсеткім келіп тұр.

Бұл расымен жай ғана жөндеу емес, біраз жылдарға сапалы әрі жайлы жағдай, балаларым үшін ыстық ұя болса екен деген ниетпен жасалып жатқан еңбек.

Қолымда үйімнің әдемі интерьері тұр. Бүгінгі көрініс осындай, апта сайын бөлісіп отырайын ба, айлап емес, жоспарды сапалы түрде апталап жасап тастайтын жігіттер екен. Армандаған үйлеріңіз, сіз ойлағаннан да жайлы болсын, достар. Жанымнан табылған жақсы адамдарым, рақмет. Жаңа үйімдегі жайлылықты асыға күтудемін.

Уақыт қымбат заманда құрылыс материалдарын тасытпай, жиһаздарды да өздері орналастыратын қызметтері тамаша, иә", – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандардың еңбегіне де ризашылығын білдірді. Оның сөзінше, құрылысшылар жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен әрі қарқынды орындап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан сұхбат барысында ер адамның сатқындығы мен отбасы құндылығы туралы пікір білдірген еді.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер, актриса, әнші және тележүргізуші. Ол отандық шоу-бизнес саласында түрлі шығармашылық жобаларды жүзеге асырып, концерттік бағдарламалар ұйымдастыру арқылы танылған.

Өнер иесінің негізгі мамандығы – экономист. Ол жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, еңбек жолының алғашқы кезеңінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Кейін шығармашылық салаға бет бұрып, продюсерлік қызметпен айналыса бастаған. Мөлдір Мұқан түрлі концерттік бағдарламалар мен мәдени жобаларды ұйымдастыруға атсалысқан. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында "ММ" өнер мектебін ашқан.

Продюсер әнші Ақтоты Болышевамен де бірлесіп жұмыс істеген. Кейінгі жылдары жеке шығармашылығына көңіл бөліп, әншілік және актерлік қырынан таныла бастады. Оның орындауында "Өтірік" әні жарық көрген. Сонымен қатар Мөлдір Мұқан "Шәй в большом городе" фильмінің продюсері ретінде де белгілі.

Өнер иесі әлеуметтік желіде белсенді. Ол оқырмандарымен шығармашылық жаңалықтарымен қатар отбасы, бала тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы орны және жеке өміріндегі өзгерістер туралы ой бөлісіп отырады.

Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы

Мөлдір Мұқан көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де танымал. Екеуі ұзақ жыл отбасылы болып, бес бала тәрбиелеп өсірген.

2025 жылдың қараша айында Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Продюсер сұхбат барысында бұрынғы некесінде кездескен қиындықтарды ашық айтып, отбасылық өміріндегі күрделі кезеңдерді еске алған. Оның сөзінше, ажырасуға жұбайының басқа әйелмен қарым-қатынасы болғаны әсер еткен. Мөлдір Мұқан бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жасырмаған. Сонымен қатар ол балаларының әкесін сағынатынын айтып, ажырасқаннан кейінгі отбасылық қарым-қатынасқа қатысты пікірін білдірген.

Ал Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайының сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, балаларына деген сүйіспеншілігі өзгермегенін және олардан бас тартпағанын жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер