«Булак 2003» ЖШС-нің сатып алынған тауарлардың аудиті

0

Тақырыбы: «Булак 2003» ЖШС-нің сатып алынған тауарлардың аудиті

Кіріспе

Қазіргі экономикалық жағдайға  сай кез келген ұйымның (өндірістік ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі- барынша максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз бәріміз білеміз. Сауда- бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым, тауарды сатып алу- сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай-  өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп,  тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.

Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары ғана айналысады.

Көтерме сауда- тауарларды ірі партиямен өте көп мөлшерде бөлшек сауда ұйымдарына сату болып табылады. Бұл ұсақ көтерме саудамен айналысатын делдал ұйымдар арқылы көтерме бағадан төмен құнымен сатуға  шегерім берген құнымен сату арқылы жүзеге асырылады.

Бөлшек сауда- бұл соңғы тұтынушылардың жекеше қажеттілігіне сай аз мөлшерде тауарларды сату. Бөлшек сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру делдал саудамен айналысатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Сауда ұйымдарында есеп жүргізудің ең негізгі объектісі- тауар болып табылады. Бухгалтерлік есепте сатып алынған тауарлардың есебін жүргізу үшін 2003 жылғы 20 қазанда шыққан типтік бас шоттар жоспарында 222 «сатып алынған тауарлар» деп аталатын аралық шот қарастырылған.

Сатып алынған тауарлардың есебін жүргізудің бухгалтерлік есепте келесідей міндеттері бар:

  • Қоймадағы тауарлардың қозғалысын және түгенділігін мерзімдік, дұрыс себебі;
  • Сатып алынған өнімнің сапасына, ассортименті мен көлеміне бақылау жасау;
  • Сатылып алынған тауарлар бойынша төлемдердің мерзімділігін қадағалау;

Сатып алынған тауарлар келген уақытында кешіктірмей қоймаға,  материалды жауапты тұлғаға тапсырылады.

Менің  жазып отырған дипломдық жұмысым «Булак 2003» ЖШС- нің негізінде жазылған. Мен мұнда саудада,  яғни тауарларды сатып алумен байланысты болатын операциялардың есебі мен оған аудиторлық тексеру жүргізу ерекшелігін ашып жаздым.

Менің жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты сатып алынған тауарларды кіріске алынған кездегі бухгалтерлік есепте болатын қателіктер мен оған тән ерекшеліктерді ашып көрсету.

  1. Сатылып алынған тауарлардың есебі
  2. 1 Тауарлық операцияларды құжаттау

Сауда  ұйымдары тауарларды әр түрлі жағдайда сатып ала алады: жабдықтаушының қоймасынан, теміржол станцияларынан тауарларды сатып алғанда, теңіз порттарынан және басқадай сауда ұйымдарынан кіріске алады. Оны материалды жауапты тұлға кіріске алады да, оған жауапты болады.

Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды сатып алып кіріс етуді- сатып алушы ұйымның тауарға материалды жауапты тұлғасы (қоймашы) жүзеге асырады. Жабдықтаушының қоймасынан тауарларды кіріс ету келесідей жағдайда жүзге асырылады: егер жабдықтаушы ұйым мен сатып алушы ұйым бір жерде орналасқан жағдайда және тауардың сапасын тексеріп алу керек болған жағдайда.

Жабдықтаушы ұйымның қоймасынан тауарларды алып, жеткізу қызметі жүктелген материалды жауапты тұлғаға М- 2А үлгілі сенімхат беріледі.

Сенімхат дегеніміз- сенімхат берушінің өз атынан сенімхат берілген тұлғаға берілген жазбаша өкілеттігі болып табылады. ҚР- ның аймағында сенімхаттың келесідей формалары қолданылады:

  • № М- 2А түбірлі аралық ведомость формасы қолданылады, онда қажетті реквизиттері бар сенімхатты қолдану және беру туралы жазбалар жазылады;
  • № М- 2А типтік аралық ведмость формасы, ол берілген сенімхаттардың алдын-ала нөмірленген және тігілген журналы болып табылады. Берілген сенімхаттарды есепке алу журналы, сенімхаттарды беру және тіркеу үшін оған жауапты қызметкерде сақталады.

Сенімхат- материалдық жауаптылық бойынша келісім шартқа отырған тұлғаларға ғана беріледі. Егер сенімхат материалдық жауаптылық бойынша келісімге отырмаған тұлғаларға берілсе, ол біржолдық болып саналып, ол тұлғадан біржолдық материалдық жауаптық туралы қолхат алынады. Берілген сенімхаттың қызмет көрсету мерзімі осы ұйымның басшылығымен бекітіледі. Сенімхат бухгалтерлік есеп әдістемелік департаментінің бұйрығы мен ҚР – ның қаржы министрлігінің қабылдаған бұйрығына сай жүргізілуі қажет. Сенімхатқа ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылып, мөрі басылады. Сенімхат берілген тұлғаның аты-жөні және басқадай анықтамалық мәліметтері толтырылмаған сенімхат ешқашан қолға берілмейді. Жабдықтаушының қоймасынан алынуға тиісті тауарлардың тізімі, сенімхаттың екінші жағында жазылады. Егер алынатын тауар ассортименті атауы, түрі бойынша үлкен және біркелкі болып, ал бағасы жағынан әртүрлі болса, онда оларды бір ортақ құнымен көрсетуге болады.

Егер тауарларды бір қоймадан бірнеше накладной арқылы алу керек болған жағдайда сенімхат беруші бір ғана сенімхат беріп, онда бірнеше накладнойлар бойынша тауарды алу құқы жазылады. Ал егер бір сенімгер тұлға бірнеше қоймадан тауар алу керек болған жағдайда, оған әр қоймаға бөлек әртүрлі сенімхат беріледі.

Сенімхат оның қызмет ету мерзіміне тәуелсіз тауарлы материалды құндылықтарды ең бірінші рет алған уақытында тауарды берушіге беріледі.

Сенімхат бойынша алынған тауарлар бойынша материалды жауапты тұлға тауар сол күні алынды ма, әлде белгілі бір бөлігі алынды ма соған қарамастан келесі күні ұйымның бухгалтериясына жасалған жұмыстар мен тауарлардың қоймаға өткізілуі туралы есеп беруі тиіс.

Сенімхаттың қызмет ету мерзімінің ішінде есеп бермеген материалды жауапты тұлғаға келесіде сенімхат берілмейді.

Сенімхат алынған материалды жауапты тұлға осы сенімхат бойынша өзі жеке қызмет етеді. Сенімхат берілген тұлға осы сенімхатты үшінші жаққа тек сенім берушінің рұқсатымен және оның осы үшінші жаққа берген өкілеттігімен ғана тапсыра алады. Үшінші жаққа берілген сенімхаттың қызмет көрсету мерзімі алғашқы мерзіміне теңестіріледі. Сенімхат алушыдан берілген сенімхатты қайтарып алған кезде ұйым тауарларды жабдықтайтын тауарлы материалды жауапты тұлғаға міндетті түрде хабарлау керек. Іске аспай, қолданылмаған сенімхаттар мерзімі өткен соң келесі күні қайтарылады. Қолданылмаған сенімхаттарды қайтарғанда ұйымның берілген сенімхаттардың есебі деп аталатын журналында, ол сенімхаттың түбіршегіне «қолданылмаған» деген жазу жазылады. Мұндай сенімхаттар, оған жауапты тұлға да есеп кезеңінің соңына дейін сақталады. Есепті кезеңнің  соңында қолданылмаған сенімхаттарды жояды. Жабдықтаушы тауарларды бөлек- бөлек шығыс еткенде әр бөлек тауар шығысына оның шығыс ету мерзімі, нөмірі көрсетілген үш даналы накладноймен жүргізіледі. Осы накладнойдың бірінші данасы- тауарларды алушыға, ал екінші данасын жабдықтаушыдағы сенімхатқа тіркеп, әрі қарай тауарлы материалдық құндылықтардың шығысын бақылау үшін сақтайды. Ал накладнойдың үшінші данасы бухгалтерияға тапсырылады. Сенімхат бойынша қоймадан жіберілген тауарлардың құжаттарымен, сенімхаттың өзін қосып, қоймашы бухгалтерияға өткізеді.

Сенімхат бойынша тауарлар келесідей жағдайда жіберілмейді:

  • Толтырылмаған немесе түзетілген сенімхат берілген жағдайда;
  • Сенімхатта көрсетілген сатып алушының жеке куәлігін растайтын құжаттар болмаған жағдайда;
  • Сенімхат берілген мерзімінен шыққан кезде;
  • Сенімхаттың жойылғандығы туралы жабдықтаушы ұйым мәлімдеген кезде;
  • Сенімхат берген ұйымның қызметі жойылған кезде;

Салушының қоймасына тауарды жабдықтаушы көмегімен жеткізгендегі операциялардың құжатталуы

Сатып алушы ұйымның материалды жауапты тұлғасы (завсклад,          қоймашы) жабдықтаушының экспедиторы әкелген тауарларын брутто салмағымен, алған орнының санына қарай, екі данада берілген мәліметтермен салыстыра отырып кіріске алады. Егер жабдықтаушылардан кірістелген тауарлардың жетіспеушілігімен басқадай айырмашылығы болмаған жағдайда, осы ұйымның материалды жауапты тұлғасы тауарлы- көліктік накладнойға өз қолын қойып ұйымның кіріс ету штампын қояды. Бұл накладнойдың бірінші данасы ұйымда, ал екіншісі жабдықтаушыға беріледі. Тауарлы- транспорттық накладнойларда берілген мәліметтер мен нақты келген тауарлардың арасында айырмашылық анықталған жағдайда және бүлінген қораптар болған жағдайда сол жетіспейтін тауарларға акт жасалады. Егер бүлінген қораптар тауардың салмағына әсер ететін болса, онда бұл тауарларды нетто салмағына және санына қарай кірістейді. Тек жетіспеген бүлінген, яғни айырмашылық табылған тауарларға ғана акт жасалады. Айырмашылық табылмаған тауарлар актіге кірмейді және актіде «басқадай тауарлары материалды құндылықтар бойынша айырмашылық жоқ» деген жазу жазылады. Табылған айырмашылыққа жасалған актілер екі дана етіп жасалып, оған осы тауарлы материалдық құндылықтардың кірісі  мен шығыс етуіне қатысқан тұлғалар қолын қойды. Актінің бір данасы тауарды, тауарлы материалды құндылықтарды қабылдайтын ұйымға, ал екінші данасы тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаға беріледі, бірақ ол келешекте бухгалтерияға тапсырылуы тиіс. Бұл акт жабдықтаушыға сатып алушы ұйым өз претензияларын қоюға негіз береді.

Тауарларды теміржолмен жеткізген кездегі құжатталуы

Тауарларды теміржолмен жеткізген кезде тауарларды кірістеу вагон, контейнер, цистерналар мен теміржол қоймаларынан алынған кезде сол жерде кіріске алынып жүргізілуі тиіс. Тауарды сатып алушы ұйымның қызметкері, жүкті тасымалдау накладнойының негізінде және жүкті тасымалдаушы ұйымның қызметкері мен жабдықтаушының қызметкерінің қатысуымен қабылдап алынады. Тауарды қабылдап алуға дейін ол жүк келген вагондардың (контейнер, цистерна) түгенділігін, пломбалардың барлығын, түгенділігін, пломбалаған ұйым мөрінің айқындығын тексереді.

Жабдықтаушының құжатынсыз келген жүкті, нақты келген тауар мен есептің құны акт негізінде кіріске алады. Құжатсыз келген тауарларды жабдықтаушы қызметкерінің қатысуымен немесе тәуелсіз бақылаушының қатысуының жағдайында жүзеге асыре керек.

Вагонмен (контейнер, цистерна) жағымды жағдайларда келген тауарларды оның алған орнының көлемімен, брутто салмағына сай кірістейді, ал егер тауар қорапқа қапталмай келген жағдайда оны нетто салмағымен кіріске алады. Тауарларды келешекте тексеріп қарау ұйымның өз қоймасында жүзеге асырылады.

Тауарлық материалдық құндылықтарды тасымалдағандағы вагондардың бұзылуы, бүлінуі жағдайларында немесе пломба болмаған жағдайда тауарды алушы тұлға бүкіл жүкті таразыға тартып немесе жеке- жеке тексеріп, санап кіріске алуы тиіс. Мұндай процедуралар тауардың саны мен сапасын бақылап қадағалау үшін және жүк бөлінгенде, атауы сәйкес келмегенде, тауар массасы, саны, вагон пломбалары сәйкес келмегенде жүргізіледі. Анықталған барлық жетіспеушіліктер мен айырмашылықтар формасы мен мазмұны бойынша себебі жазылған актілерде көрсетіледі. Мысалы, вагон (контейнер, цистерна) тұтастылығы бұзылғанда, пломбаның болмаған жағдайында, берілген мәліметтер мен нақты тауарлардың сапасы мен саны туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі және т. б.

Тауарларды кірістеудің дұрыстығын сақтай отырып құрылған акт ол тауарды жеткізген және жабдықтаған ұйымға кіналарын мойындауға берілген толық заңды құжат болып табылады. Тауарды жеткізген көлікті босатқаннан кейін ол тауарды сатып алушының қоймасына немесе уақытша сақтауға теміржол қоймаларына өткізу қажет. Егер тауар су, ауа және автокөлікпен тасымалданған кезде ол тауарды жоғарыда аталған операциялар сияқты кіріске алады. Басқадай қызмет көрсетуші көлік ұйымдарының көмегімен жеткізілген тауарға оған материалды жауапты тұлға, яғни қоймашы жауапты болады (автокөліктің жүк тиейтін жағын тексеру, егер ол жабық типті болса, жүкті пломбалап, ұйымның қоймасында тауарды кірістегенде оның салмағын, көлемін, санын тексеру қажет).

  • Халықтан сатып алынған тауардың құжатталуы

          Сауда ұйымдары тауарларды халықтан да сатып алады. Бұл жағдайда сатып алушы ұйымның материалды жауапты тұлғасы сатушының (халық) аты- жөні, инициалы, РНН, сатып алынған тауарлардың аты мен бағасын және жалпы сатып алу құнын, көрсетілген сома көрсетілетін сатып алу актін жасайды. Салық органдарымен есеп жүргізу ыңғайлы болу үшін бұл актіде  жеке тұлға табысынан салықтар ұстамас үшін оның алған патентінің номері мен қызмет ету мерзімі көрсетілуі тиіс. Егер жеке тұлға базарда тұрып сату үшін өз орнына біржолдық төлем төлесе, сатып алу актісінде осы квитанцияның номері мен сомасын көрсету қажет, ал бұл біржолдық талон бойынша төленгені жайлы сатып алу актісіне базар әкімшілігінің қолы мен мөрі басылуы тиіс. Жоғарыда аталған құжаттадың болмауының нәтижесінде тауарды халықтан сатып алған ұйым Салық Кодексінің 29 бабына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды бұл заңның 1 тарауы 50 бабына сай есепке алады. Жек тұлғалардан тауарларды сатып алу актісінің формалары келесіде көрсетілген.

Тауарларды ұйымның балансына кіріс ету келесідей құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

  • Номерлік тәртібі мен құрылған мерзімі көрсетілген шот- фактуралар, тауарларды сатушы және сатып алушы ұйымдардың РНН- і, жеткізілген тауарлардың атауы мен саны, ққс салығы қосылмаған тауарлардың құны, акциз құны қосылған және қосылмаған тауарлардың құны, тауарларға салынатын акциз салығының сомасы, ққс сомасы, ққс ставкасы, ққс сомасын қоса есептегендегі тауарлардың құны;
  • Тауарлық транспорттық накладнойлар;
  • Накладнойлар және тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғалардың жазған басқадай құжаттары;

Бөлшек саудамен айналысатын ұйымдарда тауарлардың қозғалысын құжаттау

Мұндай тауарлардың қозғалысының біршама ерекшеліктері бар. Тауарлардың өзара ұйым арасындағы қозғалысы- тауардың ішкі қозғалысы деп аталатын құжаттармен рәсімделеді. Бұл осы ұйымның филиалдары, өкілеттіктері немесе саудалық дүкендері шебінде жүзеге асырылады.

Шыны ыдыстарға қапталған тауарларды кірістеудің құжатталуының біршама өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жабдықтаушыдан алынған шыны ыдыстарына қапталған тауарлар жай тауарлар негізінде, ал халықтан алынған тауарлар кіріс ету накладнойының негізінде кіріске алынады. Дүкендерде болса тауар нетто салмағына байланысты кірістеледі. Егер оның саны мен сапасы бойынша айырмашылықтар табылса, оған акт жасалып, бұл ұйым 10 күннен астырмай жабдықтаушыға өз претензиясын қоя алады. Мұндай претензиямен қатар ұйым тауарлы транспорттық накладнойдың көшірмесін, акт, пломба және басқадай кінә қоюды растайтын құжаттарды қосып береді. Ал кінәлі жақ өз жауабын 10 күн ішінде беруге тиіс.

Қойма есебін жүргізу тәртібі және құжат айналымы

          Қойма есебін жүргізу тауарларды сақтау әдісіне тәуелді. Тауарды сақтаудың екі әдісі бар:

  • Партиялық
  • Сорттық

Партиялық әдіс бойынша әрбір келіп түскен тауарлардың партиясын

жеке орналастырып, бөлек сақтайды. Әр келіп түскен партияға тауарлық белгі беріп, кірістелген тауарларға қояды. Тауарлар қоймадан шығыс етілгенде материалды жауапты тұлға шығыс ету құжаттарында шығыс етілетін партияның номерін көрсетеді. Сонымен қатар әр бөлек партияға берілетін белгіде шығыс құжаттарының номерлері көрсетіледі.

Сорттау әдісі бойынша тауарларды сорты, түрі және атауына байланысты бөлек сақтайды. Келесі келіп түскен тауарларды сорты мен түріне байланысты бөліп, әр бөлек атауы бойынша қоймадағы тауарлар қатарына қосады.

Қоймадағы тауарлардың есебін жүргізуде материалды жауапты тұлға әр тауардың түрі мен атауына бөлек қоймалық карточка ашып, есебін жүргізеді. Тауарлардың әр бөлек түрі мен  аталуына бөлек карточка ашылып, онда ол тауардың прейскуранты бойынша  номерлерін, өлшем бірлігін, есепті бағасы мен қалдық қорын көрсетеді. Мұндай кітап қоймашыға номерленген, саналған түрде оның қолы қойылып беріледі. Ал қолданылған кітаптар мен карточкаларды бухгалтерияға тапсырады. Ол құжаттар бухгалтерлік (аналитикалық) талдамалық есепті жүргізу құжаттарымен бірге сақталады. Қоймашы өз кітабына (карточкасына) кіріс, шығыс құжаттарының негізінде тек сандық мөлшері бойынша ғана жазылып, күннің соңында күнделікті қалдықты шығарып отырады. Қоймашының тауарлық кітапшасында жүргізген есебі мен жазуларының дұрыстығын ұйымның бухгалтериясы аптасына бір рет тексеріп отыруы тиіс.

Қоймадағы тауарлардың дұрыс сақталуы мен қозғалысын бақылау үшін оған материалды жауапты тұлға әр есептілік кезеңде белгіленген мерзімде ұйымның бухгалтерясына есеп береді.

Тауардың қозғалысы мен сақталуы бойынша берілген кеңінен таралған құжат- тауарлық есеп болып табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады. Тауарлық есеп беру құжатының бірінші бетінде ұйымның атауы, тауар бірлігі және құрылымдық бөлімшелердің атауы, материалды жауапты тұлғаның аты- жөні, тауар қалдығы, құжаттың номерлері және тауарлық есеп беру құжаты құралып отырған кезеңі беріледі. Тауарлық есеп беру құжаттарын жыл басынан жыл аяғына дейін бірінші данасынан бастап номерлейді. Тауарлық есеп беру құжаты тауарлық баланс құрылымын ашады, онда тауарларды есептеу кезеңінің басында және есепті кезеңде келіп түскен тауар қалдығы осы есепті кезеңнің соңында қалған қалдыққа және есепті кезеңде шығыс етілген тауарларға өзара тең болуы керек.

Есепті кезеңнің басындағы тауарлық қалдықты өткен кезеңде жасалған тауарлық есеп берудің соңғы қалдығынан шегереміз. Тауарлық есеп беру құжатының кіріс ету жағына тауарлар келіп түскен құжаттардың мерзімі мен номері және келіп түскен тауарлардың сомасы жазылады да, осы есепті кезеңде кіріс етілгенде тауарлардың жалпы сомасы жазылып, есепті кезеңнің аяғында шығыс етілген тауардың жалпы сомасын есептейді.

Құжаттар бойынша есеп беруді жеңілдету үшін оларды белгілі бір кезектілікпен жазу керек. Мысалы, кіріс бойынша: жабдықтаушылардан, өз қоймаларынан ішкі қозғалыс және басқадай кірістер; ал шығысы бойынша: сату, жабдықтаушыларға тауарды қайтару ішкі қозғалысы және өз қоймасына қайтару және басқадай шығындар.

Әр кірістер мен шығыстардың құжаттарын хронологиялық тәртіппен орналастыру қажет. Тауарлық есеп құжаттарының бәріне есептіліктің соңында жазбамен жазып тіркейді. Тауарлық есеп беру құжатына материалды жауапты тұлғаның қолы қойылып, басқадай құжаттармен қоса ұйым бухгалтериясына өткізеді. Бухгалтерлік есептің стандартына сай материалды жауапты тұлға өзі осы ұйымның басшылығының рұқсатымен өзінің жұмысына сай келетін құжаттар қоя алады, бірақ онда оның жеке реквизиттері міндетті түрде болуы керек.

Енді көтерме сауда ұйымдарында тауарларды сату барысындағы құжатталуымен танысайық. Көтерме саудамен айналысатын ұйымдарда қолданылатын құжаттары келесідей:

  • Шот- фактура
  • Накладной, егер сатып алынған тауар ұйымға автокөлікпен жеткізілген болса, тауарлы- көліктік накладной.

Тауарлы көліктік накладной және т. б құжаттар бойынша тауарларды қоймадан жіберу тауарлардың шығыс етілу жері мен сатып алушылардың төлем түріне байланысты болады.

Егер сатып алушы тауарды өзі келіп алса, онда сауда бөлімі жіберілген тауарлар саны мен атауы көрсетілген бұйрық құжат беріледі. Бұл құжаттың негізінде тауарлы көліктік накладной жасалады, онда бұл тауардың атауы, бағасы, саны, артикулы, номенклатуралық номері көрсетіледі. Бұл құжаттардың негізінде тауарларды жинайды және жиналған тауарларды қаптауға немесе жеткізіп беруші экспедиторға беріледі. Сатып алушы сатушының қатысуынсыз бұл тауарларды кірістейді, сондықтан да тауарлардың қоймадан дұрыс шығыс етілуін және жіберілуін қадағалау керек. Тауардың әр бөлігін қаптаған кезде оларға тауарлық белгі беріледі. Тауарлық белгінің бір данасын қаптау, маркілеу орнына қояды. Мұндай тауарлық белгіде тауарды қаптаған және тексерген тұлғаның аты- жөні жазылады. Тауарларды қаптап біткен соң оған арнайы штамппен мөр қойылып, сатып алушы ұйымның аты- жөні және мекен- жайын, бағасын, санын, атауын көрсетеді.

1.3 Тауарларды бағалау

Тауарларды бағалау дегеніміз- тауарларды кірістеу және шығыс ету үшін есеп құнын таңдау. Бұған сатып алу құны мен сату құны жатады. Тауарлардың есеп құны ұйымның есеп саясатында белгіленеді және біртипті тауарларға қатысты ерекшеленген болуы керек. Сатып алу құнына келесідей шығындар кіреді: сатып алу құнын, баж салығының сомаларын, аралық қызмет көрсетуші ұйымдарға комиссиондық сыйақылар төлеу шығындары, тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алумен тікелей байланысты көліктік тасымалдау және басқадай шығындар. Тауарлы шегерімдер, артық төлемдерді қайтару және басқадай ұқсас түзетулер сатып алуға кететін шығындарды анықтай алмаған кезде шегеріледі.

Сатып алу құны есепті құн ретінде тек көтерме сауда ұйымдарында ғана болады. Сату бағасы- бұл соңғы тұтынушыларға сатылған тауар құны. Сату құнына келесілер кіреді:

сатып алу құны- тауарларды жабдықтаушыдан сатып алған және материалды, тауарлы транспорттық накладной, кедендік декларация құжаттарының негізінде танылған құнымен;

акциз – тауарлардың келесідей түрлеріне салынады: арақ- шарап және темекі өнімдеріне, жеңіл автокөлікке, қымбат зергерлік бұйымдар және т.б. Акциз ставкасын тауар құны немесе натуралды өлшемдегі физикалық көлемге пайыздық қатынасты Үкімет қана қояды. Арақ-шарап өнімдеріне олардың құрамындағы спирттің мөлшеріне қарай салынады;

          ққс салық сомасы- тауарлардың барлық түріне келесідей ставкамен анықталады: 0 %- экспортты тауарларына, (егер мақта-мақта, тігу, аяқ-киім тігу өндірістері өз тауарларын өз дүкендері арқылы сатса), 10 %- ет, балық сүт тағамдарын, нан, жұмыртқа, май және т. б жеңіл тамақ өндірістеріне, басқадай тауарлардың бәріне 15 %  ққс салынады. Ал ққс салығы салынбайтын тауарларға келесілер жатады: дәрі- дәрмек, газет- журнал өнімдері, орташа және жоғары оқу орындарына шығарылған оқу құралдары, балаларға арналған оқулықтарға; ҚҚС- тауарларды шығыс ету құнының шамасынан есептеледі.

Саудалық қосымша- бұл осы ұйымның негізгі қызметінен табыс табу үшін қосатын қосымшасы.

Тәжірибеде көоіп отырғанымыздай бөлшек саудамен айналысатын сауда ұйымдары мен дүкендердіің барлығы тауарларды есепті құны бойынша есепке алады. Бұл нормадан жоғары жетіспеушілік болған жағдайындағы материалды жауапты тұлғаның жетіспейтін тауарларының сомасы шегінде төлеі міедеттілігін көрсетеді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей тауарлардың есебін жүргізуді дұрыс ұйымдастыру.

Кез- келген ұйымда тауарларды кіріс ету есебі үлкен есепті қажет етпейді, өйткені тауарлардың  кіріс етілуі құжаттарға сәйкес рәсімделеді (тауарлы- көліктік накладной). Ал қоймаларындағы тауарлардың есебін жүргізуі де шығыс, кіріс ету құжаттарына сай жүргізіледі. Қиындықтар бөлшек сауда дүкендерінде тауар есебін жүргізу барысында пайда болады. Мұның негізгі есебі, сатып алушыларға тек бақылау кассалық аппарат арқылы чек соғып беруде, мұндай жағдайда бұл күнде болған тауарлық операциялардың яғни сатылған жеке тауардың құнын біз көре алмаймыз, тек жалпы сату сомасын ғана көреміз. Мұны келесідей формула арқылы есептей отырып анықтауға болады:

Сатылған                 Жұмыс күнінің        Сатып алынған          Жұмыс соңына

тауардың құны =    басына сатып      +   бағасы бойынша     — сатып алынған

сатып алынған        алынған бағасы        түскен                        бағасы бойынша

бағасы бойынша     бойынша                   тауарлардың құны    қалған тауардың

тауардың қалдығы                                           қалдығы

Қалдық шамасын бұл жағдайда түгендеу жасау арқылы ғана анықтауға болар еді, ал ол болса өте көп уақытты қажет етеді.

Бөлшек сауда ұйымдары тауар есебін жүргізуді жеңілдету үшін және қиындықтарды туғызбас үшін сату бағасы бойынша есеп жүргізу әдісін қолданады. Бұл әдіс есеп бойынша сатылған тауарлардың сомасын анықтауға мүмкіндік береді, өйткені бұл сома сатудан түскен түсім болып, бақылау кассалық аппаратарынан чектерді шығарғанда тіркеледі. Мұндай жағдайда керек кезде тауардың есепті қалдығын кез- келген уақытта анықтауға болады.

Тауардың сатып алу құны бойынша есебін жүргізу тек қана көтерме саудада ғана қолданылмайды. Бөлшек сауда ұйымдарында тауарларға штрих- код қою арқылы есепті жеңілдетуге болады. Штрих- код бірнеше вертикалды сызықтардан тұратын белгі болып табылады. Штрих- кодтағы сызықтар- шығарушы елді, тауар сипаттамасын және бақылау санын көрсетеді.

Дүкендерге жаңадан тауар келіп түскенде оның атауы, ерекшелігі, саны және сату құны бойынша мәліметтерді белгілі бір құралмен компьютердің жадысында анықталады. Келешекте тауарлар сатылған кезде компьютер автоматты түрде қанша тауар сатылғандығын көрсетеді және оның негзінде сатылған тауарлардың сату құны анықталады. Есептеу техникасының құжаттауға және тірекуге жатпайтын мәліметтері тек түгендеу жүргізу арқылы ғана анықталады.

Жоғарыда айтылған есептеу келесідей құндылықтарға қолданылмайды: қарындаш, қалам. Мұндай ТМҚ- дар сатылған тауардың сатып алу құнын жоғарыда көрсеткен формула арқылы есептейді.

Ұйым есеп құнын таңдауы, яғни сатып алу құнымен сату бұл ұйымға өте маңызды, бірақ тауарлар қозғалысының есебін дұрыс ұйымдастыру мақсатында ұйымның есепті саясатында келесі әдістердің бірі қолданылады:

  • Арнайы идентификациялық әдіс
  • Орташа өзіндік құн әдісі
  • Фифо әдісі (бірінші шығыс етілген ТМҚ- ның құнына)
  • Лифо әдісі (соңғы кіріс етілген ТМҚ- ның құнына)

«Булак 2003» ЖШС-де жоғарыда ұйымның есеп саясатында айтылғандай келіп түскен тауарлы материалды қорларды бағалаудың орташа өзіндік құнын есептеу әдісі қолданылады. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған әрбір материалдық құндылықтардың бағасы олардың, яғни материалдық құндылықтардың кіріске алғандығы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмайтын жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны субъектідегі материалдардың есепті айдың басындағы қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың  ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың шығындырының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

Енді мыасл ретінде осы ұйымға наурыз айында келіп түскен таурлы материалды құндылықтардың бағалануын көрсетейік:

Мысалы,

01.03.2004       5т*15 мың=75 мың

09.03.2004                              8т*13 мың=104 мың

15.03.2004       10т*10 мың=100 мың

29.03.2004                              5т*9 мың=45 мың

Жалпы тауардың саны- 28 тонна

Келіп түскен тауардың бағасы- 324 мың теңгені құрады. Енді өндіріске жалпы алғанда наурыз айында 15 тонна материал шығыс етілген болса, онда оны орташа өзіндік құны әдісі бойынша келесідей есептейді:

Келіп түскен тауардың құны/ санына= орт. өзіндік құны

324 мың/ 28= 11,6 мың тг- ні құрап отыр. Енді жалпы шығыс етілген тауарлардың құнын табу үшін: 15т*11,6 мың= 174 мың тг- ні құрайды. Ал қоймада қалған ТМҚ: 324 мың- 174 мың= 150 мың сомада материал бар.

  • Сатып алынған тауарлардың синтетикалық есебі

          Енді сатып алынған тауарлар есебінің бухгалтерлік есепте рәсімделіп кіріске алынуын және көрініс табуын қарастырайық.

  • Жабдықтаушылардан келіп түскен тауарлы материалды құндылықтар олар бойынша есеп айырысу құжаты кегеніне қарамастан кіріске алынады. Құны төленіп, ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы қоймасынан әлі алынбаған тауарлар ай аяғына қоймаға кіріске алынбай көрсетіледі. Келесі айдың басында бұл сома сторно етіледі. Төленген сома материалдық құндылықтарды алғанға дейін алашақ борыш болып саналады. Оған келесідей бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 222, 223, 201- 206 Кт 671
  • Кіріске алынған тауарлы материалдық құндылықтардың құны кассадан (қолма- қол) ақшамен төленді:

Дт 222, 223                 Кт 451, 452, 441

  • Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатып алынған тауарлы материалдық құндылықтарға:

Дт 222             Кт 333

  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келісілген бағасы бойынша тегін (қайтарымсыз) келіп түскен материалдарға:

Дт 222, 223     Кт 727

  • Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар
  • Шаруашылық субъектісінің өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған тауарларды кіріске алу:

Дт 222, 223      Кт 900, 920

  • Алынған тауарлардың құны (бағасы) және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді:

Дт 222, 223      Кт 421- 423

  • Түгендеу кезіндегі артық шыққан тауарды кіріске алу:

Дт 222, 223      Кт 727

  • Еншілес және тәуелді серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған тауарлар:

Дт 222, 223      Кт 641- 643

  • Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған тауарларды есептен шығару (жауапты тұлға болмаса немесе табылмаса):

Дт 821              Кт 222, 223

Сатылған, есептен шығарылған тауарлардың құндылықтардың нақты өзіндік құны:

Дт 845               Кт 222, 223

  • Түгендеу барысында жоқ болған материалдарға жауапты адам табылып, ол адамның төлеуге тиісті есептелінген сомасы:

Дт 333              Кт 222, 223

  • Басқа заңды тұлғаларға, шаруашылық субъектісіне немесе жеке адамдарға қайтарымсыз берілген тауарлар:

Дт 845              Кт 222, 223

Тауарға материалды жауапты тұлғадан бухгалтерияға келіп түскен құжаттар бухгалтерияда жиналып, кіріске алынады. Келіп түскен құжаттардың бірінші данасы- есепке тіркеледі де, екінші данасы- тауарларды сақтау қоймаларында, қоймашыда қалады. Олар бухгалтерия мен қоймадағы мәліметтерді салыстырып, сәйкестендіру үшін қажет.

Келіп түскен тауарлар, шаруашылық операцияларының мазмұнына байланысты № 6, 7 бухгалтерлік есеп регистрлерінде тіркеліп есепке алынады.

  • Сатып алынған тауарлардың аудиті
  1. 1 Сатып алынған тауарларға аудит жүргізудің ақпараттық көзі

Аудит экономика информациясы жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, информация ағынын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер: информация қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс процесін нақты, дұрыс көрсету; бөлу, тұтыну және сату процесінің информациясын анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі, әр түрлі есептеуші құрылымдардан анықталатын информациялардың бірдей болуы; оперативтік информация, ЭВМ қолдануда жан- жақты талдау жасауға ыңғайланған информацияны жоспар жасауға және басқару процесінде қолдану принципі.

Қазіргі  кездегі кәсіпорын информациясына, мазмұнына төмендегідей түсініктеме беруге болады. Экономикалық информация мазмұны жағынан өте күрделі, құрамы жан- жақты болып келеді. Ал келешекте оның мазмұны мен құрамы одан әрі күрделі бола бермекші. Сонымен қатар қазіргі өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне сәйкес олардың мазмұнын басқару шешімін қабылдау үшін жеткілісіз болуда. Ал информация ағымы күннен күнге көбеюде. Сондықтан да оған ғылыми талдау жолын қарастыру қажет. Ондағы мақсат оның ағымын жүйеге келтіру керексіз информация ағымына тежеу жасау.

Аудит информациясының көзі, олар бухгалтерлік аналитикалық және есептен тыс мәліметтер. Бухгалтерлік есеп информациясының түрлеріне жататындар: бухгалтерлік есеп және ақпараттары, статистика және статистика ақпараттары, талғамалы есеп көрсеткіштері. Бухгалтерлік есеп және оның ақпараты аудит информациясының көзі ретінде ең негізгі болып саналады. Себебі, ондағы мәліметтер әрқашанда дұрыс есеп құжаттары арқылы анықталған мәліметтер. Оның көрсеткіштері кәсіпорынның бизнес жоспарының орындалуын жүйелі түрде бақылау, талдау арқылы қорытындалған нәтижесін көрсетеді. Онда кәсіпорынның негізгі құралының, өндіріс қорының, дайын өнімнің қозғалысы түгелдей нақты есеп арқылы топталынған, бір жүйеге келтірілген. Ол үшін бухгалтерлік есептің ғылыми әдістері қолданылған. Мысалы, үздіксіз түгелдей бақылау арқылы шаруашылық операцияларын құжатқа тіркеу арқылы бухгалтерлік шоттар жүйесіне тіркеп, топтау әдістері қолданылған.

Статистикалық есеп және оның ақпараттары аудит информациясы ретінде қоғамдағы экономикалық көпсанды құбылыстар арасындағы заңдылықтарды жүйеге келтіретін есеп тұлғасы. Оның ерекшелігі шаруашылық процесіндегі фактілерді, операцияларды тек санымен ғана көрсетіп қана қоймай, оның мазмұнын толық қамтиды. Сондықтан да, ол құнды информация. Себебі, статистика есебінің информациясы арқылы  экономикалық талдау жасалынады да, оның қорытындысы аудит қызметінде өте құнды материал.

Оперативтік есеп және оның ақпаратты өзінің негізгі міндетіне  сәйкес кәсіпорын шаруашылығының әр кезеңдегі процесін қамтитын болғандықтан және де басшылық процесінде тікелей қолданылатын болғандықтан, оның аудит информациясы ретінде алатын орны ерекше болады. Әсіресе, ішкі аудит қызметінде оның ролі өте күшті. Өйткені, ішкі аудиттің жұмысшылары да, кәсіпорын басшысы да оперативтік есеп информациясына сүйене отырып жедел дұрыс шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде фактілерге талдау жасап тиімді шешім қабылдайды. Аудит қызметінің даму жолында талғамалы есеп көрсеткіштері өте қажет информация болып отыр. Себебі, аудит өте тығыз уақытта өткізіледі, оған көптеген себептер бар. Сондықтан бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік есеп көрсеткіштерінің ішінен тек қажетті болған информацияны талғамалы әдіспен қолдану аудит қызметінде тиімді  информация көзі болып отыр. Тағы оның ерекшелігі информация ретінде алғашқы есеп құжаттарынан алынады.

Есептен басқа аудит информация көзіне жататындар: ішкі және сыртқы ревизия материалдары, ішкі және сыртқы аудит материалы, салық инспекциясының материалдары; басылымға шыққын материалдар; ұжым жиналысының материалы; сыбайлас кәсіпорынның пікіріне, көзқарасына анықтамалар. Кәсіпорын шаруашылығына аудит тексеруін жүргізу үшін нормативті құжаттар қолданылады. Оның ішінде бизнес жоспар ерекше орын алады, себебі барлық өндірістік шаруашылық, даму жолының жоспары бизнес жоспарымен тығыз байланысты. Одан басқа, аудит процесінде көптеген нормативтік құжаттар тексеруге негіз болады. Мысалы, жан- жақты жоспар көосеткіштері, ереже нұсқау құжаттары, мүлікті бағалау тәртібін анықтайтын құжаттар, мемлекеттік, шетелдің мемлекеттік құжаттары қолданылады. Сонымен қатар аудит тексеруінің барысында аудитор әр түрлі мәліметтерді пайдаланады, оларды өз кезегінде- тікелей және қосалқы мәлімет көзі деп бөледі.

Тікелей мәлімет көзі фактілерге тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар, бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу – опись құжаттары, түгендеу процесінің қорытындысын анықтау актісі. Яғни, нақты материалдық құжаттар тікелей мәлімет көзі болып саналады.

Қосалқы мәлімет көзі- олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорын шаруашылығының кәсіпкер жұмысына қатысты информациялар . Мысалы

Шаруашылық субьектісі басқа сыбайлас кәсіпорындарымен қарым-қатынасын сипаттайтын информациялар .

Бухгалтерілік есеп құжаттары өзінің дәлел көзі мағынасында төрт топқа бөлінеді.

  • Алғашқы құжаттар— топтаушы, өзінше ерікті және қосымша құжаттар болып бөлінеді. Алғашқы есеп құжаттары деп- шаруашылық операциясының нақты орындалғанын немесе орындалуы негіз болатын жазбаша анықтама, онда фактінің саны және сапасы, құрамы туралы өлшемдер көрсетіледі.
  • Топтаушы құжаттар— олар шаруашылық процестерін өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топталған процестерді жинақтап, бір жүйеге келтірілген құжаттар. Теорияда оларды екінші сатыдағы құжаттар дейді. Оған фактілер, шаруашылық операциялары алғашқы құжаттар арқылы тіркеледі.
  • Өзінше ерікті құжаттар— ол құжаттарға мүліктік жауапкершіліктегі жұмысшылардың немесе басқалай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Олар мағынасы, мазмұны, заңдылығы жағынан белгіленген талапқа сай, шаруашылық процесін бақылау жасап отыруға арналған құжаттар.
  • Қосымша құжаттар— ол құжаттар кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір, ойын көрсететін негізінде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын, аудиттік тексеруде көптеген мәлімет көзі болатын құжаттар.

Алғашқы есеп құжаттары арқылы нақты материалдар ресурсының жетпегендігін, ақша қаржысын пайдалануда жіберілген қылмыскерлік, өндіріс процесіндегі кемшіліктер анықталса, топтаушы құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп кестесіндегі көрсеткіштерінің дұрыстығы анықталады. Ерікті құжаттар мен қосымша құжаттар арқылы нақты фактілер дәлелденбейді, бірақ олардың мәліметі арқылы аудиторлық тексеру бағытын, қызметкерлердің жауапкершілігін анықтау негізделеді.

Аудитор өзінің жұмысында осы құжаттар арқылы, фактілерді дәлелдеу мақсатымен жұмыс қағазын жүргізеді. Себебі, тексеру процесіндегі фактілер тек құжаттар арқылы анықталады.

Аудит барысындағы жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн- мағынасына сәйкес топтау, ол аудитор мамандығының деңгейіне байланысты аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі. Аудитор- ревизия актісін жасау үшін сол жұмыс қағазындағы мәліметтерді талдау арқылы өз ойын, қорытындыларын дәлелдейді.

Қорыта келгенде, аудитор әр түрлі құжаттар арқылы жан- жақты материалдар дайындап, шаруашылық субъектісінің табыстылық, қаржылық отчеттарын тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығын дәлелдеп аудиторлық қорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған фактілерге сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.

  • Сатып алынған тауарлардың аудиті

          Сатып алынған тауарлардың ішкі аудитіне келіп тоқталайық, ішкі аудиттің ең басты мақсаты- аудит жүргізіліп отырған объекті туралы нақты дұрыс, объективті мәлімет беру, яғни ұйым қызметкерлерінің өз жұмысын нәтижелі орындауын дұрыс ұйымдастыру үшін қажет. Ішкі аудит- тексеріс жаслып отырған ұйымның қызметін тексеріп, баға беру үшін қажет. Енді ішкі аудиттің міндетіне келіп тоқталсақ, ол осы ұйымның тауарлы материалды құндылықтарының дұрыс жүргізілуін, яғни дұрыс құжатталуын, есепті шоттарда дұрыс көрсетілуін, материалды жауапты тұлғалар тауарлы материалды құндылықтар есебін мерзімінде бухгалтерияға тапсыруын, оның дұрыс жүргізілуін қадағалап жүргізуіне нұсқау беруі қажет.

Дайын өнім- бұл ұйымның өндірістік процестің соңғы нәтижесі болып келетін және оның сипаттамасы заңда көрсетілген талаптарға және келісім- шартқа сәйкес келетін сатуға арналған тауарлы материалдық құндылықтардың бір бөлігі.

Дайын өнім- осы ұйымның бухгалтерлік балансында нақты немесе нормативтік өндірістік өзіндік құны бойынша есепке алынады.

Тиеп жіберілген тауарлар- бухгалтерлік баланста нақты және нормативті құнымен есепке алынады. Ол өз құрамына осы тауармен сатумен байланысты шығындарды қосады.

Дайын өнімдердің (тауардың) есебін жүргізудің алғашқы құжаттары:

  • дайын өнімді қоймаға өткізу бойынша кіріс- шығыс накладнойы;
  • дайын өнімді қоймаға тапсыру туралы акт;
  • дайын өнімнің есебін жүргізудің қоймалық кітапшасы;

Дайын өнімді тиеп жіберудің алғашқы құжаттары:

  • қоймадан таурларды жіберу туралы бұйрық накладнойы;
  • шот- фактура;
  • тауарлы- транспорттық накладной;
  • келісім- шарт;
  • салық салу мақсатындағы шот- фактура;

Талдамалық және синтетикалық есебін жүргізу регистрлері:

  • дайын өнімді шығару ведомості;
  • дайын өнімді сату, тиеп жіберу ведомості;

Ұйымның тауарлы материалды қорлары аудит жүргізу бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуге тиісті. «Булак 2003» ЖШС- де сатып алынған тауарлардың аудитін жүргізу үшін типтік бас шоттар кестесінің 222- «сатып алынған тауарлар» және 223- «басқадай тауарлар» деп аталатын активті шоттар қолданылады.

222- «сатып алынған тауарлар» деп аталатын активті шот негізінен сауда ұйымдарында, аралық және сыртқы экономикалық саудамен айналысатын ұйымдарда қолданылады, ал 223- «басқадай тауарлар» деп аталатын активті шоттар өндіріс және сауда ұйымдарындағы тауарлардың қозғалысын есепке алу үшін қолданылады. Мұндай сауда ұйымдарындағы  сатып алынған тауарлардың есебі саудада қабылданған тәртіпке сай жүргізіледі.

Есепті кезеңде тауарлы материалды құндылықтарға аудиторлық тексеру жүргізу барысында осы ұйымның жұмысын тоқтатусыз жүргізу үшін осы тоқтаусыз түрде  тауарлы материалды құндылықтар мен жабдықтауға және 20 «материалдар» деп аталатын тараудың шоттарындағы материалды құндылықтардың қалдығы туралы дұрыс та анық мәлімет беруге барынша қарулануын қамтамасыз етуі тиіс. Материалды құндылықтар шотының әрқайсысын бөлек және жалпы 20 тарау шоттарындағы қалдықтарды тексеру үшін, яғни олар бойынша аналитикалық және синтетикалық есептің сәйкестігін тексеру үшін айналмалы қалдықтық ведомосттер қолданылады. Ондай айналмалы қалдықтық ведомосттер әр материалды жауапты тұлғаға (қоймаға), №6 тауарлы материалды құндылықтардың қозғалысының ведомосттеріне және бас кітап пен баланстағы қалдығына сәйкес тексеріледі. Қажет болған жағдайда материалды ресурстардың бөлек түріне осы ұйымның қызметкерлерінің қатысуымен кіріске алады.

Бәріміз білетіндей тауарлар мен материалдарды және шикізаттарды біз жабдықтаушылардан, қолма- қол ақшаға сатып алған есеп беруші тұлғалардан немесе тауарлы материалды құндылықтар, негізгі құралдардың жойылуынан материалдарды кіріске алады.

Ұйым бизнес жоспардың өндірістік бағдарламасын анықтап, жасау үшін материалдық ресурстар бойынша қажеттіліктерді анықтайды да, оларды сатып алады немесе өндіреді. Материалдарды сатып алғаннан кейін оларды жеткізіп беру үшін жабдықтаушымен келісім- шарт жасалады. Ол келісім- шартта өнімді жеткізіп беру құқықтары, міндеттері мен екі жақтың жауапкершілігі анықталады.

Келісім бойынша материалды техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуына, материалдар мен тауарлардың уақытында кірістелуіне материалды техникалық жабдықтау бөлімі бақылау жасайды. Оперативті есепте мұндай мақсатта жабдықтау келісімдерінің шарттарының орындалуын тексеретін ведомосттер қолданылады. Бұл ведомостте келісімдегі материалдардың ассортименті, саны, бағасы, жіберу мерзімінің шарттарының орындалуы көрсетіледі. Ал бухгалтерия осы оперативтік есептің жүргізілуіне бақылау жасап отырады.

Ұйымға келіп түскен тауарлар мен материалдар келесідей бухгалтерлік құжаттармен рәсімделеді. Жабдықтаушы ұйым жіберілген тауарлармен қатар оған сәйкес құжаттар жібереді: төлем талаптамасы (екі данада: біріншісі- тікелей сатып алушыға, екіншісі- банкке), тауарлы- транспорттық накладнойлар, темір жол накладнойларына квитанция және т. б құжаттар. Тауардың түсуіне қатысты барлық құжаттарды, ең алдымен олардың толтырылуының дұрыстығын тексеру үшін ұйымның бухгалтериясына, содан кейін жабдықтау бойынша жауапты тұлғаға береді.

Жабдықтау бөлімі келіп түскен тауарларды келісімде көрсетілген ассортиментін, жеткізу мерзімін, бағасын, сапасын оның құжаттарымен салыстыра отырып кіріске алады. Мұндай тексерудің нәтижесінде дәл сол төлем құжатында немесе басқадай құжаттарда оны толық немесе бөліктей акцептеу туралы жазу жазылады. Сонымен қатар жабдықтау бөлімі тауарлардың, жүктің келіп түсуін және қажет болса олардың іздестірулерін де жүргізеді. Міне осы мақсатпен жабдықтау бөлімінде келіп түскен жүкті тіркеу кітабы жүргізіледі. Онда келіп түскен тауарлардың тіркеу номері, жазба мерзімі, жабдықтаушының аталуы, көліктік құжаттың номері мен мерзімі, тауардың шыққан жерінің атауы, кіріс ету актісінің номері мен мерзімі және жүкті іздестіру туралы немесе акцептелмеуі туралы жазбалар жазылады.

Тексерілген төлем талаптамаларын жабдықтау бөлімінен бухгалтерияға, ал көліктік ұйымдардың квитанцияларын- тауарлы жеткізуші экспедиторға береді.

Экспедитор жабдықтаушыдан келіп түскен тауарларды салмағы мен орнына байланысты кіріске алады. Егер экспедитор тауарды қабылдау барысында біршама күмәнді жағдайларға (пломбаның болмауы) тап болса, онда ол осы көліктік ұйымнан жүкті толықтай тексеруді жүргізуді талап етуі тиіс. Егер келіп түскен тауарлар бойынша жетіспеушіліктер немесе бұзылулар анықталған болса, онла дәл сол жерде жабдықтаушыға немесе көлік ұйымына өз претензияларын қоюға негіз болатын коммерциялық акт жасалады.

Алыс жақтарда немесе басқадай қалаларда орналасқан жабдықтаушыдан тауарларды барып әкелуге экспедиторға ол тауарды алуға құқық беретін сенімхат пен нарядтар беріледі. Тауарларды кірістеуде экспедитор тек қана сандық емес, сонымен қатар сапалық жағынан да қарайды.

Қабылданып алған тауарларды оларға берілген құжаттармен экспедитор ұйымның бас қоймашысына өткізеді. Ал қоймашы болса оны жабдықтаушы құжатының мәліметтеріне сай саны мен сапасына байланысты кіріске алады. Қоймашының кірістеген тауарларын кіріс ордерлеріне біржолмен немесе көпжолдық жазумен рәсімдейді. Оның біріншісінде тауарлардың бір түрін ғана кірістегенде, ал көпжолымен санына тәуелсіз қабылданған тауарларға қолданады. Кіріс ордеріне қоймашы мен экспедитор өз қолдарын қояды.

Тауарлық материалдық құндылықтар өзіне сәйкес өлшемде кірістеледі (массалық, көлемдік және біржолдық). Егер тауарлы материалды қорлар бір өлшемде келіп түссе, ал шығысы басқадай көлемде болса, онда есеп осы екі өлшемде жүргізіледі.

Егер жабдықтаушыдан келіп түскен нақты тауарлар мен оның құжаттарындағы берілген мәліметтері сәйкес келмесе, оны кіріске алу үшін комиссия құрылып, тауарларда кірістеу актісі құрылады. Бұл комиссияның құрамына жабдықтаушы ұйымның өкілін немесе ешкімге қатысы жоқ тұлғаны шақырады. Мұндай акт жабдықтаушыдан құжатсыз келіп түскен тауарларға да жасалады (фактурланбаған кірістер).

Тауарларды көлік арқыла тасымалдаған жағдайда, ең алғаш құжат ретінде- тауарлы көліктік накладнойлар қолданылады, оны жабдықтаушы ұйым төрт данада шығарады. Оның біріншісі- жүк жіберушідегі тауардың шығыс етілуін растайтын құжат, екіншісі- жүкті қабылдауға негіз болатын құжат, үшіншісі- көліктік ұйыммен төлем жүргізу үшін және құндылықтарды тасымалдау үшін төлемдерге қосымша ретіндегі құжат және төртіншісі- көліктік қызметтің есебін жүргізуге негіз болатын және жол құжатына қосымша ретіндегі құжаттар. Тауарлы көліктік накладнойлар- егер келіп түскен тауарларда айырмашылықтар табылмаған жағдайда кіріс құжаты болып табылады. Ал егер біршама айырмашылықтар болса, онда оған акт жасайды.

Ұйымның өз ішіндегі тауарлы материалды құндылықтардың бірнеше қойма арасындағы қозғалысына біржолдық немесе көпжолдық накладнойлар толтырылады.

Есеп беруші тұлғалар тауарларды сауда ұйымдарынан, басқадай кәсіпорындар мен кооперативтерден және қолма- қол ақшаға базарлардан да алуы мүмкін. Сатып алынған тауарлардың құнын көрсететін негізгі құжат- тауарлық шот немесе акт болып табылады. Ол актке есеп беруші тұлға тауарды сатып алумен байланысты болған операциялардың мерзімін, құнын, сатып алу жерін көрсете отырып толтырады. Есепті тұлға мүмкіндігінше алынған тауарды сатқан тұлғаның жеке куәлігінің номерін көрсетуі қажет. Бұл акт оның аванстық есебіне қосымша ретінде тіркеледі.

Ұйымның қоймаларына тауарлы материалдық қорларды кірістеу ережелерін жақсы біле отырып, аудитор олардың дұрыс құжатталуына және бухгалтерлік жазбаларына аса көңіл бөлуі қажет.

Тауарларды кіріс етуге бақылау жабдықтаушыдан келіп түскен төлем құжаттарына талдау арқылы жүргізіледі. Мұндай құжаттарға төлем талаптамалары, шот фактуралар, әр түрлі қосымшаларымен тауарлы транспорттық накладнойлар (ерекшеліктеріне байланысты сертификаттары, сапалы куәліктері) жатады. Ұйымға келіп түскен тауарлар уақытында тиісті қоймаға қабылдануы тиіс, оның қабылданғаны туралы накладнойға белгі қойылады. Бұл жағдайда қоймашы кіріс етілген тауарлардың нақты саны мен қай қоймаға жіберілгендігін көрсетеді.

Бұл құжаттарға тексеріс жүргізумен қатар аудитор олардың бухгалтерлік есепте қалай көрініс алғандығын және дұрыстығын тексереді.

Біз жоғарыда айтқанымыздай, тауарлар жабдықтаушылардан және есеп беруші тұлғалардан және басқадай каналдардан келіп түседі. Бұл жағдайда келесідей бухгалтерлік жазулар жазылады:

Дт 222, 223           Кт 671- жабдықтаушылардан келіп түскен тауарларға;

Дт 222, 223           Кт 333- есеп беруші тұлғалардан келіп түскен

тауарларға;

Дт 222, 223           Кт 641- 643 басқадай ұйымдардан келіп

түскен тауарларға;

Дт 331                   Кт 671- есептелген ҚҚС сомасына;

ҚҚС сомасы жабдықтаушының шот фактурасында көрсетіледі. Егер келіп түскен тауарларға ҚҚС сомасы көрсетілмей, яғни шот фактурасыз келсе және ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша есепке тұрмаған ұйымдарға төлеген кезде ҚҚС есепке алынбайды. Бұл сомалар шығындарға апарылады.

Келіп түскен тауарларды кіріске алу құжаттарын тексеруде келесідей іс- шаралар жүргізеді: саны мен сапасына сай, дұрыс кірістеу, кіріс актілері мен кіріс ету ордерлерін және коммерциялық актілердің дұрыс құрылуын, тауарлардың қозғалысы бойынша регистрлермен алғашқы құжаттардың мерзімінде бухгалтерияға тапсырылуын және де жабдықтаушыдан келген тауарларда айырмашылықтар табылған жағдайда және олардың дұрыс жүргізілмеуінің жағдайында пайда болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерге тексеріс жүргізу.

Жүкті кіріс ету журналдарын тексерген кезде аудитор ең алдымен: осы журналдың тауарлы құндылықтарды кіріс еткенде бақылауын жүргізу үшін қолданылатындығының растығын, тауарларды жеткізумен байланысты оперативті қызметкерлерге төлем есептік құжаттар беріле ме, жоқ па, басқадай қалалардан жүкті тасымалдау үшін берілетін транспорттық және қосымша құжаттарға оған жауапты тұлғалар қол қоя ма, тауарларды кірістегенде ол құжаттың мерзімі мен тауардың саны көрсетіліп, құжаттарда белгілене ме, жоқ па, соны көрсетеді.

Аудитор келіп түскен тауарлардың кіріс етілу мерзімі мен толықтылығының құжат бетіне түсуін тексеру үшін оған аса көңіл бөлуі керек. Ол үшін жабдықтаушыдан келген құжаттардың номерін, өлшем бірілік атауын, мерзімін, санын және бағасын оның шот фактурасындағы, қоймадағы кіріс ету актілеріндегі, кіріс етумен байланысты басқадай құжаттардың мәліметтерімен салыстыра табатын болса, онда ол жабдықтаушымен қарама- қарсы тексеру жүргізеді. Ол үшін ол жабдықтаушыдан сол құжаттардың көшірмесін талап етеді. Осы құжаттардың негізінде ол тауарлардың қоймаға нақты, сәйкес мөлшерде кіріске алынуын анықтайды. Мысалы, егр жабдықтаушы құжаты бойынша ол осы ұйымға 5 тонна тауар жіберіпті, ал нақты алғаны 3 тонна болғандықтан, кіріске тек 3 тонна алынады.

Таурларды жергілікті жабдықтаушылардан кіріске алғанда тауарлы транспорттық накладнойдың дұрыс рәсімделуін тексереді, ал егер тауарды экспедиторға берілетін сенімхат арқылы жабдықтаушының қоймасынан қабылдаған кезде, аудитор сенімхатты тіркеу журналын тексеруі тиіс.

Есеп беруші тұлғалардан қолма- қол ақшаға нарықтық бағамен сатып алынып кірістелген операциялардың актілерге дұрыс енгізіліп, рәсімделуін тексереді: кассадан ақша қаражатын алған жеке тұлғалардың куәліктері мен тұрғын үй мекен- жайы, тауарларды нарықтық бағамен сатып алғндыған растайтын ұйым басшысының қолы және есеп беруге тиісті тұлғаның сатып алған тауарларының тізімі. Бұл операциялар бойынша сатып алынған тауарлар кіріс етілмей тұрып, қойылған нормалардан аса шығыс етілуі немесе олардың кірістелмей тұрып шығындар қатарына жіберілуі болды ма, соны тексеру қажет.

Фактурланбаған кірістер бойынша аудитор кіріс ету актілерінің дұрыс толтырылуын, құндылықтардың толық кірістелуін № 6 журнал ордерінде әр кіріске  бөлек келісілген құнымен жазылады, ал шот фактураның номерінің орнына «Н» деген әріп қойылады. Келесі есепті кезеңде келіп түскен шот фактуралардың негізінде оның келіп түскен мерзімімен қатар алдағы кезеңдегі сомаға сторна жасалып, енді тауарларды жабдықтаушылардан келген төлем құжаттарының негізінде нақты өзіндік құны бойынша кіріске алынады.

Есепті кезеңде шыққан, бірақ әлі келмеген, жолдағы тауарлардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі өте маңызды роль атқарады. Сондықтан аудиторлық есепті жүргізу барысында № 6 журнал ордерде берілген есепті мәліметтерді қолданып бақылау жасайды.

222 «сатып алынған тауарлар» деп аталатын шоттың дебиті бойынша алынған тауарлардың құны көрсетіледі де, ол ақша қаражаттың төленуге тиісті 671 шотының кредиті корреспонденциясымен көрсетіледі.

Келіп түскен және төленген шот фактуралардың төлемі бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазумен көрсетіледі: Дт 671      Кт 441

Келіп түскен және төленген тауарлар бойынша шот фактурада көрсетілген ҚҚС сомасы келесідей бухгалтерлік жазумен жазылады:

Дт 633         Кт 331

222 шоттың кредиті бойынша есепті құжаттарында жазылған немесе төленген, сатылған және тиеп жіберілген есептің құны көрсетіледі. Басқаша айтқанда, 222 шоттың кредиті бойынша және 802 шоттың дебиті бойынша сатылған тауарлардың сатып алу құны бойынша есептен шығарылады. Тауарлы материалдық құндылықтарды жіберген, сатқан тауарларға келесідей корреспонданциялар берілуге тиісті: Дт 301  Кт 701- тауардың келісімді құнына. ҚҚС сомасына Дт 301  Кт 633

Айдың соңында жолдағы төленген тауарлардың құны айдың аяғында Дт 222 Кт 671 деген жазумен жазылуға тиіс. Ал келесі айдың басында ол сома сторланып, ағымдағы есепте 334- дебиторлық борыш ретінде есептелуге тиіс.

Сатып алушылардан жіберілген тауарлар үшін төлемдер келіп түскенде: Дт 441  Кт 301 деген бухгалтерлік жазу жазылуы керек.

Жылдың аяғында тауарларды сатудан түскен табыстар мен шығыстар соңғы табыс шотына апарылады: Дт 701  Кт 571- тауарды сатудан түскен табысқа берілетін корреспонданция. Ал Дт 571  Кт 801- тауарларды сатудан болған шығындылыққа берілетін корреспонденция.

Қорытынды

Кез- келген ұйымның мақсаты максималды түрде пайда табу болып табылады. Ал сауда ұйымдарының негізгі табыстылығы өнімді, тауарларды сатудан, өткізуден түседі. Енді міне мен «Булак 2003» ЖШС- нің қызметін сипаттай қорыта айтсам, ол- қоғам бірінші кезекте қажет ететін тауарларды сатып алады да, нарықта өткізеді. «Булак 2003» ЖШС- гі тауарларды біздің отандық өндірушілермен қатар шетелден де алады. Оның шетелмен үнемі болатын шаруашылық операцияларының негізінде отандық жабдықтаушылармен болатын операцияларға қарағанда біраз ерекшеліктері пайда болады. Ол негізінен шетел тауарын Қазақстан Республикасына өткізгендегі операциялардан туындайды. Өйткені мұндай жағдайда кедендік баж салығы сияқты төлемдер төленеді де, ол тікелей өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.

Бұл ұйымдағы сатып алынған тауарлардың есебі 222 «сатып алынған тауарлар» шотында жүргізіледі. Оның аналитикалық және синтетикалық есебі № 6, 7 есеп регистрлерінде көрініс табады. Мұндағы бухгалтерлік есеп жоғары автоматтандырылған болғандықтан, осы 222 «сатып алынған тауарлар» шотының қалдығы үнемі тексеріліп, уақытында алынып отырады.

Жаңадан келіп түскен тауарларды келесідей: сатып алу құны, кедендік баж салығының сомасы, тасымалдауға кеткен шығындары, ҚҚС сомасы және саудалық қосынды арқылы бағалайды.

Енді міне бұл ұйымның қазіргі уақыттағы проблемаларына тоқталсам, ол негізінен сатылған тауарлардың көлемінің қысқаруында. Бұл проблеманың негізгі себебі соңғы уақытта біздің нарықта ең өтімді болған тауарлар түріне кедендік салықтың өсуінде. Ол тауарды шетелден әкелу және біздің нарықта өткізу бұл ұйым үшін өте қолайлы болған еді.

Қорыта келгенде, бұл ұйымға қажетті тауарлармен үздіксіз, тоқтаусыз түрде қамтамасыз ету, осы ұйымның табыстылығы мен экономикалық жағдайының өсуіне әкеледі.

Қолданылған әдебиеттер

  1. ҚР- ның 1995 ж 26 желтоқсанда шыққан «Бухгалтерлік есеп туралы» (24 маусым 2003 ж енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен ) президенттің № 2732 заң күші бар жарлығы
  2. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары
  3. ҚР- ның Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережені бекіту туралы 22 желтоқсандағы қаулысы 1992ж, № 1068 Алматы, ҚРБМ, 1993ж
  4. «Бухгалтерский учет на предприятии» Радостовец В. К.,

Радостовец В. В., Шмидт О. В. Алматы 2002ж

  1. «Аудит и анализ финансовой отчетности» Дюсембаева К. Ш. Алматы 1998 ж
  2. «Отраслевой отчет» Радостовец В. К.
  3. «Қаржылық есеп» Кеулімжаев Қ. Қ., Әжібаева З. Н., Құдайбергенова Н. А., Жантаева А. Ә. Алматы 2001
  4. «Бухгалтерлік есеп және аудит» Әбдіқалықов Т. Ә. Алматы
  5. «Бухгалтерлік есеп негіздері» Оразбекұлы Б., Міржақыпова С. Т., Қалқабаев М. А., Оразбекова М. Б., Иманқұлова Ш. А Алматы 2001
  • «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі» 1, 2 кітап, Көкенов Ұ. Ж., Көкенов Ф. У
  • «Бухгалтерлік есеп теориясы» Раимов С. Р., Укашев Б. Е

Алматы 1994

  • «Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарын талдау» Әкімжанов Д., Сатыбалдин С. С Алматы 1987
  • «Шағын кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Әбдіқалықов Т. Ә., Сатмурзаев А. Алматы 1996
  • «Кәсіпорынның шаруашылық жағдайын талдау» Тасмағамбетов Қ. Ш., Төлегенова Э. Т., Жумағалиева Ж. Г. Алматы 2001
  • Бухгалтерлік орысша- қазақша сөздік Қарағанды 1993ж.
  • «Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция» оқулық, Назарова В. Л. Алматы 2002
  • «Бюллетень бухгалтера» Алматы 2001 № 1358

«Бюллетень бухгалтера» Корреспонденция счетов

Алматы 2000 г.