Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ауылдың мәңгүрттері, маскүнем, ақымақ”: Желтоқсаншыларға тіл тигізген әйелге іздеу жарияланды

“Ауылдың мәңгүрттері, маскүнем, ақымақ”: Желтоқсаншыларға тіл тигізген әйелге іздеу жарияланды
Фото: Alash.kz ұлттық порталы

Тергеу дерегінше, іздеу шаралары 10 қарашада басталған. Күдіктіні Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр.

Алматыда Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды қорлағаны үшін күдікке ілінген 52 жастағы Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. Қазір ол құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүр, деп хабарлайды kznews.kz.

Жанжал биыл сәуірде Threads желісінде басталған. Паршина Желтоқсан көтерілісіне қатысты жазбалардың астына пікір қалдырып, қатысушыларды «маскүнем», «ақымақ» және «ауылдың мәңгүрттері» деп атаған. Оның қазақ халқына қатысты өзге де қорлайтын жазбалары көпшіліктің наразылығын тудырған.

Осыдан кейін азаматтар полицияға шағым түсіріп, әйелдің жауапқа тартылуын талап еткен. Кейін тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Ал өзі жұмыс істеген жарнама агенттігі оның көзқарастарымен келіспейтінін мәлімдеп, еңбек шартын бұзған.

Қазіргі уақытта Паршинаға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл бап әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруды қамтиды. Аталған құқық бұзушылық үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.