Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі туралы курстық жұмыс

0

Тақырыбы: Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі 

Жоспар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі.

Ⅰ. Белгілі жазушы және қоғам қайраткері.

  • Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі.
  • Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.

Ⅱ.Б.Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери-тарихи мұралары.

  • Бауыржан Момышұлының әскери- теориялық мұрасы және қазіргі кезең.
  • Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери – тарихи еңбектері.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігігі.Ұлы жеңістің 60 жылдығы да келіп өтті. Қасымызда жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады.Бүкіл адамзат өміріне , тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың жүрегіне салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл әлемді «Ұлы неміс »халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін жеңуде қазақстандақтар да КСРО –ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан еді.Ерлік көрсеткен адамдар қаншама .Соның бірі де бірегейі- тірлігінде батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам-Бауыржан Момышұлы еді.  Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды. Біз бүгін сол бір қаһарлы жылдарға үңілу үшін, сол соғысқа қатысып, көзімен көргендердің жазған еңбектеріне үңілеміз.Бұл еңбектер біз үшін Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне арналған шынайылығы жоғары дерек көзі болып табылады.Сол себептен бүгінгі бітіру жұмысымыздың тақырыбын «Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі»деп алдық.

1941 – 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бүкіл дүние жүзі халықтарының өміріндегі тарихи оқиға болып табылады.Адамзат тарихындағы болып өткен соғыстардың ең ауыры, қаталы және көлемдісі болды. Бүкіл әлемді өзінің табанының астында ұстағысы келген немістік нацистерден қорғап қалған кеңес жауынгерлерінің ерен ерлігі ел есінде.Бұл жойқын оқиғада қаншама адам қыршынынан қиылды, қаншама тағдыр мезгілсіз үзілді. Біз болашақ үшін өз өмірін құрбандыққа шалған сол адамдар алдында мәңгілікке қарыздармыз.

Біріншіден , Бауыржан Момышұлының еңбектерін зерттей  отырып, біз Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы, олардың құрамы, ол әскери бөліктердің басқарылуы туралы айтып өте аламыз.Ұлы Жеңістің 60 жылдығы келіп жетсе де , әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысынан қазақстандықтардың қатысуы мәселесінде ашылмай жатқан ақтаңдақ беттер көп. Біз әлі күнге дейін осы ұлы оқиға туралы кеңес заманында жазылған еңбектерден оқып үйренудеміз. Ал осы соғысқа қатысқан ұлттық батырларымыздың арттарына  қалдырған  мұралары зерттелінбей,қолданысқа енбей жатыр.Біз осы бітіру жұмысын жазу барысында Бауыржан Момышұлының еңбектерін қолдандық.

Екіншіден, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі құрылды. Осы жарғымен Қазақстандағы бүкіл әскери бөлімдер жиылып Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына кірді.

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына  байланысты,  өз қорғаныс күшінің құрылуына, мемлекеттік шекараның тұрақтануына, әскери доктринаның жасалуына, офицерлік корпустың дайындалуына  қол  жеткізілді. Мұның бәрі Бауыржан Момышұлының әскери-педагогикалық мұрасына , жинақталған тәжірибесіне бет бұруды талап етеді. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Қазақстандық жастардың әскери білімін кеңейтуге , аты аңызға айналған батырдың, әйгілі әскери ойшылдың ғылыми-теориялық мұрасы-соғыстың қиын кезіндегі әскери ұжымның күш-қайратын ашуға ,бөлімдер мен бөлімшелердің әскери-адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығын көрсетуге көмектеседі.

Үшіншіден,бұл тақырыпты зерттеу барысында Герман фашизімін жеңудегі қазақстандықтардың қосқан үлесінің көлемі мен мәнін  анықтауға болады.Бұл Ұлы Жеңістің 60 жылдығына сол бір қатерлі соғыс жылдары туралы біздің ұрпақтың әскери білімін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын.

Төртіншіден, 70 жылдан астам уақыт Кеңес Одағының құрамында болған отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген , Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Бауыржан Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизімінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жүз мыңнан аса қазақстандық Ұлы Отан соғысына қатысты. Отан қорғаудағы даңқты батырлардың ішінен соғысқа , әскери өнерге ,әскери парызға деген шығармашылық жолы мен ерекшеленетін И.В.Панфиловтың қаруласы-Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болып табылады.

Бұл Қызыл Армияның әйгілі әскер басшысының әскери , әскери-педагогикалық , әскери-теорияның мұрасын зерттеу-ғылыми да , тәжірибелік те  мәнге  ие.

Тақырыптың зерттелу деңгейне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де, Бауыржан Момышұлының мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зерттеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік:Кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ Кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғыс контексінде , 8-гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды. Ал, тәуелсіздік кезеңдегі зерттеулерде негізінен Бауыржан Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуыда.

Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери тұлғасы ,әскери – педагогикалық қызметі И.В. Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық дивизияның тарихының бір бөлігі А. Бектің еңбегінде зерттелді.(1) Шығарма майдан даласында жазылған,И.В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-бір еңбек.Бұл шығарма  түгелдей Бауыржан Момышұлының мәліметтеріне сүйеніп жазылған және Б.Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып табылады.

Сонымен қатар,бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы,Балтық бойын жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен Ұлы Отан соғысының атақты батыры туралы К.К.Рокоссовский (2), А.М. Васильевский (3), И.М.Чистяков (4),Г.К.Жуков (5) секілді ірі әскер басылар мемуарларында аздаған мәліметтер сақталған.Бұл атақты әскербасыларының , мемуарларына ,естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлының талантты әскербасы ретінде баға беріп кетеді.Мысалы И.М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір қасиеті ұнады , ол –шыншылдығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден де шыншылдықты талап ететін.”-деп баға беруі осының дәлелі.(6.154)

Бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы әскери,талантты командир ретінде сипатталады. Және бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы өз ұлтының ұлы ретінде сипатталады.Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі. Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен  жазылған және Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады. Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы ” көркем шығарма бола тұра Баукеңнің өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық. (6)

Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қандастары да аз жазған жоқ..  Әсіресе М.Ғабдуллин(7), М.А.Левашевтің (8) сонымен қатар панфиловтықтар туралы Ф.Селивановтың (9), А.Кузнецовтың (10) шығармаларында да аталып өткен.

Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының  жекелеген тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г.А. Әбішевтің (11), А.Мұхамеджанов (12), А.Нүсіпбеков (13), М.Қозыбаев(14), Қ.Р.Аманжолов(15), Н.Шаховтың (16) еңбектері еді. Бұл жердегі Г.А.Әбішевтің және А.Нүсіпбековтың еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскелердің қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш рет архив документтері мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер естеліктерін және мерзімді басылымдарды пайдаланды .

Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың азаматтық,педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық ашылмады.

1991 жылы Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін  ғана, өткен өмірге, тарихқа ерекше ұллттық, халықтық көзқараспен қарай бастағанымыз белгілі. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқының тамыры тереңге кеткен әскери дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді.1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы Отан Соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы еңбектерді тудыруына мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына Т.Балақаев пен К.Алдажұманов (17), Қ.Р.Аманжолов (18), П.С.Белан(19), К.С.Серікбаев(20). Бақытжан Момышұлының(21) зерттеулері жатады. Сонымен қатар М.М Айтқазинаның докторлық диссертацисы тікелей Б.Момышұлының мұрасына арналды.(22) Бұл зерттеулер негізінде әскери  тарихпен ұлттық батырларды зерттеудегі проблеманы шешуге арналған.Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық әскери құрылысы туралы айта келіп,өз еңбектерінде авторлар Б.Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі.

Дегенменде Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбектер жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым беттеріне жарияланған Н.Саввин(24), Ж.Ыбыраев(25),К.Казыбаевтардың(26),Ы.Сариева(27),Ә.Нұршайықовтың(28), мақалалары қолданылды. Сонымен қатар батыр туралы мәліметтер бар “Халық сыйы ”(27), “Айналған аты аңызға Момышұлы ”(28) естеліктер жинағы және А.Асқаровтың  “Ұлы

Тұранның ұлдары ”(29) еңбегі пайдаланылды.

Тақырыптың деректік негізі . Бітіру жұмысын жазу барысында негізгі сүйенген жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың “Восьмая гвардейская краснозменная имени генерала майора И.В. Панфилова  стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы(30), И.В.Панфилов атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны Советского Союза”(31),  “Провал гитлерского наступления на Москву”(32) атты құжаттар жинағы пайдаланылды. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін шайқас”(33), “Қанмен жазылған кітап”(34), “Біздің генерал”(35),  “Ұшқан ұя”(36), “Бір түннің оқиғасы”(37),  “Жауынгердің тұлғасы”(38), “Майдан ”(39), “Офицердің күнделігі”(40), “Ел басына күн туса”(41) кітаптары пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазу барысында алдыма қойған мақсатым-Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Ұлы Отан Соғысының ,басынан аяғына дейін қатысып, өзінің ерен еңбегімен көзге түскен орны мен еркшеліктерін, дәрежесін анықтау.

Осы мақсаттан шығатын міндеттерімді атап өтсем:

-Бауыржан Момышұлының еңбектерінің бағыт-бағдары мен мақсатын, жалпы тарихи маңызын анықтау.

  • Бауыржан Момышұлының еңбектерін пайдалана отырып қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске жету жолындағы рөлін айқындау .

Бітіру  жұмысымның хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысының тақырыбы: “Бауыржан  Момышұлының өмірі мен қызметі”-деп алғандықтан тақырыптың хронологиялық шеңберін 1941-1945 жылдар аралығы деп алдым.

Бтіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмысты жазу барысындағы мақсат-міндеттер ,тақырыптың зерттеу деңгейі, пайдалану деңгейі туралы айтылған. 1-тарау “Белгілі жазушы және қоғам қайраткер” деп алынған. Бұл тарау өз ішінде екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім “Бауыржан Момышұлының жастық шағы  және өмірі” деп алынып, батырдың жастық шағы мен өмірбаянына тоқталдым. 2-бөлім “Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі” деп алынды. Онда Бауыржан Момышұлының қолбасшылық қызмет жолына тоқтадым. 2- тарау “ Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери –тарихи мұралары” деп алынды. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім “Бауыржан Момышұлының әскери-теориялық мұрасы және қазіргі кезең” деп аталады. 2- бөлім “Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери-тарихи еңбектері” деп аталады.

  • Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі.

«Ежелден  ел тілегі – ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі » — деген дара даналығы бар

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы  24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туып-өскен. Даңқты қолбасшы, Ұлы Отан Соғысының аты аңызға айналған батыры.

Өзінің жастық шағы туралы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» атты еңбегінде былай деп баяндайды:

Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті –менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткенғ,-деп жазады[38.6бет.].

Әжесінің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық , аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен –саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне  тартып қара болды , қыз жағы өзіме тартып аққұбаша  ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық әжесі өзінің ұлдарына өңшен аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен Бауыржанның әкесі Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті.

Момыш әкемнің айтуынша,-деп жазады Бауыржан, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып әкеме де хабаршы жіберіпті.

Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.

  • Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді, -депті шешем ізетпен иіліп.

Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:

Құрық  деп  берсем — құл болма,

Шыбық деп  берсем – шіл  болма.

Бәрінен  де,  шырағым,

Баяны  жоқ  ұл  болма,-

деп келініне мені қайтарып берген екен.

Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп , алағшқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп әкесі сол күні мал сойып ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты.

Бауыржан туғанда әкесі елуді еңсеріп қалған кісі екен.Әжесі жарықтық Момыналыны балаларының ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Мпмыналы өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты.

Содан өле — өлгенше өз бетінше оқып тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті  орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Олардын елінде одан өткен зергер ұста болмаған екен.

Әкем маған ата — тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

  • Кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол.
  • Мен Момыштың ұлымын.
  • Момыш кімнің баласы?
  • Момыш – Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.

Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін,-деп келтіреді.

8

Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

Әжесі малдың «тілін» ұғуды- «Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды…» Бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі , дәрменсіз қоян, сүйкімді құс , сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтып үйретеді екен[38.296бет.].

Кавказды аралаған кезінде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегені бар.

Сонда ұзақ уақыт ұйқысы келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездері көп болыпты. Сол өткелдердің көбіне аялдамай, балалық шағы мен әскери өмірінің белестеріне қайта – қайта көтеріле бергенің өзі де аңғармай жатып, сол сәтте тағы да бала кезі ойға оралады…

«Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем. Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше  әжем айналып-тоғанып арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың,»- деп есіне алады.

«-Кейде менің өнеге алған , тәлім үйренген ,дәріс оқыған ұстаздарымды еске  түсіріп ойға бататыным бар.Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді…

Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай- талай тағылымға бой ұрғызғанымен, олардың бірде – бірі нақ өзімнің әжемдей , әке-шешем мен ауылдың қадырлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен , әлде ата — анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз,»- деп келтіреді.

Алты жасқа келгенде әкесі Момыш Бауыржанды орысша оқыту үшін өзінің танысы Гончаровтардың үйіне әкеледі. Осылайша бір жыл Евгеньевка селосында сауатын ашқан соң, Жамбыл қаласындағы Аса интернатына   оқуға келеді. Бұл жерде үш жыл оқып сауатын ашқан соң бастауыш мектепті бітіреді.Оны ұстаздары әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе — келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жеткізді. Ал өмірдің өзі ше ? Осынша ғұмырының ішінде түрлі –түрлі күрделі жағдайда ; толқымалы тоқсан сырлы  кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған ,табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп , көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де оның тірлігіндегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген , қорған көрсеткен ұстаздыры деп біледі. «Осындай уақыт талқысы ғана , өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы », «жаман », «мақұл», «немақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды,»-деп жазады.

1924 жылы  Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, оны 1928 жылы тәмамдайды. Айта кететін жағдай , ол осы жерде Әбділда  Тәжібаевпен  бірге оқиды.

1928 жылы оқуды бітіріп келген соң, сол жылы Орынборда ашылған Қазақ Педагогикалық институтына  оқуға келеді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты оқымай кері қайтады. Бұның себептерін Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман –диалогында көрсетеді.

Елге келген соң мектепке мұғалім боп орналасып , онда екі жыл жұмыс істейді. Одан соң аудандық атқару комитетінің секретарі болып еңбек етеді. Бұл қызметі үш жылға созылады. 1932 жылы қарашада военкоматқа шақырды. Әскери қызметті Термезде  өтеді. Жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына иеленді. Алғашқы әскери ұстазы – Николай Редин.

Әскери қызметін аяқтап, 1933 жылы қыста елге оралады. Өзінің бұрынғы қызметі өнеркәсіп банкіне келіп, кен істері жөніндегі аға экономист болып тағайындалды.

1932-1936 жылдары екі рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің дала перзенті екенін дәлелдеп, құралайды көзге ататын мерген атанды. Әскери іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен – ақ көзге түсіп, атақты қолбасшы И.В.Панфилов дивизиясын ұйымдастыруға ат салысады[28.10-11б.б.].

Бауыржан атамыздың ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда ерлік көрсеткен қазақтар әрине көп. Бірақ, олардың бірде біреуінің атақ –даңқы Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде , одан кейін, бүгіндері де туған нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.

1936 жылдан қырықыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа әскери қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді.40-шы жылдардың басында Киевке полк штабының бастығының бірінші көмекшісі болып қызметке келеді. Округ командашысы Г.К. Жуков, оперативтік бөлімнің  бастығы полковник И.Х. Багряман болған. Бауыржан Момышұлы Житомир қаласындағы 406- полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып барады. 1941 жылдың қаңтарынан бастап, Ұлы Отан Соғысы басталғанға дейін республика әсери коммиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында жасақталған 316- атқыштар дивизиясында батальон командирі болып алынды.

1941 жылы 22- маусымда фашистік басқыншылар Кеңес Одағына басып кірді.

14-16 қарашада дивизия немістермен алғаш рет кездеседі.

Жаудың Москваға жасаған алғашқы 7-31 қазан аралығындағы жойқын шабуылы тойтарылды. Соғыстың 147-ші күні , яғни 15-қарашада Москваға екінші жойқын шабуылы басталды. Жаудың 51 дивизиясы Москваға лап қойды. Немістер Москва түбінде 300 мың адамынан айрылды. Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26- қарашасында 1073- атқыштар полкының командирі болды. Батыс майданы әскерлеріне арналған №0413-бұйрық бойнша 1941жылы 9-желтоқсанда – капитан, Калинин майданы әскерлеріне арналған №0143-бұйрық бойынша 1942 жылы 10-мамырда –майор, ал Қорғаныс Халық Комиссариатының №06190 бұйрығы бойынша 1942 жылы 2-қазанда подполковник болды. 1942 жылы ақпанда 1075-атқыштар полкінің құрамындағы екі қазақ жауынгері Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдуллинді Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынып , Бауыржан Момышұлы осы полктегі қызметін аяқтап, өзінің 1073-атқыштар полкінің командирі болып кетті. 1943 жылы 15-қарашада Бауыржан екінші рет жараланды. Бір жарым айдай госпитальда жатып, екі айлық демалыс алып, Алматыға келеді. Демалыстан кейін Москваға келіп, К.Е. Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академия жанындағы білім жетілдіру курсын 1944 жылы қазанда жақсы деген бағаға бітіріп шықты. Содан кейін 1- балтық майданына келіп, дивизия командирі болып тағайындалды. Атақты И.В. Панфиловтың дивизиясында ол алдымен батальон , гвардиялық полкті кейіннен 9-қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясын басқарды. Ленин орденімен , екі Қызыл Ту ордені , 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және бес медальмен марапатталған[35.3бет.].1942 жылдан бері КПСС мүшесі болған.Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін Бас Штабтың Жоғарғы Әскери Академиясын бітірді. Қызыл армияның әскери академияларының бірінде әскери – педагогикалық іспен  айналысты. 1956 жылы денсаулығына байланысты запасқа кетеді. 25 жыл өмірін Қызыл Армия қатарында қызмет етуге арнайды. 1956 жылдан бастап өзін әдеби қызметке  арнайды. Бұл қызметі үшін «Құрмет белгісімен »марапатталады.  Шығармашылық жұмысқа ол өзін -өзі өмір бойы дайындап өткен. Қанды соғыс жылдарының өзінде-ақ , ұрыс пен қызметтен бос кезде ол күнделік жүргізіп , сурет салды, әңгіме , мақала және өлең жазды[22.24бет.].

Соғыс жылдары орталық газеттердің беттерінен әскери педагогикалық тақырыптағы мақалаларымен көрініп жүрді. Панфилов дивизиясының бүкіл даңқты жолымен бірге өткен Бауыржан Момышұлы бұл дивизияның биографы болды. 1948 жылы жазушылар одағына мүшелікке алынды. Бұлай деуіміздің себебі : Біріншіден осы дивизияның атын шығарған Москва қорғаныс туралы батыр «Москва үшін шайқас» романын жазса, екіншіден, А. Бек батыр өмірін дивизия өмірімен ұштастыра отырып «Волоколамск шоссесін » жазып шыққан еді[28.10-11б.б.]. Бұл екі шығарма да Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия тарихына , ерлігіне арналған ірі шығармалар болып табылады. Екінші шығарманың жазылу тарихы туралы айтатын болсақ , Ә.Нұршайықовтың романында бұл шарт көрсетілген.

Бауыржан Момышұлы соғыста екі рет ауыр жараланып, бес рет қоршауға түсіп, 207 рет жорыққа қатысқан. 1941 жылдың 26- қарашасында Бауыржан Момышұлы 1073- атқыштар батальоны командирлігіне тағайындалды.

1941 жылдың қарашасында генерал И.В. Панфиловтың басқаруындағы дивизия Волоколамск тас жолын қорғап тұрды. Жаудың 2- танктік , 29-маторлық, 11және 110- жаяу әскер дивизияларын талқандап , 900 неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды. 1941 жылы 19-қарашады  майдандағы берілген әскери жарлықтарды үлгілі орындағаны үшін 316- атқыштар дивизиясы Қызыл Ту белгісімен марапатталды. Ал 18-қарашада Халық Қорғаныс комиссариатының 316- атқыштар дивизиясына И.В.Панфилов атындағы  8-гвардиялық атқыштар дивизиясы атағын беру туралы жарлығы шығады.

1941 жылы желтоқсанда жау Москвадан алыстатылған соң 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы И.М. Чистяковтың басқаруымен Қазақстаннан жаңадан келген әскери құрылымдар мен толықтырған соң, Великолуж операциясына қатысу үшін Калинин майданына Валдай қаласына әкелінеді. 1942 жылы қысқы шабуылында Бауыржан Момышұлы өз жауынгерлерімен жаудың С.С. «Өлі  бас » (Мертвая голова) талқандап, 1200 жудың көзін жойып және жол торабын өз қолына алады. Осы шайқастар нәтижесінде дивизия жаудың  83- жаяу  әскер дивизиясын  талқандап,  3-таулы  жер  дивизиясына , 218-жаяу әскер және 20- мото дивизиясын айтарлықтай шығынға үшыратты, 13300 неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды. Ерен ерлік үлгісін көрсеткені үшін дивизия командованиесі Москва түбіндегі қорғаныс пен қарсы шабуыл үшін 805 адамды атаққа ұсынса ,олардаң 31-ін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған еді[13.54бет.].

1944 жылы Бауыржан Момышұлы Бас Штаб Академиясының қысқа мерзімді курсын бітіргеннен кейін 1945 жылы 25-қаңтарда 9- гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. 9-гвардиялық дивизияның әскери жорық жолына келер болсақ, 1945 жылдың басында Бауржан Момышұлы 1- балтық бойы майданының құрамындағы 9- гвардиялық атқыштар дивизиясын басқаруға көшті. Дивизияға  Приукеле станциясын жаудан тазарту тапсырмасы берілді. Осы  дивизины басқара жүріп соғысты аяқтады. Берлинді бағындырған кезде Бауыржан Момышұлы Курляндиядағы немістерді тазартумен айналысты. 1945 жылы 9-мамырда соғыс аяқталғаннан кейін, қыркүйекке дейін Балтық әскери округінде сол 9- дивизияның командирі болып тұрды. Содан кейін Москваға ГУК құрамына шақырылды. 1946 жылдың қаңтарынан бастап К.Е. Ворошилов атындағы 1-дәрежелі Суворов орденді Жоғарғы Әскери Академияның тыңдаушысы болды және осы Академияны жақсы деген бағамен бітіріп шықты. Баукең қатардағы әскери профессор болған.Ол Калинин қаласындағы Әскери Академияда сабақ беріп жүрген кезде тактикадан алты стратегидан тоғыз еңбек жазған. Сол үшін аға оқытушылықтан ординарный профессор дәрежесіне жоғарылайды.

Бауыржан Момышұлының әскери өнері 1956 жылға дейін созылды.

Соғыстың соңғы кезеңінде дивизия басқарған Бауыржан Момышұлы өзін оперативті ойлай алатын, шайқасты өте шебер ұйымдастыратын, қанды шайқастарда дивизияны батыл басқара алатын сауатты қолбасшы ретінде көрсете білді. Ол дивизия басқарған тұңғыш әрі жалғыз қазақ болды. Көптеген әскербасылар Бауыржан Момышұлын, тек қана гвардия полковнигі болып қалған Бауыржан Момышұлын оқып үйренді. Олардың барлығы батырға қатысты жасалған әділетсіздікті білді. Бірақ ол Бауыржан Момышұлына тежеу, бөгет бола алмады. Себебі , тарихқа атағы бойынша емес, сіңірген еңбегі бойынша енеді. Бауыржан Момышұлы белсенді қоғамдық жұмыстар атқарды,әдебиеттің лайықты жас буының тәрбиелеуге көп жігер жұмсап, еңбек сіңірді. Оны халқы батыр атады, бұл халқының сүйікті ұлына тірі кезінде берген бағасы болмақ. «Асқар тау алыстаған сайын асқақтай береді» дейді халық даналығы. Осы ұлы сөз Бауыржан Момышұлына арналып айтылғандай. Бауыржан Момышұлының асқақ бейнесі халық жадынан өшпек емес!

1.2.Б. Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.

Бауыржан Момышұлының – халық батыры , Кеңес Одағының батыры , белгілі жазушы ,біз аты аңызға айналған жерлесімізді осылай атаймыз.Бұлар әділ берілген баға болғанымен, қазақ халқының біртуар ұлын толық сипаттай алмайды.Біз оны тағы да қазақт ың алғашқы әскери ғалымы,пәлсапашы –ойшылы,қазақ қолбасшысы деп айтуға тиіспіз.Ол бұл мәртебесі жоғары сөздерге  әскери-ттеориялық ойға  өз үлесін қосқаны,дүниені таннуда, өзінің пәлсапалық жүйесін қалыптастырғаны және қолбасшылық таланты үшін мейлінше лайық.Бауыржан Момышұлы: “Халықсыз батыр жоқ”, яғни батырды халық тудырады,ал олар “оны бейнелейді”,-деп жиі айтатын.Қазақ халқының да ұзақ ұланғайыр тарихы бар.Ежелгі халқымыздың түп тамыры сақтар тайпаларында жатыр.Олар біздің эрамыздың алдында Ескендір Зұлқарнайынға есеңгірете соққы беріп,қанқұйлы жаулап алушының Шығысқа жылжуын тоқтатқан . Біздің эрамыздың сегізінші ғасырында араб басқыншыларының Қазақстан аумағындағы меммлекетті бағындырмақ болған әрекетті сәтсіз аяқталды. Түргештер мен Қарлықтар ерлікпен әрі білгірлікпен соғыса білді;басқыншылар ұйымдасқан соққыға тап болып, өздерінің арам пиғылынан бас тартуға мәжбүр болды. Ежелгі  қазақтардың түркі тайпалары 13 ғасырдан бастап түркі –моңғол  империясының құрамына кірді.Шыңғысханның әскерінің сол қанаты негізінен мергендігімен және ерлігімен даңқы шыққан  қазақтардың арғы тегі түріктерден құралғаны, ал олардың қолбасшыларының жаудың ішіне  тереңдей ендеп,кенеттен шабуыл жасай білгені тарихтан мәлім. Сонау 1470 жылы дүниеге келген кезеңінен бастап, яғни өзінің 240 жылдан астам өмір сүрген заманында қазақ хандығы  Кіндік Азияда  үстемдік етіп,көршілерін өзін құрметтеуге және білікті қолбасшылары-ардабақтардың басқаруындағы қазақ атты әскерлерінің айбынымен есептесуге мәжбүр етті. Қазақ мемлекетіне қарсы соғыс бастаған жоңғар басқыншылары қазақ әскерінің қауіпті де қаһарлы жауды күйрете алатын күші мен қуатын мейлінше сезіне білді. Бөгенбай, Қабанбай сияты батырларды Кіндік Азияда және одан тысқары жерлерде көп адам білді. Біз сияқты тарихшыларға қазақ халқын құртып жіберуге ұмтылған қанқұйлы жаулардан отанымызды қорғап қалған сол қолбасшыларды елге таныту міндеті тұр. Қазақтар әр кезде апталар бойы ат үстінде күн кешіп.жорықтарда қиыншылықтарға төзе білген епті де ержүрек жауынгер халық болған.сондықтан да халық қаһарманы,ержүрек қазақ батырларының жауынгерлік даңқының мұрагері Бауыржан Момышұлының екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жарқ етіп көрінуі тегіннен  тегін емес.

Бауыржан Момышұлының  атының аңызға айналуы тек оның (қолбасшылық таланты мен әскери ғұламалық) көрсеткен ерлігі мен жазушылық талантында ғана емес.Уақыт өткен сайын оның қолбасшылық таланты мен әскери ғұламалық дарыны бізге жаңа қырынан таныла береді. Оның әскери дарыны 1941 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстарда ашылды. Ол онда аға лейтенант дәрежесінде әдепкіде батальонға , ал сосын атқыштар полкіне басшылық етті. Армия генералы И.М Чистяков  “Отанға қызмет етеміз” деген кітапта : “Панфилов Бауыржан Момышұлын ерекше ержүректілігі мен батылдығы үшін бағалады.Мәскеу түбінде оның қоршауда қалған батальоны бірнеше күн бойы полкпен байланыса алмаса да, күші басым жаумен аянбай соғысты. Қиян кескі ұрыстарда гврдияшылар екі тәулік ішінде 400-ден астам фашистің көзін жойып,  олардаң Волоколом  тас жолы бойындағы  шабуылын тоқтатты, қоршау бұғауын үзін , өз полкіне жетті. Осы ұрыстан соң Панфилов қосымша күш  ретінде Момышұлының батальонын өз жанында ұстап,өте ауыр жағдайда  ұрысқа салды”,-деп атап көрсетті.

Момышұлының әскери шеберлігі, жауынгерлік дарыны сұрапыл соғыстың қатал сындарында суырылып, шыңдала түсті. (1944 жылы полковник Момышұлы Бас штаб академиясының қысқа мерзімді курсын аяқтаған соң)

1932-1936 жылдары 2 рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің дана перзенті екенін  дәлелдеп , құралайды көзге ататын мерген атанды. Әскери іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен –ақ көзге түсіп, атақты қолбасшы  И.В.Панфилов дивизиясын ұйымдастаруға ат салысты.

Бауыржан атамыздың ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда ерлік көрсеткен  қазақтар әрине көп. Бірақ,олардың бірде –біреуінің атақ-даңқы Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде ,одан кейін,бүгіндері де туған нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.

1936 жылдан қырқыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа  әскери қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді. 1940-шы жылдардың басында Киевке полк штабының бастығының бірінші көмекшісі болып қызметке келеді. Окрук командашысы Г.К.Жуков,оперативтік бөлімінің бастығы полковник И.Х. Багряман болған. Бауыржан Момышұлы Житомир қаласындағы 406-полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып барады. 1941 жылдың қаңтарынан бастап, Ұлы Отан  соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында жасақталған 616- тқыштар дивизиясында батальон командирі болып атанды.

Енді 316- атқыштар дивизиясының құрылу тарихына келер болсақ, казак станциясы Талғарда  1941 жылдың 13-шілдесінде Қазақстан мен қырғызтанның ұлдарынан И.В. Понфиловтың қолбасшылық етуімен қалып- тасты.

1941 жылы 22 маусымда фашистік басқыншылар Кеңес Одағына басып кірді. Б. Момышұлы соғыстың басталуы туралы былай көрсетеді: «1941 жылдың қазанында фашистер өзінің барлық адам күшінің -42, танктерінің -75, артиллериясының -45, самалеттерінің -31 процентін  Москваны алуға жұмсады.  Москваға келер жолды бекітіп біздің үш майданымыз : Батыс майдан ( командашысы  генерал- полковник И.С. Конев ), Резервті майдан ( командашысы Кеңес Одағының Маршалы С.М. Буденный ) және Брянск майданы ( командашысы генерал –лейтенант А.И. Еременко) тұрды . Батыс мйданында қарайтын Волоколамск бағытына 16- армия ( командашысы генерал-лейтенант Н.К.Рокосовский , соғыс советінің мүшесі  А.А. Лобачев, чтаб бастығы М.С. Малинин) жіберілді Кейіннен 8- гвардялық дивизиясы атағын алған 316- атқыштар дивизиясы осы армияның құрамына кіріп , Волоколамск қаласы мен  Москваға кіретін күретамыр –Волоколамск тас жолын қорғады.

14-16 қарашада дивизия немістерімен алғаш рет кездеседі.

Жаудың Москваға жасаған алғашқы 7-31 қазан аралығындағы жойқын шабуылы тойтарылды. Соғыстың 147-ші күні,яғни 15-қарашада Москваға екінші жойқын шабуылы басталды. Жаудың 51 –дивизиясы Москваға лап қойды. Немістер Москва түбінде 300 мың адамынан Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26-қарашасында 1073 атқыштар полкінің командирі болды. Осы жылдың желтоқсанның 10-да 1075 –атқыштар полкінің командирінің орынбасары болды. Бұл екі қызметті де аға лейтенант шенінде болды. 1942 жылдың 23-ақпанында 1073-атқыштар полкінің командирі болды. Бауыржан Момышұлы сол кездегі жорықтағы оқиғасы туралы:

Қауыпті 1942 жылдың февралы.

Біз жорықтамыз.

Россияның қатты қысы. Қар қалың –ақ, аңдай ұлып, долдана соққан жел қарды құйындата қуалап, тозаңдата түтеп тұр. Аспаннан әлек-шәлегі шығып, айналаның құтырып тұрғанына үш күн болды. Тынар емес, ұйытқып соғып, қардың астан-кестеңін шығара сыпырып, борап тұр.

Астымдағы жануар тынысын ала алмай тұншығып, құлағына қайшылап, булыға тәлтәректеп жүріп келеді. Кейде адасып шайқалақтап, жобалап жүріп, жолдан ауытқи береді. Қалың қарға малтыға омбылап тығылады, сүріне құлап жығылады, тәлтіректеп барып тұрып, қайтадан жолға түседі. Жол тапқан ат тұяғы қатқылға тигенде ,мен өз аяғым тигендей сеземін. Сәл тізгінімді босатып, ер үстінде алға икемделе ұмтыламын, түбітті биялаймен аттың көзін сүртемін .Атым қар тозаңын сүзе жарып, ауыздықты тістеп, тізгінімен алыса желе жөнеледі.

Алда иықтарын қомдап, жауырындарын сыртқа беріп, шұбай шұбырып келе жатқан жаяулар. Буырқанған боз тозаңның ішінде мұнарлана бозалаң тарқан жауынгерлер легі боран ышқына келіп соққанда тізбегі шайқалақтап, ауытқып барып желмен арпалыса, тырмыса қайта түзеліп кетеді. Жел шекпендерінің мұздаған етегін көтеріп ,желпілдетеді.

Біз жорықтамыз, майданға бет алған жолдамыз, сапарымыздың белгілі түйінді жері алда- алыста. Оған ертең жоқ, бүрсігүні ымырт жабыла жетуіміз өте қажет. Бұйрық солай.

Бір аттының қасынан өте беріп:

  • Қай батальон?-деп айқайлап сұрадым. Оның :
  • Үшінші , -деген жауабы ұйытқыған жел жұлып үзіп ала жөнелгендей естілді.

Келе жатырмыз. Мына табиғаттың құбылысы аяғымызға салынған тұсаудай матап , кере алдым создырар емес.

Алда нән жайынның жонындай сағымдана қарауытып бір мұнар елестейді ,ол алдымыздағы қалың орманның қарасыны. Біз келе жатқан жол бойы елсіз алаң ,ашық далада соғып тұрған сұрапылдан бізге пана боларлық жер осы алдымыздағы көрінген қалың орман. Таңертеңнен бері сол орманға жетуге ынтық болып келеміз.Бүгін қонып түнейтін жеріміз- соның орталығындағы жыңғыл.

Орманның кеші ерте түседі. Қалыңды  күн батпай-ақ қараңғы бүркей бастайды. Ашықта қас қарая  бастағанда, орман іші ымырт жабылып, түн бүркенеді.

Тоғайға енгенде нағашымыздың ауылына келгендей болдық. Қалыңның іші жым- жырт, тып- тыныш.Қалың біткен зәулім ағаштар бізге «қалқан » болып ,өз панасына қабылдады. Құлақ тыншып, жанымызды шақыртып алғандаймыз. Әскерлер үстіндегі қарын қағып, сілкініп түлеген қырандай болып қалды. Орман іші дүбірлеген қимыл,айқайласқан дауыспен жанданды .Боранның уілдеген ызалы сарыны алыстан әлсіреп қана еміс-еміс естіледі. Ағаш түбіндегі қалың қарды, жауырындай қол күректерімен аршып жіберіп, қазтаңдай жапырақтарды төсеп, жігіттер бестеп-ондап шұқырға ығыса орналасып жатыр…

Қараңғы орман қайтадан тым- тырыс болып , баласын әлдилеп отрған ақ жаулықты әйелдей қалғып тұр. Анда-санда күзетшілердің бірен-саран дауыстары ғана естіледі. Шаршаған қол суықты елемей шырт ұйқыда жатыр…

Орманның  таңы асықпай шабан атады. Ашықта күн найза бойы көтерілмей, ормандағы көлеңке жарыққа жеңдірмейді. Таң сәулесі орман ішін бірден нұрландырмайды. Сәскеде ғана қалыңдағы қараңғы сұйылып ыдырап, орман түкпірі бозара бастайды. Таң бізді қарсы алмайды. Таңды біз қарсы аламыз. Біз жорықтамыз. Жол ұзақ алда жатыр. Жорық,соғыс, майдан жағдайында жауынгерлердің ұйқысы бір түнде төрт емес, қырық бөлінуі заңды. Мұз төсеніп , қар жамылу- жауынгерліктің атам заманнан қалған сыбағасы.Түнде аттанып , ерте жүрмесек болмайды. Уақыт тар, жағдай қиын. Әлі қап-қараңғы. Таңсәріге жолда ғана жолықпақпыз. «Тұр-тұр » мен «жүр-жүр» бізді «жылы төсектен » қозғап, барар сапарға бет алдырып жолға салған. Қатарланып топтанып, қатқан қарды қарш-қарш басып жолға түстік, қос орнынан қозғалды. Меңіреу орман ағаштары қамыға төмен қарағандай , ақ сәукелесі иіліп, «сапарларың сәтті болсын!» деп қоштасқандай болып томсырайып қозғалмай тұр…

Борандатқан тағы үш күн. Мұз төсеніп ,қар жамылған тағы үш түн… Біз жорықта келеміз.

Соңғы түнеген жерде жауынгерлерге ақ киім-халат берілген .Киіммен бірге солтүстіктің «жел маясы » ұшы майысқан пышақтың ұшындай, ұзындығы бір жарым құлаштай, иген шеңбер сияты, ені бір қарыс шаңғы , ұшында түйе табандай сүзбе шеңбері бар  екі таяғымен бірге әрқайсымызға ат орнына берілген. Асығып адымдап ,желе-жорта жүгіріп, сырғанақ тебе , сырғытып келеміз.

Күн жап-жалтыр , ап-ашық. Айнала аппақ қар, көзің шағылысып қаратпайды. Темірдей қарып, жалап тұрған аяз. Бет-ауыздарын үсікке шалдырып алған жігіттер аз емес. Беті мен иегі қарауытып, қызара жараланғандар бесеудің бірі.

Біз ат-арбаларды айналма жолмен жіберіп, өзіміз баратын жерге жолсызбен тың қалың қарды баса салт, төтелей тіке тарттық. Аяғымызды қарға батпас «қайықт» сырғанақ-шаңғы, қолымызда оның ескегі –таяқ. Әр топтың арасы екі –үш құлашты соза сермеп, лақтыруға юетер жер. Қаз- қатар шағаладай қаптап, қардың бетін сыза тартып келеміз. Шапшаң жүруден денеміз қызып, аязды елер емеспіз. Бұрын шаңғы теуіп үйренбеген жігіттер алдымен аяғына тұсау салғандай кібіртіктеп, таяқ пен аяқты қалай кезек жұмсауды білмей шатысып, әйтпесе, орасан көп көсіліп жіберіп, шалқасынан жығылып , жарым жолға жеткенше көп азаптанып ,кейіннен үйреніп, аяқтанып кетті.

Алдағы майдан шеңберіне бір түстік-ақ жер қалды. Күнге шағылысып ,аспанда қалықтап үстімізден немістің инелік тәрізді бүкір барлаушы самалеті екі –үш рет орала айналып ,кейін қарай өрлей жөнелді. Біраздан соң алыстан ататын, құлашы ұзын зеңбірктің оқтары зуылдай ұшып, асып түсіп қар тозаңын аспанға  құйындай көтеріп, жаңғырығы жарыла бастады. Атымыз шаңғы, қамшымыз-таяқ, «борбайлап »сырғып, ентелей сызып, алға «желе-жорта» жөнелеміз… Дұшпанның он шақты самолеті біздің үстімізден өтіп барып,орағыта бұрылып ,қайта келіп бізді дәлдеп, құйыла төніп, құмалақтай бастады. Келе жатқан бойымызда қарға құлай-құлай кеттік.Ыңырсып, ызылдаған майда бомбалар жерге түскенде бақылдай жарылып, қарды будақтата қопарып көтерді. Біз қарға көміле бұғып жатырмыз…

Шүкір, дұшпанның бірінші  «сәлемдемесінен » шығынымыз жоқ. Асығып –аптығып келе жатқан «ауылымыздың»   алыстан қарсы алуы осылай болды.

Февральдың екінші жаңасы.  Майданның жиегіне топтарымыз азанда келіп жеткен кез. Арттағылар кеш бата жетер . Майданды бұзып өтуге даярлық. Біздің полктың сыбағасына Ново-Свинухово қыстағындағы жаудың жатағы тиді. Барлаушылар неміс жатағының «ауыл сыртын» шолып , болжап алып келген ақпарына қарағанда , жау қыстақты қоршап ор қазып, әр үйдің астын үңгірлей ін қазып, шиырлана мығым бекінген. Қолға анық-қанық дерек айтарлық «тіл» түсіре алмадық. Қолдағы мәлімет шын болсын, теріс болсын барлаушылардың алып келген ақпарлары ғана…

Түн ортасы ауған мезгіл. Мен алдағы батальонның командирі- капитан Гундиловичпен қатар жүріп келемін. Осы жорықта біріншіден рет кірісетін ұрыс дәл бүгін,біраз уақыттан кейін басталмақ. Сол үшін келеміз. Оның басынан аяғына дейін өзім қатысып, бас-көз болып атқаруды осы жолы айрықша міндетім деп білген едім. Оған мені тербете түрткен мынандай жағдайлар еді.

Майданда кей кезде  тар жағдай танауын қусыра тиіп, ретін тапса іремей сояды. Осы сапарда сондай жайға кез болдық.Әлі алды-артымыз жиналмай жатып ,жорықта келе жатқан бойымызша тіп-тікеден ұрысқа кірістік. Топтана күш жинап, қомдана тиюдің орнына біз жүріп келе жатқан бойымызша қолда бармен кіріспек болдық. Солдаттардың көбі бұрын соғыста болып шынықпаған, олардың көбі жақында ғана елден  келген ылғи жасөспірім бала жігіттер еді. Бұрын өмірінде қан көріп, жан тәслім қасында болмағандар. Олар жауынгерлік қанатын бүгін бірінші рет жаймақ. Қанды майданды бірінші рет аттап,адымдарын баспақ. Өлім мен өмірдің арпалыса жан таласып ,бетпе-бет, жекпе-жек шыққанына кездеспек…

Қорықпайтын пенде болмайды. Жандының бәрі де сескенеді.Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен аазаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. «Жаным арымның садағасы » деген сөз бұрынғыдан қалған. Анадан ешкім батыл да болып тумайды. Машықтана қалыптанып, сын өткелдерден тәжірибеленіп аяқтанады, буындары қатады,ширайды.

Бірінші рет соғысқа ену, оңай емес, кімнің болса да алғашқы кезде жүрегі дауаламай соғып, денесі тітіркене сескенеді.Қорыныш сезімін тез жеңу , әркімнің қолынан келе бермейді. Елдің барлығы бірдей салмақты, сабырлы емес. Көзі жоқ көкжал , жүректі жойқын жолбарыс, айбатты алғырт  арыстандай ер, анадан туа батыр болмайды. Тәрбие мен тәртіп тар жолда тәжірибеден тарыға сабақ алып, қысылтаяң жағдайдың қыспағында болып, шегіне барып,шеңгелден құтылып, ашына алға ұмтылып , арпалыста айқасып алып ұрып , көптен көріп оқып барып батыр болады. Оны өмір ұршықтай иіріп ,шылбырдай ширатып, терідей илеп, иін қандырып барып, батыл, батыр деген атаққа ие етеді. Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет. Атаққа ілінудің жолы- алыс жол. Атақ туы- ардақты ар. Ар ,намыс анасы –тәрбие. Тәрбие-«жаным арымның садағасы» дегеніміздің айғағы. Күресте  күш  шынығып,арпалыста арбаудан өтіп барып-айла мен айбындылық  пайда болады.

Бірінші соғыс-жас жауынгерлерге үлкен сын. Өміріндегі өте қатерлі жағдай-жас баланың тұсауын кескендей ,бірінші соғысқа  жас жауынгерлерді абайлап салу керек . Оларға барлық жағдайды тудырып, жауды желкелете отырып , жеңіске жеткізудің болашақта қалдыратын  әсері мол. Егерде жас жауынгер бірінші соғыста жаудан таяқ жеп беті қайтса, екінші айқаста жасқаншақ болып қалуы ықтимал.Әрине, соғыста өне бойы беталыстың барлығы сәтті бола бермейді. Әрқашан жеңе бермейсің , бірде жығылып ,бірде жығу заңды. Дұшпанның орайына келген іс аз болмайды . Тіс қаққан жауынгерлер жеңілсе ашына, ызаланып кектене күреседі. Жаудан өшін алмай оның жаны тыншымайды.

Мені толқытып келе жатқан осындай ойлар еді.

Мен көшеде келе жатырмын.Кей үйлер, жүк тиелген немістің кейбір машиналары лаулап өртеніп жатыр. Лапылдаған жалын ыстық лебімен қарды жалап ерітіп барады. Дұшпан солдаттарының өлігінсіз үй  босағалары жоқ. Біздің жігіттерден де ажал жеткен жерінде қалып жатқандары бар. Айнала жатқан өлік. Жарағын серт ұстап аласұрып жүгіріп жүрген біздің солдаттар.Әр жерде атыс –айқай , соғыстың ың-жың үні.

Құлақшыңдарының құлағын едірейтіп, біздің екі қара домалақ солдат үріккен танадай бір қорадан ыршып шығып , екеуі екі жаққа қарай жүгіре жөнелді. Бір нәрсені ұмытып қалғандай біреуі шұғыл тұра қалып, бұрыла қарап:

-Ай, Жұмажан!-деп жолдасына айқайлап. -Әлгі немісше «тоқта, қолыңды көтер !» дегенді не деп айтушы еді? –деп сұрады. Жұмажан оны естімей ,бет алысынан бұрылмай жүгіріп барады.

Бұдан бір жұма бұрын немістің бірнеше сөздерін солдаттарға үйретіп едік. Міне, бүгін соның нәтижесі. Жігіттің түріне қарай күліп:

-«Һалт! Һенде  хох! » дейді –деп Жұмажанның орнына  оған мен жауап қаттым. Ол бет  алысына қарай жүгіре жөнелді…,- деп жорықтағы әңгімесін «Москва үшін шайқас » атты еңбегінде баяндайды.

Батыс майданы әскерлеріне арналған №0413-бұйрық бойынша 1941 жылы 9- желтақсанда –капитан , Калинин майданы әскерлеріне арналған №0143- бұйрық бойынша 1942 жылы 10-мамырда –майор, ал Қорғаныс Халық Коммиссариатының №06190 бұйрығы бойынша 1942 жылы 2-қазанда подполковник болды. 1942 жылы ақпанда 1075 – атқыштар полкінің құрамындағы екі қазақ жауынгері Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдуллинды Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынып, Бауыржан Момышұлы осы полктегі қызметін аяқтап, өзінің 1073-атқыштар полкының командирі болып кетті. 1943 жылы 15-қарашада Бауыржан екінші рет жараланды. Бір жарым ай госпитальда жатып, екі айлық демалыс алып, Алматыға келеді. Демалыстан кейін Москваға келіп, К.Е.Варашилов атындағы Жоғарғы Әскери Академия  жанындағы білім жетілдіру курсын 1944 жылы қазанда жақсы деген бағаға бітіріп шықты. Содан кейін 1-балтық майданына келіп , дивизия командирі болып тағайындалды. Атақты И.В. Панфиловтың дивизиясында ол алдымен батальон , гвардиялық полкті кейіннен 9-қызыл Ту ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және бес медальмен марапатталған. 1942 жылдан бері КПСС мүшесі болған.  Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысынан кейін Бас Штабтың Жоғарғы Әскери Академиясын бітірді. Қызыл армияның әскери академияларының бірінде әскери педагогикалық  іспен  айналысты. 1956 жылы денсаулығна байланысты запасқа кетеді. 25 жыл өмірін Қызыл Армия қатарында қызмет етуге арнайды. Сөйтіп оның әскери өнері 1956 жылға дейін созылды. Ол взвод командирі қызметінен  гвардиялық  дивизия  командирі  шеніне  дейін  көтерілді.

ІІ тарау. Б.Момышұлының рухани адамгершілік, әскери тарихи мұралары.

  • Б.Момышұлының әскери-теориялық мұрасы және қазіргі кезең.
  • Мені әскери адам еткен соғыс. Соғысқа дейін әскери адам болған емеспін. 1918 жылы солдат болып әскери міндетімді атқарғаным болмаса, менің әсукери білімім жоқ, — деп гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы Совет Одағы жазушыларының кешінде сөйлеген болатын.

Бауыржан Момышұлының әскери шеберлігі, жауынгерлік дарыны сұрапыл соғыстың қатал сындарында суарылып, шыңдала түсті. Оның әскери дарыны 1945 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстарда ашылды. Оның соғыс жылдарындағы аңызға айналған ғажайып ерлігінен жүрек жұтқан өжеттігі әскери қолбасшылық таланты, тапқырлығы мен сабырына жалғасып, бір-бірінен бөлінбейтін, құрыш тұтастықты, жарастықты тудырған еді. Мұның өзі жас кезінде батырдың даңқын кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, әлемнің бірталай жұртына мәшһүр етті. Осыдан 60 жыл бұрын Бауыржан Момышұлы деген өр есім өжет есім тек біздің ғана емес, фашизмге қарсы күрескен халықтардың да сүйіп айтар, сүйсініп айтар, мақтанышпен айтар есіміне айналған. Бауыржан Момышұлы әскери ғұлама ретінде соғыстан соңғы кезеңінде, әскери  академияда практикдан сабақ беретін оқытушы болып жұмыс істеп жүргенде қалыптасты. Момышұлының оқушыларының бірі – генерал-полковник Голушконың естеліктерінде, «Тыл содаттары» деген кітапта көрсеткен. «Біздің аудиторияға жақсы оқытушылардың жалынды ықпалы жөнінде айтқанда, ең алдымен, біздің оқытушылардың жағымды ықпалы жөнінде көз алдымызда жартылай аңызға айналған адам туралы еске алмасқа болмайды. Әңгіме жалпы пратикадан курс оқыған полковник Бауыржан Момышұлы жөнінде болып отыр: біз әрқашан Момышұлының лекцияларын ынтыға күтуші едік. Ол кез келген материалды схемаларға, конспектілерге жиі сүйене отырып, көкейге қонымды етіп баяндайтын. Әрі әрбір тезисті әскери тәжірибесінің тағылымды мысалдарымен орнықтыра білетін. Практиканың күрделі мәселелерін талдай отырып, бізді бірте-бірте өзімізше ойлауға үйретті», — деп айтылған. Қарапайым гвардия полковнигі бола жүріп, Бауыржан Момышұлы әскери қолбасшыларды аз оқытқан жоқ. Оған жасалған әділетсіздікті бәріміз де жақсы түсінеміз. бірақ оны мұқалта алған жоқ. Бірақ  бұл  оны мұқалта  алған  жоқ, және Бауыржан Момышұлы қолбасшы деп кедергі де бола алмайды. Өйткені тарихқа қызметіне атағы бойынша емес, сіңірген еңбегі бойынша енеді. Оны халық батыр деп атады, оны халық қазақтың қолбасшысы деп ардақтады, міне, бұл дүйім жұрт берген әділ баға. Бауыржан Момышұлының әскери теориялық мұраларын сараптай отырып, оның зерттеушілігінің негізгі бағыттарын: стратегия оперативтік өнер, мобилизациялық даярлық, жалпы әскери практика, жауынгерлік әзірлік, әскери даярлық, ұрысты ұйымдастыру жөнінде командирмен жұмыс және жеке құрамды тәрбиелеу, командалық кадрлармен жұмыс деп бөлуге болады.

Оның стратегиялық мәселелерге көзқарастарын  айтар  болсақ

1963 жылғы қарашада Кува қарулы күштерінің басшы құрамының алдында лекция оқығанда Бауыржан Момышұлы кубалықтарға: «Егер Сіздер бірінші класты әскер алсаңыздар – ол бейбітшілікті қорғаушылардың позициясын да нығайтқан болар еді. Қарулы күштер отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау үшін, мемлекеттік мүдделерді сақтау, және өз халқының бейбіт жасампаз еңбегін қамтамасыз ету үшін құрылған»,- деген еді. Момышұлының осы ойлары Қазақстанның әлі жалғасып жатқан әскери іліміне енсе, жаман болмас еді.

Момышұлының айтқан ойлары қашанда өзінің мәнін жоғалтпайды. «Қазақстанның жауы бар ма?» деп өзімізге сұрақ қойып көрейікші. Бұл жерде Бауыржанша жауапберген жөн: «Халықтың еркіндігі мен бостандығына, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастығына қол сұға отырып, басып алушылыққа әзірленіп, оны жүзеге асыру пиғылындағы мемлекет жау болып табылады».

Бауыржан Момышұлы оперативті өнерді қалай түсінді дер  болсақ

Бауыржан Момышұлы қазіргі кездегі ұрысқа өзінің анықтамасын былай береді: «Қазіргі ұрыс шапшаң, күтпеген, ойламаған жайлар мен жағдайларға толы. Қазіргі ұрыста жағдай жиі өзгереді. Жағдайдың өзгеруі командирді алғашқы шешімін өзгертуге, жаңа маневр  қолдануға, ол кей- кейде барлығы бойынша жаңа шешім қабылдауға мәжбүр етеді».

Ол оперативтік әзірлікке өзара әрекет етуге көп көңіл бөледі: «Әрбір жақсы түпкі ой нақты ойластырылған жан-жақты қамтылып, ұйымдастырылған бастама мен іс-әрекеттің жатықтығын қажет етеді», «әскердің бес аспап түрі жоқ. Әскер түрлерінің өзара іс-әрекетінің мәні әскердің бір түрінің жіберген кемшілігін әскердің басқа түрінің жетістігімен жауып жіберуінде», міне Бауыржан Момышұлының ойлары осындай.

Қазір Батыста да ТМД-ның Қарулы күштерінде де «әуе-жер операциясының» тұжырыдамасы туралы айту әдетке айналды. Ал Бауыржан Момышұлы осы проблема жөнінде де өз ойын соғыстан соң-ақ айтып еді ғой. Оның жұмыстарынан: «Авиация мен артиллерияның негізгі күшін дивизияның қорғаныс шебіне шоғырландыру қажет, жалпы әскерлер резервін іске қосып, басты бағытқа қорғаныстың түкпіріне соққы беру үшін шоғырланған күштердің ұрысқа кіруіне мүмкіндіук бермей, олардың іс-әркетін бөгеу мақсатында жаудың резервтеріне авиациямен және алысқа ататын артиллериямен соққы беру керек». (яғни ол шабуыл жасау концепциясын анағұрлым кеңірек қараған, ұрыстағы табыс авициямен жердегі күштердің өзара бірге қиымлдауына байланысты деп есептеген).

Барлық дәрежедегі командирлердің бірінші міндеті: «Барлау, бақылау үнемі жауынгерлік әзірлікте болу», — деп үйретеді Момышұлы.

Бауыржан Момышұлы оперативтік өнерде қоршаудан шыға білуге зор мән берді.Ол: «Тек қана жігерсіз қорқақ командирлер ғана, «амалсыздан ғана» дегенді желеу етіп, қоршаудан шағын топпен шығуға бұйрық беріп, тұтас полктерді таратып жіберді, генералдар Галицкий, Доватор жаудың алыс тылынан ұйымдасқан түрінде алып шықты. Галицкийде, Доватор да сиқыршы – көзбайлаушы болған жоқ, олар тек өздеріне сеніп, тапсырылған әскерді кез келген жағдайда өз қолдарында ұстай білген ерік-жігері асқан командирлер ғана болды».

Талқандалған бөлдімдер мен құрамаларады қатаң басқарудың нәтижесінде ұрыстардан ұйымшылдықпен алып шыққан кезі аз болған жоқ, олар шегіне отырып,  бөлімдер мен құрамалардың командирлері бірыңғай басшылық жасаумен жауға соққы бере білді.

“Дұшпанның әрекет етуінен әскерді ойдағыдай және ұйымдасқан түрде алып шығуды қабыстыра алу, қоршау, бұғауын үзе білу, қоршау жағдайында командирдің ерік-жігеріне және қатаң басқаруына байланысты”, деген қолбасшының мұндай пікірі бүгінде маңызын жоғалтқан жоқ.

Ал мобилизациялық әзірлікке  келетін  болсақ

Бауыржан Молмышұлы мобилизациялық әзірлікке зор мән берді. «Оптимизмнің жайбарақаттыққа салынудың айырмашылығы мынада, жайбарақаттыққа салынғанда қауіп-қатер ұмытылып кетеді. Біз қырағылық және үнемі мобилизациялық әзірлік жағдайына өмір сүруге тиіспіз», — дейтін ол.

Біз Момышұлының еңбектерінен: «Кадр қызмет ететін әскерлер мен запастық арақатынасы бірге он  үш шамасында білінеді. Ұлы Отан соғысының нағыз қызған шағында бізде екі майдан болды. Егер шартты  түрде әрбір майданның кадрлық құрамы 500 000 адамнан десек, онда алғы шепте 6 миллионға таяу солдат әрекет еткені Ал қазіргі соғыс күніне жүздеген мың адамды жұтып жіберер айдаһардан кем емес. Егер сіз осы 6 миллионның сыртында тағы да он екі миллионды мылтықпен ұстамасаңыз онда майданыңызда ойдағыдай ұрыс әрекеттерін жүргіземін деп олайлаудың қажеті бола қоймас. Мұндай арақатынас әскери тетхниканы да, оқ-дәрі азық-тұлік, киім-кешек мөлшерінде де болуға тиіс. Осы 18 миллион солдатты тек азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін күніне 740-750 эшелон, айына 22 200-22 500 эшелон керек болар еді. бұл соғыс ғылымының бұзылмайтын заңы»,- деген жолдарды оқимыз.

Бауыржан Момышұлының есебі мобилизациялық жұмыстарында есептік жаңылысушылықтар мен қателіктері қазірдің өзінде жетіп жатқан Қазақстанның қарулы күштерін құру жағдайында да  мәнін жоғалтқан жоқ. Айтпақшы, оның маңызы жөнінде республикамыздың президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сарыөзек дивизиясының жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде айтқан болатын. Біздің әскери комиссариаттарда енгізілген жаңа штаттық құрылымдар әскери басқарманың жергілікті органдарының бұрынғы қызметкерлерін өкіндіріп, әрі таңдандырып отыр. Ол әскери комиссариаттардың мобилизациялық жұмыстарын тұйыққа тірейді, республиканың мобилизациялық әзірлігі үшін қауіпті. Бауыржан Момышұлы әрқашанда қандай да болмасын бір мемлекет маңызды іске кірісерде алдымен шешімді (немесе, біздің қазір айтатынымыздай тұжырымдаманы) талдап жасап барып, сосын заңдылық базасын анықтап, содан соң барып, басқа шараларды жүргізу қажет деп есептеді. Бауыржан Молмыұшлының бұл айтқанына осы уақытқа дейін Республикамызда мобилизациялық әзірлік жөнінде заң актілерінің жоқтығын және жоқ болатыны концепцияның өзі де әлі жасалмағандығын көріп, сезіп отырғанда дау болмаса керек.

Бұл жерде Қолбасшының ойымен қалайша келіспеске?! Әскери ғұлама ретнде Бауыржан Момышұлы әскери бөлімдерді соғыс кезінде жасақтау проблемаларына зор көңіл бөлді. Ол бұл істе запастағы мамандарды шақыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға оларды дұрыс бөліп, орналастыруға, әскери мақсатта сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерді сапалы жасақтауға әскери қабелітін айқындайтын қызметі бойынша командалық кадрларды орналастыруға, киіндіру мен қаруландыруға ерекше мән берді.

Тактика

Бауыржан Момышұлы жаудың атыс аймағынан шегіне отырып, сосын қайта топтастырып, қарсы шабуылға шығудың «жұмылдырылған қорғаныс» тактикасы, тәсілдерін (екі қатар қорғанысты есепке ала отырып) талдап жасап, негіздеді.

«Атыстан маневр жасау күшті сақтауға және уақыт ұтуға көмектеседі», ол ұрыста «жағдайды қатаң ескеріп, батыл әрі біліктілікпен әрекет ету белсенділік көрсету қажет» , — деп есептейді Момышұлы. «Жау туралы анық мәліметтер алу қиын, бірақ барлау оларда долбарлап емес, негізделген және шындыққа сай келетін ғып табу керек. Қорғаныста қанаттағы жаяу әскерді және қиғаш атылған оқтарды кесіп тастау үшін пулемет оқтарын пайдалану маңызды. Қайта топтастыруға және барлау жасауға түн жақсы. Өйткені ол ұрыс қимылдарының өте күрделі түрі. Егер оны ұйымдастыру қажет болса  ол тек тәжірибе мен шеберлікті ғана емес, тыңғылықты даярлықты қажет етеді», — деп атап көрсетті қолбасшы. Ол қорғаныста танкіге қарсы мина тосқауылдарын қоюға, танкіге қарсы құралдардың атыс және қосымша позицияларын айқындауға көп мән берді. Ол «ұрыс жағдайында жау сыналап кірмек болса, оны оқ жаудыра есінен тандыру керек, ал сосын сәл қарсы шабуылға шығып, қуып тастау керек. жаудың қанаттарға шығып, бұзып өту жағдайында оқ жаудыра қорғану керек», — деп жазды. Шегіну жағдайында «бұйрықсыз шегінбеу керек, бұйрықты алысымен ұрыстан негізгі күшті сенімді атыс бүркемелеуімен алып шығуды ұйымдастыра отырып, шешудің әзірлеген шеп арқылы жүзеге асыру қажет». Қолбасшының бірнеше қанатты сөздері сақталған: «Уақыт күтпегенде командирге «Ақылыңмен асық» деген сөз, ол көз көрмегенде «Топографиялық карта» көмектеседі». «Ұрыстың мазмұны аға командирдің түпкі ойымен, ал бағыныштылардың тәртібі олардың алдына қойылған міндеттерімен айқындалады».                                                                   Жауынгерлік әзірлік жауынгерлік даярлық

Момышұлының жауынгерлік әзірлік пен жауынгрелік даярлыққа байланысты көзқарасы төмендегідей болды:

  • Командирдің жеке үлгісі барлық жерде, бірақ әсіресе жауынгерлік даярлықта маңызды;
  • Әскерді үйрету керек және күнбе күн жауынгерлік әзірлікті талап етіп отыру қажет;
  • Солдат әрқашанда бақылауда болуы және іспен шұғылдануы тиіс;
  • Өзара алмасушылықты тәжірибеде де, ұрыста да үйрену керек;
  • Әр істі табысқа жақсы жолға қойылған тәртіп пен өзара жақсы әрекет еткенде жеңуге болады;
  • Офицерлердің мамандығының төмендегі жеке құрамын тәрбиесі мен шұлғылданатын штабтағы қызмет пен аппараттағыдай еш жерде зиянды әсер етпейді.

Командирдің ұрысты ұйымдастыру жөніндегі жұмысы

Момышұлы көзқарастарының жалпы бағыттары:

  • Ұрыс командирден салқын қандылықты қажет етеді, әйтпесе ол жағдайды дұрыс бағамдап дұрыс шешім қабылдай алмайды;
  • Ашу-ызамен емес, ақылмен әмір ету керек;
  • командир әрқашанда жағдайды білуге, ойлауға, талқылауға салуға, болжай білуге, жаудың ойындағысын шеше білуге тиіс;
  • Командир ойлап байқауға, бұйрық беруге, түсіндіруге, бақылауға, бұйрықтың орындалуын талап етуге тиіс;
  • Басқара білу дегеніміз – ол міндетті өзің түсініп алу, жағдайды бағамдай білу, дұрыс шешімді талап жасау және қабылдау ол шешімді әркімнің санасына жеткізе білу деген сөз;
  • Бұйрық беру – жарым іс, оның көкейге қонымдылығын, айқындығын, жағдайды бағамдаумен қабылданған шешімнің дұрыстығын бағынышты командирдің нақ өзінде және көршілерінде өзара әрекетті, ұрысты қамтамасыз етуді ұйымдастыруда берілген бұйрықты орындауға кіріскенін тексеру керек.

Бұйрықты жүзеге асыруды тесеру мен бақылауды тыңғылықты ұйымдастыру талап етіледі, бірақ ешқашанда қанатының астына алуға немесе сенімсіздік көрсетуге болмайды.

Момышұлы әскери ғылым ретінде құрамалардың бірлестіктердің командирлердің  ұрысты, шайқасты басқарудағы әрекеттерінің тәртібі туралы маңызды зерттеу жүргізді. Бауыржан Момышұлының көзқарасы бойынша жалпы әскери командир өзінің оперативтік тобымен басты бағытта болып, ұрыстың басында ықпал етуге, қалыптасқан жағдайға баға беруге, қарауындағы командирлердің шешімдерін нақтылауға, жарлық, бұйрық беруге неғұрлым қауіп төнідрген бағыттарға қосымша күш енгізуге басқаруға болмай қалған жағдайда жоғары тұрған бұйрық берушіге жағдайды үнемі баяндай отырып, әскерлердің жоғалтып алған өзара әрекеті мен басқарылуын қалпына келтіруге әскерді азық-түлікпен және оқ-дәрімен жабдықтайтын тылдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамсыз етуге, жаралылардың алып кетілуін бақылауға әскерді үздіксіз басқару .үшін байланыстың барлық құралдарымен қамтамасыз ету жөніндеі шараларды қолдануы тиіс.

Жеке құрамды тәрбиелеу.

Момышұлының әскери ғылыми зерттеулерінің негізгі ережелері:

  • Командирлік өнердің басты міндеттереніңі бірі ол – бұқараның жүрегіне жол табу, шектен шықпай намысқа тимей, басқара білу. Саяси және моральдық фактілер әсіресе шешуші рол атқарады. Жауынгердің саяси сана-сезімін, өзінің жауынгерлік борышына адалдығы, мінгетті түсінуі және жағдайды парасаттылықпен бағалай білуі, өзінің барлық күш-қутын алдына қойылған міндеттерді орындауға барынша жұмылдыруға, игі шайқастарға жағдай қажет етсе, өзін құрбандыққа шалуға жауынгердің қабілеттілігі міне, бұл – жауынгердің ең басты қасиеті.
  • Соғысатын – адам, ал техника – оның қолындағы шайқас құралы. Техниканы меңгеретін саналы, тәкаппар, бастамашыл — белсенді жауынгер, — міне, ол нағыз дара адам.
  • Әскери қызмет ету елдің әрбір дені сау азаматы үшін, қасиетті де құрметті борыш. Әртүрлі сылтаумен әскери қызметтен бұлтару ол азаматтық өмірбаянындағы нағыз қара таңба. Егер әлдекім әскери қызметтен бұлтаратын болса, демек ол жалған патриот, ол ар-ұяты жоқ адам.
  • Әскерде қызмет ету жас адам үшін – ол моральдық және дене тәрбиесі жағынан шынығу мектебі. Әскер – ол өз ұрпағының қалың тобымен араласу. Әскер – ол ішкі жинақылық, сыртқы сүйкімділік және ең қиын жағдайда адамның лайықты тәртібінің мектебі. Әскери қызметке денсаулығы жағынан жарамды, әрбір азамат осы ұстамдылық және өзін-өзі тәрбиелеу мектебінен өтуге ұмтылуға тиіс.
  • Жастардың әскерге шақырылғанға дейін құлықтық және дене тәрбиесі жағынан даярлануының маңызы өте зор.
  • Қатаң әскери тәртіп жауынгерлік қабілеттілік пен үнемі жауынгерлік даярлықтың басты негізі болып табылады. Ол әр жауынгердің өзінің жауынгерлік борышын терең сезінуіне патриоттық сезіміне, жоғарғы саяси санасына негізделеді.
  • Әрбір жауынгер заңда, жарғыда және бастықтардың бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережені қатаң және дәл орындауға тиіс.
  • Әрбір жауынгер тәртіп болуға өз қаруын жетік білуге және сақтауға, өз білімін үнемі жетілдіре отырып, парасаттылық көрсетуге дайын болуға өзінің әскери ұжымын құрмет тұтуға, жолдастарына барлық жағынан көмектесуге, өз жолдастарын жаман қылықтарға ұрындырмауға және өзінің командиріне сөзсіз бағынуға міндетті.
  • Командир уставтағы ережелерге, жасы үлкендердің тәжірибелеріне, әскери қоғамдастыққа сүйене отырып, күнделікті тер төге отырып, саналы әскери тәртіпті нығайтуға жетеді.
  • Әскери тәртіпті нығайтудың негізгі әдісі – көзін жеткізу. Еріксіз көндіру әдісі — міндетіне салқын қарайтындарға. Командир салдыр-салақ, ұқыпсыздарды тәрбиелеу үшін еріксіз көндіру әдісін ақырғы шара ретінде қолданады.
  • Командир — өкіметтің де сенімінің көрінісі, ол өзінің қоластындағылардың қамқор ағасы, ол өз жұмысында қарауындағылардың пайдалы ұсыныстары мен пікірлерін есте ұстап, жеке құрамына өзі тікелей араласуы арқылы жан-жақты танып білуге тиіс. Оған зор сенім көрсетілер деген сөз.
  • Бәрі да қалай да оның қалауынша болуы тиіс дегендік емес, ол атап кетуге тиіс емес бірқатар тәртіптер, қанағатшылдық, ынсап.
  • Командир өзінің қарауындағыларды қаһарымен емес, ақылымен тәрбиелеп үйретуі тиіс. Ол мейлінше әділ болуға тиіс, шамадан тыс мақтауға немесе жазықсыз ызаландыруға тиіс емес. Ол талап қобшюлық пен қатігездік деген екі түсініктің арасындағы айырмашылықты терең түсініп, айқын аңғара білуі тиіс. Өз қызметінде олардың арасындағы шекараны қандай жағдайда жоғалтып алмауы керек, өйткені талап қоюшылық дегеніміз- заңдылық, ал қатігездік – ол заңсыздық. Қаталдық барлық заңсыз нәрсе сияқты қорлап ашу-ызаны тудырады. Ешқашанда жауынгердің адамдық ар-намысына тиюге болмайды.

1.2.Бауыржан  Момышұлының  майданнан  жазған  патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери – тарихи еңбектері.

Бауыржан  Момышұлы  жазушы ретінде ерекше  бөлімге  жатады. Ол  майдандағы  жазушылар  тобы.  Қан майданда  ұрыс пен  ұрыстың,  от  пен   оқтың  арасында  жүріп,  тылда  жатқан  халқының  халін  біліп  жүрген,  оның қайғы –мұңына  күйініп  жүрген  жандардың  бірі  де  бірегейі  —  Бауыржан  Момышұлы.  Өзінің  мұндай   қызметі  туралы:  «Мен  бастан  кешкендерімді  жазып  жүретін  жауынгерлердің  бірімін.  Майданда жауынгерлер арасынан  шыққан,    қалтасында  жазушылар  одағының  билеті  болмаса  да   жазатын  майдангерлер   деп  аталатын  бытыраңқы  топ   бар.  Мен   бұл   топты  жазушылардың  жаңа  бір буынының тұтас бір  армиясы  деп  ойлаймын  .  Олар әзір  оқиғаны    болат қаламсаптың  ұшымен,  көркем  сөзбен  шебер   өрнектеуді  меңгере   қойған  жоқ.. Олар көзбен көргендерін,     өздері куәгер  болған   оқиғаларды   соғыстың  қатқын тілімен   жазып  жүр.  Соғыс аяталған  кезде  соғыстың  әдебиет  майданы  да   басталады,  қазір әдебиет  майданында  соғыс  жоқ . Соғыс аяқталғаннан кейін  майдангерлер   армиясы  жазу  өнерін  меңгеруді   қызу   қолға   алып бүгін  де   әдебиет тосқауылында   бұғып  отырған  кейбір  жазушылармен   шайқасатын  болады.  Мұның  өзі  бәлкім  бес  жылдан   кейін  бе ,  болмаса   он  жылдан  кейін  бе,   яки   болмаса   жиырма   жыл өткеннен кейін  болама  —  оны   мен  дәл  білмеймін, »  —  деп өзінің мамандығы туралы айтып өтеді .Қазіргі кезде  сақталған  архив  құжаттарына қарай   отырып,   біз  батыр   атаның   майданда   жүріп  тылдағы   қазақ    мәдениетінң  жақсылығына  күйініп, жамандығына   сүйінгендігін   байқаймыз.  Ол  кісінің  майданнан  жазған  хаттары  көп.   Алайда  біз  олардың  ішінен   мәденитке қатысты   аттарын  бөліп   алып   қарастырайық деп отырмыз.  Бауыржан  атамызды  тылдағы ешбір  жайдың  бейтарап  қалдырмағандығы  өте  қызықтырса ,Бауыржан    Момышұлының  осы  мәселелерге  ой  толғауға ,  қалам  алып  хат  жазуға   ықпал   еткеніне ,  қазақ мәдениеті  бұл  кезде  қалай  дамығанын  осы   хаттарды  тарихи  тұрғыдан    алып  көрсетуге  тырыстым. Ал   ең  негізгі  міндет-  бұл  хаттарға  тарихи  талдау  жасау.

Бұл  бөлімді   жазу  барысында  1941-1945  жылдары  аралығында  жазылған  бес  хатты  зерттеу  обьектісі  ретінде  алып  отырмын:

  1. Мұхтар аға! ( Мұхтар  Омарханүлы  Әуезовке )  11.1942 ж.
  2. Қазақстан КП (б)  Орталық Комитетінің  насихат  және  үгіт  бөлімінің  меңгерушісі  Әбдіхалықов  жолдасқа . 18.10.1942 ж.
  3. Қазақ тілі  туралы   пікір.  Қазақстан  Компартиясы   Орталық   комитетінің  хатшысы  Әбдіхалықов   жолдасқа  15-25.02.1944 ж.
  4. Қаныш аға! (Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаевқа). 07.03.1944 ж.
  5. Әбдіхалықов , Панкратова жолдастарға . 01.09.1943 ж.

Бұл  жүйеде  де  хаттар  хронологиялық  принцип  бойынша  жинақталған. Енді  жекелеген  хаттарға  келейік. Мұхтар  ағаға  жазған  хаты  1942 жылы майдан   даласынан  жазылды.  Хат  орыс   тілінде   жазылды .  Түп нұсқасы   Қазақ  Мемлекеттік  Мұрағатында  сақталған.  Хат  жазылу  тілі  жайында   Бауыржан   Момышұлы   осы  хаттың   басында : «Неліктен  екені  қайдам , қолым  қазақша  жазуға жүрмей  отырғаны-  кешірерсіз.»- деп  келтіреді.  Хаттың  осындай   басталғанына -ақ  наразылықтың,  реніштің  лебі   сезілгендей. Шынымен-ақ  хаттың   жазылуына  негіз болған негізгі  мәселе- Мұхтар  Әуезовтың  8-гвардиялық  дивизияға  арналған  «Намыс  гвардиясы »  пьесасының  жазылуы   болып   табылады.

«Мен   сізге  қазіргі  заманғы  соғыс  мушкитерлер мен  пикетерлердің    соғысы  емес  және  де  Ұлы Отан  соғысының  офицерлері (мундир  киген  кез-келген  пендені емес, нағыз  офицерлерді  айтып  отырмын) —  Сізге   16 ғасырдың  рыцарьлары  емес  деп  жазған   едім…Олар  негізінен  үш  категорияға  бөлінеді:  жақын  қашықтықтағы  офицерлер  ,тактикалық  ойлау   және   тактикалық  мақсаттағы  офицерлер,  стратегиялық ойлау  мен стратегиялық  мақсаттағы  офицерлер. Бұл  соғыста   ұрыс  даласында   қызу  қанды  гладиатордың  қара  күшінен  гөрі  сын  таразысына   түседі-  адамдар ақыл  мен ,  ептілікпен  соғысатын  болды.»

«Сіз  қалайша  «Намыс  гвардиясына» байланысты  бейғамдыққа , тым  аңғал  сенгіштікке  жол  беріп  алғансыз , сіздің  көркемдік  қуаты  күшті , бай , орамды , ұтқыр , тұщымды  да  терең  ойлы  айшықты  талантыңызға  білімсіз , тар  өрісті , парасатсыз , қосалқы  авторыңыздың  қосарласуы  жасанды,  өкінішті , анайы  болып  шыққан  екен».

Өйткені  құдайдың  суретін  салушылар (богомазы) кез  келген  суретшіден  жақсы  салғанымен ,  еш уақытта суретші  болып  саналған  емес, яғни  құдайдың   суретін   салушының  қыл  қаламынан еш  уақытта  суретші  болып  саналған  емес,  яғни  құдайдың  суретін  салушының  қыл   қаламынан  еш  уақытта  нақты   өмірдің  суреті   шыққан   емес…

Әттең, хас  суретшінің  білімсіз   адаммен   бірлесе  жұмыс  істеймін  деп  ойламаған   жерден  құдайдың  суретін  салушы  болып шыққаны  қандай  өкінішті  .

Пьесада  тәртіп,әскери   және   күнделікті  өмірдегі   мінез-құлық  пен  әдептілік  нормалары   мүлдем  көрсетілмеген ,  порнографиялық  жүгенсіздікке  дейін  жеткен,орынды  да  , орынсыз да  кез  келген сәтте  ернін   тоса  беретін  , өзінің  ішкі  сезімін   тежей  алмайтын  ана   ақымақ  Нина   деген  кім?

Валентинаны ,оған  әр  түрлі  болмаған нәрселерді  таңып мадақтаудың керегі  не?

Бұйрықтың күші, оны мүлтіксіз орындалуы, әмір етуші қатар командир ойының нақтылығы қайда?

Жауынгерлік тапсырманы орындау жөніндегі неғылған әңгіме, бос мылжың, кімнің саптың басында жүруіне байланысты неғылған саудаға салушылық, неғылған еркіне салушылық пен жалынып – жалбарынушылық?        Табан тіресе қарсылық көрсетпей, қысылшаң жағдайсыз, кейде уақытша жеңіліске ұшырамай-ақ тымақты аспанға ататын жеңісті қайдан алдыңыз? Неғылған парықсыз, жүрек айнырлық айқай-шу, ура?

Сіз өз еркін қарамағындағы жауынгерлерге ғана емес, сонымен бірге дүшпанға да таңатын, билікті толық қолына алған офицерді қайда жібергенсіз, тіпті Панфиловты қоян-қолтық ұрыстың шебері ретінде көрсетіпсіз. Тактика мен стратеигияның не екенін шынымен түсінбегеніңіз бе?

Жұрттың бәріне бірдей қолына найзалы винтовка ұстаған солдаттай қарауға әсте де болмас.

Біздің әскери ғылымымыз, оперативтік-тактикалық ойларымыз, операциялардың тактикалық-стратегиялық маңызы мен қарама-қарсы жақтардың қалыптасқан жағдайдағы жай-күйі қайда?

Сіз елгезек солдатты, мойынұсынғыш, өте әділ, айбынды, ержүрек, қарапайым жауынгерді қайда жібергенсіз? Сіздің Төлегеніңіз ұрыс даласының солдатынан гөрі сахна сайқымазағына айналған.

Достармен қарым-қатынаста тік әрі дөрекілеумін —  бұл менің кемшілігім. Сіздің ағаттығыңызға тек жазалаумен ғана көмектесе алатыныма өте өкініш білдірмекпін.»

Әрине кезінде Республиканың Орталық Комитетіне, Жазушылар Одағы мен баспа орындарына жай түскендей әсер еткен оншақты парақ бұл хатты түгел келтіруге мүмкіндік болмағанмен оның үзінділері көп нәрсені аңғартса керек. Хат орыс тілінде жазылған. Хатты жазуына түрткі болған мәселе туралы «Бірақ мен бүгінде Үлы Отан Соғысының солдаты қатарында жүріп, соғыстың сын сағаттары мен ауыртпалығын, қайғы-қасіреті мен тақсіретін, жауынгерлік ерлік пен жеңістің қуанышты сәттерін басынан өткізіп, жан-тәнімен, жүрегімен, бар болмысымен, моральдік және адамгершілік жағынан рухани шөліркеген және оған төзімділік көрсеткен мыңнан астам адамның басшысы ретіңде үлкен жауынгерлік коллективтің осы бір жан толғанысын көріп, бастан кешіріп сезіне отырып, парызымды өтеу ретінде – мен осы хатты жазуға мәжбүр болдым. Маған түрткі болған ар-ожданым мен намысым, парызым.» — деп келтіреді.

Қазақстан  КП (б) Орталық

комитетінің  насихат және үгіт бөлімінің

меңгерушісі

Әбдіқалықов Жолдасқа

Осы хатымды тиісті иелеріне ықыласпен табыс етуден бас тарпассыз.

Коммунистік сәлеммен гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы.

18.10.1942 ж.

Қазақстан жазушыларына , журналистеріне , баспагерлеріне.

Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады

(қазақ халқының мәтелі)

Ақын болу шарт емес,

Азамат болу міндетің.

(Некрасов).

Мен қазір адамның жан дүниесіне арналған үлкен агрегатты конструкция жасаумен,көлемді де ілгері көркем туынды жасаумен (оны біз, әділін айтсақ, соғыстың аяғына дейін көре алмаспыз) қолдары тимей жүрген қазақ жазушылары мен журналистерінен осы хатым арқылы олардың ісіне араласып,көңілдерін алаңдатқаныма өте кешірім сұраймын.

Бірақ мен бүгінгі Ұлы Отан соғысының содаттары қатарында жүріп, соғыстың сын сағаттары мен ауыртпалығын, қайғы –қасіреті мен тақсіретін, жауынгерлік ерлік пен жеңістің қуаныш сәттерін басынан өткізіп, жан-тәнімен ,  жүрегімен, бар болмысымен моральдық және адамгершілік жағынан рухани шөліркеген және оған төзімділік көрсетіп жүрген мыңнан астам адамның басшысы ретінде үлкен жауынгерлік коллективтің осы бір жан толғанысын көре, бастан кешіп, сезіне отырып парызымды өтеу ретінде – мен осы хатты жазуға мәжбүр болдым. Маған түрткі болған : ар-ожданым мен  парызым, намысым.

Мен хатты 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы – жауынгерлері мен командирлерінің атынан жалынды сәлем жеткізу үшін жазып отырған жоқпын-бұған менің өкілеттігім жоқ,

Сондай-ақ қызық құмар журналистерге майдандағы біздің учаскедегі ұрыс көріністері жөнінде интервью беру үшін де  жазып отырғаным жоқ – бұған да өкілеттігім жоқ.

Жеке өзімнің көзқарасым тұрғысынан алғанда,жауынгерлердің әділетті талабын Сіздердің бәріңізге жеткізу үшін жазып отырмын,сыпайы да әдепті, саралап сөйлеуден шығыңқырап кеткен мені кеңдік жасап кешіре алатын Сіздердің кішіпейілдіктеріңізге үміт арта  отырып,төменде солдат тілімен қаталдау,дөрекілеу, арсын-гүрсінді жазылған болмашы ғана кірбіңді жайға Сіздер әдебиетші деген лайық салқынқандылықпен , іскерлік тұрғыда құлақ асады деп сенемін. Сірә,бұл үшін уақыт керек (онсыз да уақыт жетпей тұрғанда ) , дөрекілеу болса да, атқарылып жатқан іс жөнінде, әскери қызмет хақында қысқаша жазбақпын, өзіміз бастан өткізіп отырған Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері халқымыз, советтік тыл Қызыл Армия жауынгерлеріне майдан үшін және жеңіс үшін қажеттінің бәрін беріп отыр.

Ұрыс барысында қару – жарақ сияқты әскери киім- кешек те тозады, біздің техникаларды, шеберлер дер кезінде жөндеп беріп отырды, тігінші мен етікші болса тігіп, жөндейді, тозған жабдықтарын жамап-жасқайды, ұсақ –түйек және әдеттегі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, осылайша дер кезінде жөндеп киіс және пайдалану мерзімін ұзартып, жауынгерлерді табанына сыз өтпеуден, жауын –шашын мен желден қорғайды, яғни былғары мен мақта –мата материалдарды халыққа , біздің ортақ ісімізге үлкен пайда келтіретіндей етіп, әбден тозығы жеткенше пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Күресте біздің жауынгерлер мен командирлердің рухы граниттей берік. Олардың әрбірінің жүрегінде қас дұшпанға деген ыза –кек қайнайды. Бірақ жауынгерлердің жаны да қажиды,солдат қатып қалған тас емес, болат емес, шыны емес, адам ,адамға тән барлық амгершілік қасиеттері бар, сергек, тіпті осалдық та жат емес, адам. Ол үнемі ержүректілік ерлік ,қаһармандылық көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жаны күйзелген сәттерде жігерсіздік те , ынжықтық та танылады.Көпшілігі өзін билеген әлсіздікті жеңіп, өзін-өзі қолға алады.Екіншілеріне жолдастары қол ұшын береді. Үшіншілерін командир мен саяси жетекшілері жігерлендіріп , бір сөзбен айтқанда , ертеңгі күнгі шайқасқа жауынгерлер қылыштың жүзі, найзаның ұшындай қайралады,ұрыстың от-жалынында кейбір әлсіздік танытқандарға жігер береді.

Жауынгер де сүйек –еттен жаралған. Ол да өмір,махаббат туралы ойланып , толғанады, сүйіктісінің іңкәр сезімі мен ерке назын,кішкентай қара домалағының былдырлаған бал даусын, бұйра  шашты бүлдіршін қызын сағынады, өйткені ол-ер азамат, ол-әке!

Оның жүрегін жауынгерлік  қуанышы, махаббат қуанышы, әкелік сезім қуанышы кернейді , оны әсем табиғат тамсандырады. Гүлдердің жанға жайлы жұпар иісін сіміре жұтқанды ұнатады. Мол сәулелі күн нұрының жылуын жаны сүйеді, ол түнде көгілдір, бұлтсыз, жұлдызды аспан күнбезіне қызыға қарайды. Бұл өмір ғой, ол тірі адам емес пе.

Ол оққа ұшқан жауынгер жолдасын жер қойнына беріп тұрып үнсіз егіледі. Туыстары мен достарының, жан жолдастарының кірбің қабақ көрсеткеніне ызалынып, ашуланады, қайғырып ренжиді. Кейде ол қалжырап, күйзеледі : оған кес-кетеп алдан шығатын, жанды жегідей жеп еш арылмайтын, өне бойды үңгіп,жанды жұлмалайтын,жан-тәніңді бірдей боршалап ,жаншып тастайтын,еңсені езіп, бой алдырмайтын әр түрлі ойлар оралады.

Мен қатардағы жауынгер емеспін, бірақ та солдатпын, мұның бәрін өз басымнан кештім, көріп, есіттім, жақында блиндажда болған мынандай әңгіменің куәсі болдым. Осындай ойдан сейілу және 10-15 минуттық демалу кезінде,  ұмыту үшін жауынгер киім-кешек салатын қапшығынан кітабын алып, мазмұнын оқи бастайды.

  • Міне! Соғыс туралы ! Солдаттың окоптағы сызды күңгірт блиндаж ішіндегі тіршілігін жазыпты,- деп өзімен өзі күбірлей сөйлеп авторын бір сыбап алып, кітапты анадай жерге лақтырып жіберді,- жазушы мені шайқасты блмейді деп ойлайды, мен болсам ұрыстан қазір ғана келіп отырмын.

Қапшығына қолын қайта сұғып, Мұқабасы әбден тозған кішкентай кітапшаны алып парақтарын аударып былай дейді:

  • Құрметті Антон Павлович! Армысың, менің құрметті

дәрігерім,-ол қолдары дірілдеп Чеховтың қысқа әңгімесін бас алмай  оқи бастады. Оның оты сөнген көздері біртіндеп нұрлана, кітап бетін сүзе  жөнелді, жел қаққан әжімді жүзі жазылып , кезеріп жарылған ерінінде күлкі ойнап алақаны мен тізесін соғып әбден ха-ха-халап  күлді.

Ол мұның мұның оқыс күлкісіне таңырқаған жолдасына кітапшаны беріп жатып, «мә, міне, мына бір жерін оқып көр » дейді қолмен нұсқап көрсетіп.

Тағы да қапшыққа қолын салып ақтарып … аса қуанышпен: орыс поэзиясы мен қара сөзінің генералиссимусы, алтыннан ардақты Александр Сергеевич, -деді. –Осы блиндажда Сізді кездестіргеніме шын жүректен өте қуаныштымын. Қош келдіңіз, мархаббат етіңіз, төрлетіңіз. Бізбенен бірге соғысуға, орыс жерін қорғауға келдіңіз бе? Мархаббат етіңіз,мархаббат етіңіз? Сіз сияқты жауынгер досымның барлығына қуаныштымын.

  • Осы кезде саяси жетекші газет әкеліп берді. Жауынгер қолына «Социалистік Қазақстанды» алды .Әлебір нәрселерді ынтыға іздеп,газет беттерін толық сүзіп, ренжи кері қайтарып былай деді:
  • Тағы да «Майданға көмек» пе?! Бүкіл газеттің бетін алып жатыр. Әрине, мен бұған қарсы емеспін,мұны сөзсіз басу да қажет шығар, бірақ барлық төрт бетке бірдей біреудің керегі бар ма еді… Ауыр күрсініп одан да адамның жан дүниесіне әсер ететін материалдар баспай ма?!- деді. — Әттеген-ай! Редактор, редактор, сен де жүрек жоқ екен ғой, бауырым. Құдды менің пулеметім сияқты: «Сақ, сақ» етіп қайта қайта бас аяғы жоқ: «Соғыс, соғыс, соғыс» деп сарнайсын… Әрине, соғысты мен теріске шығарып тұрған жоқпын. Факт бір жарым жылдан бері көз алдымызда тұрған жоқ па. Қара бидайдың кепкен нанындай қатып қалғансың, бауырым, сөзіме ренжірсің, алайда бәрібір қатып қалғансың деп айтпақпын, соғыс туралы талғамсыз жазасың, өкінішке орай, соғыс жайлы аз білесің.
  • Мә… «Красная зведаның», — саяси жетекшінің орынбасары газетті ұсынды.
  • Әкелші, қандай жақсы хабар жазды екен, — загетті қолына алып оқи бастады…- А! Илюша. Илюшенка. Ерегбургушка! Сен бүгін маған не туралы айтайын деп едің? – оқып, басын шұлғи: — Дұрыс, бауырым, дұрыс айтасың… Парасытты-ақ жан екенсің! Кеше командир сен туралы : «Илья Еренбург – наводчик., снайпер, қаламынан шыққан ойын нысанаға мүлт жібермей дәл тигізетін солдат», — деп айтып еді. Мен жай әншейін өзімнің достық көңілімді айтайыншы. Сен ғой менің жаралы жан дүниемнің күн сайын ұсақ-түйектерін жамап-жасқап, шегелеп беретін бейне бір етікші, тігіп беретін шебер тігіншідейсің. Жарайсың, ұсақ-түйек нәрселерді жақсы-ақ жөндейді екенсің.

Үшінші беттегі өлеңді көріп, даусын көтере:

  • Бәрекелде, Костя Симонов! Сен де осындамысың, лирика солдаты… адамның жан жүрегін елжіретіп жақсы, әдемі-ақ жазасың.
  • Пәлі,біз Абайды мүлдем ұмытып кетіппіз ғой,- дейді екінші бір жауынгер.
  • Ия, қариямен де сырласып, айтқан ақыл-ойын үйренсек, ғанибет емес пе?
  • Сірә, ол жаман жауынгер емес, — деп жауап қайырды бірінші жауынгер, алайда білемісің, жас ұлан, Абай кінәлі емес, ол бізбен бірге қуана шайқасқан болар еді. – Қолын серпе, қабағын түйіңкіреп әңгімесін жалғай түсті. Түсінемісіңдер, бақытсыз жағдай болып тұр. Алматыда қарияны үйінде тұтқындап отыр. Редактор немесе баспаның редакторы оны соғыс біткенше бізге жіберер ниеті жоқ. Соғыстан кейін ол қарияның еңбегін бізге үш том етіп ұсынбақ.
  • Майдан үшін Абайдын жекелеген өлеңдерін жеке шағын кітапша етіп, басуға болады ғой, — деді үшінші жауынгер.
  • Жоқ, — деп даусы дірілдей жауап қайырды оған бірінші сөйлеген кісі, — жоқ деп айттым ғой, сен басуға болмайтынын түсінемісің, бұл ақсақалдың шығармаларын басуға қыруар қағаз шығындалған дейді (себебі оның өлеңдері қазақ жазушыларының бәрінен бұрын басылған), ал баспаның қағаз қоры қазір жаңа алфавитті енгізуді үйреніп жатқан жас ақын-жазушыларға арналған, ұқтың ба?
  • Түсіндім, — деп оған наразылықпен жауап қайырған жас жауынгер, — дәлірек айтсақ қағаз тапшы ғой, бірақ та есімнен жаңылыспасам, меніңше, Совет Жазушылар Одағының председателінің фамилиясы Сараңбаев, баспаның директоры – Қарынбаев, ал «Социалистік Қазақстанның» редакторы, меніңше, Мылжыңбаев емес пе… Мұның себебі, меніңше, осында жатқан сияқты.
  • Сенің айтқаның дұрыс, жігітім, — деді күлкіге қарқ болған араларындағы ересектеу біреуі. – Олардың фамилиялары мүлдем былай болмаса да, сен әділ түрде осылайша мысқылдап жеткіздің. Олар бұған ренжи қоймас деп ойлаймын, өйткені кеше командир ата істеген ісімізге жазамызды беріп: «Миы шайқалған болмаса, әділ, қатты айтқан сөзге ешкімнің де ренжуге құқығы жоқ» , — деп айтпады ма.
  • Жетер, — деп гүр ете түсіп еврейтор, — онан да мен Сіздерге дауыстап «Алексей Куликов жауынгерді» оқып берейін… Борис Корбатовты, ол қарапайым солдатты жақсы біледі. Әрі жауынгер оның басты назарында тұрады. Сондықтан да жақсы жазады, тыңдап көріңіздер.

Мұндай диалог – менің ойымнан шығарып жазғаным емес, шын мәнінде, расында болған еді.

Бұл әңгімені егжей-тегжейлі жазып, әрі Сіздермен бұл қарапайым адал жауынгерлердің арасына шоқ тастағым келмей, жауынгерлердің есімдерін әдейі атамай отырмын…

Жауынгер жолдастар, болашақ әдебиетші, баспагер, редактор, цензор болмаса да дұрыс айтып отыр деп ойлаймын. Сіздерге жауынгер достарымның сөздерін ешбір өзгеріссіз жеткіздім. Расында, олар бұрын да өздері өте құрмет тұтқан Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Әбділдаға да реніш білдіріп, олардың аттарына да әр түрлі өкпе-наз айтты, бірақ менің уақытым болмағандықтан оларын жазып алғаным жоқ. (ол үшін олардан кешірім өтінемін), жауынгерлерге қаламгерлерге хат жазуға таяудағы уақытта жазушылар майдан үшін қысқа мазмұнды әңгіме, өлең жазады, біз көп ұзамай олардың творчествосының бетке шыққан қаймағының дәмін тататын боламыз деп уәде бердім.

Енді аздап өз атымнан айтайын. Жоғарыдағы баяндалған әңгіменің әсерінен мен өзіме ерік беріп, сіздерге төмендегідей жалпы сұрақ қойғым келеді.

Ұлы Отан соғысы майданында шайқасып жүрген кемінде жүз мыңдаған жауынгер қазақтар бар. Олардың басым көпшілігі орыс тілін білмейді. Сіздерден, жауынгерлер мен командирлерден (өкінішке орай соғыс және еңбек майданында бір сапта бола алмағандармен) мен оны сұрамаппын.

  1. Сіздердің қайсыңыз әдебиет майданынның қандай бөлігімен қандай қару түріне (поэзия, проза, драматургия және т.б.) жатасыз? Бұл неғылған бөлім мен қару түрі және солдат ретінде соғыс және еңбек майданында не істеп жатырсыз?
  2. Сіздердің қайсыңыз жауынгерлердің жанын жадыратып оған поэзияның кеудені жарар қош иісін жұтқандай күйге бөлейтін қолда өсірілген раушан мен гүл дестені айтпағанның өзінде солдатқа ең болмағанда солдатқа бәйшешек пен тау қызғалдағын сыйладыңыз?
  3. Сіздердің қайсыңыз солдаттың жан дүниесімен жеңіске жетуге оқ найза және басқа да қару-жарақ сияқты соншалықты қажет ішек-сілені қатыратын қыран-топан күлкіні айтпағанның өзінде, жауынгердің сұсты жүзін жадыратып, еріксіз езу тартқызатын әзіл-сықақ әңгіме жаздыңыз?
  4. Сіздердің қайсыңыз жауынгердің жан-дүниесін ыза-кектің от жалынымен өртейтін солдатты аяусыз кек пен жанға жанмен, қанға- қанмен кек алуға үндейтін халықтың мұңы мен шерін, қайғы-қасіретін, жауға деген ыза қаһарын, өшпенділігін, соғыс тақсіретін толық көрсететін очерктер (немесе сіздерде әдебиетте не деп айтатын еді), жаздыңыз? (Қосымша Сағындықов қазақша аударған К.Симоновтың «Өлтір оны өлеңі»).
  5. Сіздердің қайсыңыз жауынгердің азаматтың батырлық адамгершілік қасиеті, мақтанышы мен абыройы туралы ойландырып, толғандыратын, ұят, опасыздық пен масқара болу сезімінен өз бойын аулақ ұстап, қорқыныш сезімін жеңуге ықпал ететін әдемі, қысқа қарапайым ұғыныңқы, көркемдік қуаты күшті солдаттарға түсінікті түрде өмір, бақыт, махаббат, семья, ар-ождан мен абырой, даңқ, айбындылық, ерлік туралы шығарма жаздыңыз?
  6. Сіздерге солдат ұрысқа өлуге барады деп кім айтты? Жалған! Солдат ұрысқа өлу үшін бармайды. Ол да Сіз сияқты өмірді сүйеді.Сол үшін де ұрысқа барады.
  7. Сіздерге қорқыныш жоқ деп кім айтты? Қорқыныш бар және әрбір тіршілік иесіне тән нәрсе және барлық кезде де кездеседі. Қорқыныш сезімін парыз бен адамгершілік борышты терең сезіну арқылы жеңеді. Адам сезіміндегі осы ақиқат фактіні жасыруға оны шынайы да айқын етіп, қорқақ пен байбаламшылды, жүрексіз бен қарахан басын ойлаушылықты масқаралап, сипаттамауға кім құқық берді?
  8. Сіздерге «Ерлік – табиғат сыйы» деп кім айтты? Жоқ ерлік табиғат сыйы емес. Саналы әскери тәрбиенің жемісі. Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін азаматтың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
  9. Сіздерге солдат жасаған ерлікті, қаһармандықты тиісінше бағаламай, нағыз шынайы фактіні әсерлі тарихи шындықты бір өзі билік жүргіузші офицер мен бұйрықты тапжылтпай оырндайтын солдатты толық бейнелеп көрсетудің орнына жазушының қиялына беріліп, кемітіп, немесе әсірелеп, қағазды көркем шимай-шатпақпен бүлдіруге кім құқық берді.
  10. Сіздерге орыс жазушыларының кейбір жақсы шығармаларын түп нұсқаның мән-мазмұнын дәл орыс тіліндегідей қуатпен қазақ тіліне еркін, жеңіл, түсінікті етіп жеткізуді автордан талап етудің орнына, қазақшаға жолма жол сөзбе сөз (ешкімге түсініксіз орыс сөзін қазақша айту) аударуға кім құқық берді?
  11. Соғыс аяқталғанға дейін күтіп отыру позициясын ұстануға, қол қусырып, жазбай әзірше кездейсоқ материалдарды жинап, әдебиет тосқауылында отыруға сіздерге кім құқық берді?
  12. Кейбір әдебиет еврейторларына әдебиет майданының полкі мен дивизиясына басшылық етуге жол берген кім?
  13. Абай қарияның, оның лирикасы мен данышпандық, даналық ойларын үйде тұтқындап, шығармаларын шағын кітапша етіп бастыруға кім рұқсат бермеген?
  14. Майданға халық даналығы, ертек, әзіл-сықақ күшті әрі түсінікті Суворовтың қанатты сөздеріндей жауынгерлік халық мәтелдерін жеке кітапша етіп басып жіберуге тыйым салған кім?
  15. Дана Жамбылды күнделікті болып жатқан оқиғалардан барысымен үнемі әрі толық хабардар етіп отырмауға, оған сауатсыз, білімсіз орысша газеттің өзін буындап оқитын хатшы бекітіп, сөйтіп ақсақалды Ұлы Отан соғысының қызу күндерінен оқшау қалдырып, бұл даналықтың қуатты агрегатына «іркіліс» жасауға кім құқық берді?
  16. Сіздерге жүздеген мың жауынгерлерді (орысша түсінбейтін немесе нашар түсінетін) – қазақтарды өз ана тілінде шығатын газет пен әдебиетсіз, ескерусіз (мүлдем) қалдыруға кім құқық берді?

Мен солдат ретінде осы сұрақтың бәріне жауап талап етем.

Тағы біраз нәрселер айтайын деп едім. бірақ уақытым тапшы болды. Қаламым шындықты жазып отырғандықтан да хатымды қайталап «Кешірім сұраймын» деген сөзбен аяқтағым келмейді.

Бүгінгі күннің тақырыбын игеруде жемісті творчестволық еңбек ете беріңіздер деген шын көңілден шыққан тілегімді қабыл алыңыздар. Өйткені «Сөз адамды ғана емес, сонымен бірге сол дәуірдегі қоғамды да сипаттайды». (Н.Гоголь).

“Сіздерге деген үлкен құрметпен гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы”,-  деп батыр хатын аяқтайды. Біз бұл жерде не көреміз? Біріншіден, майдан жылдары соғыстағы солдаттарға қазақ жазушылары ешнәрсе бермегенін көреміз. Әсіресе осы хат жазылған 1942 жылдың аяғына дейін. Егер ірі шығармалар жазылса батырдың оны білмей қалуын немесе айтпай өтуі мүмкін емес болатын. Себебі Бауыржан Момышұлы тылдағы мәдениетке, әсіресе қазақ әдебиетіне бей-жай қараған адам емес еді. Екіншіден, осы жағдай тудырған қазақ солдаттарының заңды қарсылыған тудырған еді. Ал Бауыржан Момышұлы осы жағдайдың бәрін ашып-жазды.

Бұл – хаттағы ойдың оннан бірі. Отқа оралып, қан кешіп жүріп осындай батыл сөз айту кез-келгеннің қолынан келуі екіталай. Ол тек жалтақтауды, көлгірсуді білмейтін Бауыржанның, Бауыржандық батылдықтың нәтижесі екендігі сөзсіз.

Хатты кезінде Орталық Комитеттің хатшылары Н.Скворцовтың, Ж.Шаяхметовтың және Жазушылар Одағының төрағасы С.Мұқановтың, ғалым Қ.Сатпаевтың, зиялылардың оқығандықтары айқын көрінеді. Мәселен, Сәбит Мұқанов 1943 жылы 16 маусымда Бауыржанға жазған хатында: «Отан соғысында көрсеткен ерліктерің ғана емес, қан майданның ауыр міндеттерін атқарумен қатар, тылдағы халқының мәдениетін, әдебиетін ұмытпай, соған көмектесуге ұмтылуына ризамын. Сенің өткен күзде Скворцов жолдасқа, осы көктемде Оңдасыновқа жазған екі хатыңды оқыдым. Екеуіне де қазақ әдебиетінің хал-жайын ойлап, оның өткені мен қазіргі халі және болашағы туралы біраз пікірлер айтқансың. Ол пікірлерің көкейіме қонды, сенің  ойларыңды іске асыруға тырысам»,  — деп жазды.

Белгілі сыншы, ғалым Есмағанбет Ысмаилов 1943 жылы 12 желтоқсанда Бауыржанға жазған хатында:

«Мен сіздің қазақ әдебиеті туралы хатыңызбен жақсы таныспын. Онан соң Оңдасынов жолдасқа жазған қазақ халқының ескі әдет салты туралы хатыңыздың нендей мәнмен жазылғанын сырттай естіп, ұқтым. Мұнда елінің келешегі бүгінгі игілігі үшін шын жан ашыған адамның сөзі айтылған. Қуанып, сүйсініп қабыл алмасқа шара барма мұндай батыл, әділ, тура сөздерді? Бұл жалтақ емес, жағымпаздықты білмейтін қайрат иесі адамның сөзі ғой…. Әдебиет, қазақ тарихының талас мәселелері жайындағы сіздің және Мәліктің хаттарының қаншалықты практикалық мәні болғандығы, әсіресе қазақ тарихы жазылған кезде айқын көрінді. Майданда жүріп, сіздер бізге өлшеусіз, орасан жәрдем көрсетіп отырсыздар»,- дегені шындықтың дәл өзі. Бұлардың бәрі түсініктеме беруді қажет етпейтін бұлтартпас дәлелдер.

Бірақ Бауыржанның казак әдебиетіне деген жан айкайын әркім әртүрлі түсінді. Бір катары оған мән бермеді. Оған Бауыржанның 1943 жылы 20 шілдеде Сәбит Мұқановқа : «Өткен  жылы  мен  Әбдіхалықов  арқылы  хат  жазып  едім,  оқығанға ұқсайсыз. «Кім  болса  содан  зеку  ,  жаман  сөздер  ести  беретін  жайымыз  жоқ», — деген  азаматтарда  да  бар  көрінеді»-  деген  сөзі  тілге  тиек  болады  .

Ал  жоғарыда   Сәбит  айтқан   Бауыржан  Момышұлынық  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің   төрағасы  Нұртас  Оңдасыновқа  1943   жылы  18  сәуірде  жазған  хатының  тек  сол   кез  үшін емес, егемендік  алып отырған  қазіргі  қазақ  мемлекетінінің  жауынгерлерін  тәрбиелеу,  жастарды әскерге  даярлау  ісінде маңызы  жоғары.  Ол  хатта  жастарды  ерлікке, тапқырлыққа, батылдыққа, отанын сүюге тәрбиелеуге  ұлттық  салт –сананың, әдет — ғұрыптың  атқаратын  рөлін желіктеген.   Бұл сөздерде   үкімет  шошитындай олар тосырқайтындай еш нәрсе  жоқ.  Оларды кірпідей жирылдырып , идеология  басшыларына   Бауыржанды тентек, қиқар көрсеткен және  бишігештердің шынбайына батқан мына сөздер болуы керек: «Ой , қандай өкінішті… қазір оларды жастар аз біледі… Біздің халқымыздың жауынгерлік  тәрбие беру  жөніндегі бұл игілікті дәстүрлерін біздің «шоқығандарымыз (Бауыржан осылай жазған- Ы.С.) елемеді. Тіпті мәртебелі  төрағаның столда отырған мемлекеттік ақылда емес  адамдардың тарапынан өткенге қарсы жалпы «бүлікші » толқынымен қуғындалды. Бұл сөзсіз ақылсыздық болды».

Не деген ерлік,не деген  батылдық! Коммунистік идеологияның бет қаратпай тұрған шағында : «Қазақ жастарының бойына ана сүтімен бірге салт –сананы, әдет-ғұрыпты ендіру қажет », — деген сөздерін айтпағанда оларға «шоқығандар » деп айту ұлт тәрбиесі жөнінде өз басын көрер көзге құрдбандыққа шалу, саналы түрде өзін-өзі отқа итеру екені әркімге-ақ аян шығар. Міне, отты жылдарда Бауыржан мен Мәлікті халқы тек майдандағы ерлігі ғана емес, халқының тағдырына алаңдап айтқан осындай сөздері, сырттай еміс-еміс елге естіліп жататын майдандағы ерліктері үшін бағалады, құрметтеді , сүйді . Сондықтан да  ұлт жанды Бауыржанның есімін сол жылдарда туған балаларына қойды.

Мұрағатқа  сақталған хаттарға қарағанда,  ақылды   Н.Оңдасынов   Бауыржанның бұл пікіріне шамданбаған , қайта оларды өмірге, тұрмысқа, әдебиетке енгізуді басшылыққа алған. Олай деуімізге Е.Ысмайыловтың Бауыржана  айтқан : «Оңдасынов жолдастың приемында осы өткен қыста  екі –үш рет болғанымызда ол кісі қазақтың ескі әдет-ғұрпының, салттарының жақсы қасиеттерін қалпына келтіру ,жаңарту жөнінде жақсы пікірлерді айтып отырды. Оның негізі сізден айтылып жеткенін кейін білдім.»,- деген сөзі дәйек болмақ.

Шындығында қазаққа ғана тән ұлттық салт дәстүрлері : атшабыс, айт, той, аңшылық , серілік, салдық,  балуандық, мергендік, ақындық, шешендік, зеректік,әншілік, айтыс,меймандостық т.б.бүкіл адамзатқа ортақ боларлық қасиеттеріміз көп болғанмен оған кезінде бұғау салынғанына Бауыржанның қамығуы да , қайғыруы да заңды.

Үшінші хат тікелей тарих ғылымымен байланысты .Ең алғаш рет Қазақстан тарихы көп томдық   ретінде 1943 жылы  шыққаны белгілі. Бұл көптомдықтың жазылуына эвокуациямен келген атақты орыс ғалымдары көп үлес қосқаны белгілі .Бұл жинақтың жазылуында  жауапты редакторлары  Ғылым Академиясяның академигі , тарих ғылымының докторы , профессор Панкратова мен Қазақстан КП (б) Орталық комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Әбдіхалықов жолдастар болды. Хаттың басында бұл көптомдықтың жазылуының мәдениетімізге қосылған үлкен үлес екенін ,  онда біздің халқымыздың тарихы алғаш рет ғылыми негізде жазылғаны туралы айта келіп , Бауыржан Момышұлы бұл жинақ бұрынғы халық тарихындағы жеке адамның  рөлін соншалықты тұрпайыландыруға дейін барған  жалған ғылымилық, жалған марксшілдіктен  ада ,өткен замандардағы мемлекет, қоғам қайратерлердің тарихи прогрессивті қызметін теріске шығарған және кейбір бейшара зерттеушілердің хандар, сұлтандар мен байлардың  және тағы басқалардың марксист емес көзқарастарына зығырданы қайнап, сөйтіп олардың қызметін өз заманының өнегелі адамдары емес, «халықтың  қанын сүліктей сорған» жауыздардан басқаны көре алмаған, біржақтылықтан ада жазылғанын айтып өтеді. Осы жерде батыр сол  кездегі тарихнама  туралы ,ондағы біржақтылықты туралы қиын тоталитарлық жүйеде жазып, ашық айтқан ерлігі көрінді .Содан соң кітап авторлары коллективіне алғыс білдіре отырып , 31- тараудың 84- параграфы бойынша өз ойын айтып өтеді. Осы тарудың жазылуына көңілі толмайтынын айта келіп, былай дейді:

«Менің ойымша :

  1. Дивизияның ұрыс қимылы жалпы ахуал мен ұрыс жүргізіп жатқан екі жақтың да майдандағы жағдайымен байланыстырылмаған.Демек, майдан учаскесіндегі жалпы жағдайға байланысты дивизияның жауынгерлік ұрыс қимылының мәні мен ыкпалы ашылып көрсетілмеген.
  2. Осыдан келіп дивизияның тактикалық міндеттерді шешудегі жауынгерлік ерліктері, сіңірген еңбегінің мәні мен маңызы және оның жалпы… «сан жағынан күші әлденеше мың басым жаудың шабуылың тойтарып тастады…» деп басқа оперативті міндеттерді шешудегі орны шынайы әрі сауатты түрде баядалмаған.
  3. Иван Васильевич Панфиловтың күш жағынан тең емес, соңғы ұрыстарды жүргізуші командир, ұйымдастырушы әрі басшысы , әскери ойдың ,тактиканың батыл жаңашылы , солдаттарды тәрбиелеуші-методист ретіндег і нағыз әскери портреті берілмеген тіпті оның жеңістерінің негізгі себептері туралы тұжырымдар: дұшпанның генералдарынан Панфилов тактикасының басымдылығы айтылмаған.
  4. Жақын қашықтықтағы ұрыс, тактикалық ойлау және тактикалық мақсаттағы офицерлер рөлі көрсетілмеген.
  5. Қарапайым үлгі етер жауынгер ,батыр, ойланып әрекет ететін епті, тапқыр солдат — көрсетілмеген.
  6. Жаппай ерліктің мәні,маңызы мен ауыртпалығы ,жауынгерлердің жіңіске жету себептері мен заңдылығы көрініс таппаған.
  7. Автор өзінің сөйлем құрылымына көңіл аудара бермейді, тіпті ерсілеу терең ойластырылмаған ,шындыққа үйлеспейтін кез-келген әдеп шңберінен шығып кететін-барып тұрған шылқыған өтіріктер кездеседі .
  8. Москва түбіндегі маневрлі қорғаныспен 1942 жылғы қысқы шабуылға шығу бірден-бір ерекше тарихи кезеңдер.
  9. Панфиловтың лайықты ізбасарлары мен оның ісін сенімді түрде жалғастырушылар туралы , И.М.Чистяков жөнінде кітапта бірде-бір сөйлем айтылмаған.
  10. Соғыс сабақтары жинақталмаған , қайнаған ұрыстағы жауынгердің өсуі мен оның тәрбиелік мәні айқындалып жазылмаған.
  11. Ұрыс кезінде туған творчестволық ой, халық даналығына – соғыс жағдайын өте бай тұрғыда бейнелейтін көпшілікке белгілі қызыл әскер мен халық творчествосына көңіл аз бөлінген.

Сіздерге зор құрметпен

Гвардия полковнигі Бауыржан.»-деп ойын аяқтайды.Қосымша ретінде «Бұл тарауды екінші басылымында түзеу үшін  мүмкін болса сіздердің қызметкерлеріңіз дивизияға бір айға келгені жөн болар еді.» — деп өз ұсынысын айтады. Осы ұсыныс туралы  Баукең  «Акиқат пен аңыз» романында былай деп келтіреді: «Немістерді Москва түбінде тоқтатқаннан кейін мен Қазақстан Жазушылар одағына хат жазғанмын- Қазақстан жазушылары мынау сұрапыл соғысты өз көздеріңмен  келіп неге  көрмейсіңдер? Ертең соғыс туралы шығарманы қалай жазасыңдар ?»- дегенмін. Сонда Әбділданы да атаған болуым керек өзің ойлашы сен бір ауыз сөз айтты екен деп  толарсақтан қан кешіп , оқ пен оттың ішінде жүрген саған қай досың артыңнан іздеп келеді. Мен ақпейіл ақын Әбділданың майданға келіп қалғанын бір-ақ білдім. 1942 жыдың сәуірінде корпус штабынан дивизияға келе жатқан жолда машиналарына бомба түсірістен шығып, көктем кезінде  Калинин облысының қара батпағын жарымжан аяғымен тізеден  кешіп , жиырма шақырым жаяу жүріп, қап-қара боп түтігіп Талғар полкіне келген Әбділданы көргенде төбе шашым тік тұрды.Тамағыма бір нәрсе кептеліп қалғандай, дыбысым шықпай оны бас салып құшақтай алғаным есімде. Елдің хабарын айтып, жалынды өлеңдер оқып Әбділда менің де, менің полкымның да құлақ құрышын қандырды.Кейінгі жылдары біздің майданға Әбділда салған айқын жолмен Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Елебеков секілді бірсыпыра мәдениет пен өнер қайраткерлері де ат ізің салған.

Келесі хат, Бауыржанның халық батыры екендігін айқын көрсететін хаттың бірі-1944 жылы 31 желтоқсанда қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаевқа жазған хаттары дер едік.

Хаттың толық мәтінің кейбір үзінділеріне зер салсақ, жоғарыдағы ойымызды дәлелдеп жатудың қажеттілігі болмас деп ойлаймыз,оқып көрейік:Қазақстанның астанасы Алматы қаласында Суворов училищесін ашу, оған Отан соғысында қайтыс болған және жарақат алған қазақстандықтардың балаларын қабылдау керек.Бұл училище Қазақстанда әскери ұлттық бөлімдер мен құрамаларын қалыптастырудың, офицер кадрлардың өсіру базасы болуға тиіс.Сонымен қатар таяу онжылдықтарда ұлттық әскери тәрбиенің өзекті мәселелерін шешудің және оның ерлерінің әскери мәдениетін көтерудің мүмкіндігі болады.

Отан соғысы кезінде өскен қазақстандық офицерлерді есепке алу керек.Қазақ КСР Қорғаныс Халық Комиссариатын ұйымдастыру күніне оның бөлімдері мен құрамаларын байырғы офицер кадрлармен толықтыру үшін оларды білім жетілдіру курстарынан өткізу қажет деген есеппен соғыс өртінде шыңдалған, әскери жоғары тәжірибе алған және қабілетті офицер болады деп үміт артқандарын майданнан кері шақыру керек.Өйткені тек солар ғана жерлестерімізді ұлттық, этнографиялық, психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып әскери оқу және тәрбие мәселелерін дұрыс шеше алады.

Қазақстан аймағында тұрған запастағы бөлімдрді запастағы және әскери госпитальдан оралған байырғы қазақстандықтар есебінен бірте –бірте барлық дәрежедегі кіші офицерлермен  қайта толықтыруға айрықша көңіл бөлу керек , бұл запас бөлімдер бір уақытта ұлттық әскери офицер кадрларын жасақтаудың негізгі базасы болады.

Хатта бұлардан басқа қазақстандық Совет Одағы Батырларының есебін алу,оларға ескерткіш орнату , материалдарын жинастыру, кинолар мен кітаптар , жинақтап шығару, көрмелер ұйымдастыру, 1945 жылдың маусым айына дейін қазақтың халықтық музыкасының әуенің , ұлттық үлгісін сақтап , соның негізінде «Қазақ маршын », «Қазақ атты әскер маршын» жазу қажет деген мәселелерін де көтерген.

Халқының келешегі үшін майданда қан кешіп жүріп Баукеннің мұндай тебіреніске келуі негізсіз емес.Ол: «кім өз ұлтын құрметтемесе және онымен мақтанбаса , сол сөзсіз сатқын және қаңғыбас.», «Ұлттық мақтаныш- ұлт адамдары үшін мызғымас және киелі заң»,-деп ұғынды. Батыл да ащы пікірлерді айтуды азаматтық борышы санады.

Еліміздің тарихы, мәдениеті мен әдебиеті жөніндегі мәселелердегі олқылықтар мен кемшіліктерге Бауыржан тура би болып , қатты сын, батыл, әрі әділ, тура пікір айтты. Біріңғай мақтан ,қошемет сөздерден аулақ болды. Соның бірі : басқалар бабаларының мінез-құлқына, өсиет , ақылына ,әдет, әдеп-ғұрпына жаңа өспірім балаларды  тәрбиелегенде, біз халық қасиетін ,тарихын, әдебиетін елден жасырып, архивтен фелиалға (осылай жазған – Ы.С.) тығып сүрі еткеніміздің жөні қайдан шыққан әдепсіздік?…

Тағы да осы қалыпта 10-20жыл өмір сүрсек қазақты қазақ тарихы, әдебиеті т.б. жақсы халық қасиеттеріне түсіру үшін тілмаш, переводчиктер керек болып, барлық тіл байлығынан айырылып , жап-жалаңаш шыға келмейміз бе?»- деп 1943 жылы 10тамызда жазан Е.Ысмайыловқа жазған  хаты дер едік. Бұл не деген көрегендік! Дәл бүгінгі ахуал осы күйде емес пе?

Тағы айта кетер бір жайт, қазақ халқында соғыс майданы жайлы көз ашып танытарлық көркем әдебиеттің жоқ екені туралы айта келіп, соғыс тақырыбына арналған, соғыс психологиясында жазатын әрбір жазушыға соғыс , майдан жөнінде халық айтарлық көркем әдебиет төменгі салалармен жинақталған материалдарға сүйене отырып  жазылуы керек деп мына жоспарды бередіі:

  1. Стихия молодости . Жастықтың салдарында .
  2. Стихия тайги. Түлейдің опатында .
  3. Стихия преступности.    Қылмыстың салдары.
  4. Стихия нрава.   Салт –сана, мінез-мерзім.
  5. Стихия Альпийская.   Асқар таудың шың –құзында .
  6. Перед бурей у нас тихо.   Ысырап алдындағы бейғамдық.

Бұлар біздің жігіттердің ,халықтың Отан соғымына дейінгі келбетін, мінез-құлқын, тәрбие-өнерін сипаттай шындықпен көрсететін дәстүріне арналып жазылса .

7.Личность  война.                  7.  Жауынгердің тұлғасы.

8.Боевой артель.                     8.  Жауынгерлік тобында.

9.Стихия разума или войны.           9.  Соғыс опатының толғағында .

а) Страх.                           а)  Қорқыныш.

б) Бой.                             б)  Соғыс.

в)2-й тур.                           в) 2-ші екпін.

г) Павторный пункт.                  г) Беті қайтты.

е) Пика и наконечник.                е)  Жау додасын бұзғанда.

д) Кобляки.                         д)  Тартпа шалшық.

ж) Нудная тоска.                     ж)  Мұңды күндер.

з) На Псков.                         з)  Псков бет алысында.

10.Мы потомки Меча и Стрели.     10. Біз батыпрлар ұрпағынанбыз.

Осылай көрсете келе , өз қызметін: «Біздің жазбаларымыз көбіне  «Мышление в понятиях» болғандықтан оларды «Мышление в образе»

етіп елге  жеткізіп,  көптің ортасына салу жазушылардың міндеті»,-  деп өз ойын аяқтайды. Келесі «Қазақ тілі туралы пікір!» атты хаты 1944 жылы Әбдіхалықов жолдасқа арналып қазақ тілінде жазылған . «Тіл маманы болмасам да Алматыға келгелі Орталық «Соцалистік Қазақстан » газетін оқи отырып, кейінгі кезде  жазылған қазақ тіліндегі кітаптарды,желе-жорта қарап шығып, күннен- күнге ұлғайып келе жатқан шым-шытырық «шүршіттенуді» көзбен көре ,  құлақпен ести отырып дәтім шыдамай жазайын деп отырғаным тіл мәселесі туралы» — деп бастайды. Және осы Алматыда емделіп жатқан кезде радиодан , мерзімді басылымнан көрген, естіген бірнеше осы секілді шұбарлауларды көріп ,  қатты күйінгенін айтады.

Бауыржан Момышұлы қазақ, орыс тілдерінде төгілтіп керемет жазды. Атақты жазушының «Ұшқан ұя», «Бір түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас» т.б. көптеген шығармалары талай ұрпақтың үлгі-өнегесіне айналды. Ұлағатқа толы «Ұшқан ұя» романы 1976 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Ал «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындысы орыс  және қазақ тілінде жазылған әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдырын суреттермен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Қазақ халқының «ақын елдің еркесі, батыр елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Баукеңде осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлттар ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайлып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды.

Қорытынды

Қорыта  келе  айтармыз, Бауыржан  Момышұлының артына  қалдырып  кеткен  мұрасы – бүгінгі  ұрпақ  үшін  баға  жетпес  қазына. Бүгінгі  күні  тарихымызды  ұлттық  тұрғыда, тарихи  негізде  кайта  жазу міндеті тұрған кезде Бауыржан Момышұлы  сияқты  ұлттық  батырларымыздың артына қалдырып кеткен еңбектері  кеңінен ғылыми  айналымға  тартылуы  керек.  Бітіру  жұмысымда  Бауыржан Момышұлының  өмірі мен  қызметіне  тоқталдым.  Бірінші тарауында  Бауыржанның  жастық шағы,  өмірі  және  әскери  қолбасшылық  қызметіне тоқталдым. Онда  балалық  кезі  мен  соғыстағы  жасаған  ерен  ерлігін  ашып  көрсеттім.  Ал екінші  тарауында  «Бауыржан  Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери-тарихи  мұралары»»  деп алдым. Онда Бауыржанның әскери-тарихи  мұрасын  қазіргі  кезеңмен салыстыра отырып  жаздым.Екінші  бөлімінде  оның  соғыс  жайлы  жазған  әскери  — тарихи  еңбектері мен майданнан  жазған хаттарын  ашып көрсеттім. Бұл  хаттарда  қазіргі  кезге дейін  қазақ қоғамы  үшін  өзектілігі  жойылмаған  қазақ  мәдениеті , тілі, діні  мәселелері  кеңінен  қозғалған.Осы  хаттарды  негізге  ала  отырып, біріншіден,  сол  кездегі  қазақ  мәдениетінің  жай- күйін  байқаймыз. Екіншіден  Бауыржан  Момышұлының  ұлттық,  патриоттық  тұлғасын  ашуға  көмектеседі. Болашақта  да  шамам  келгенше  өзім  соншама  сыйлайтын , құрметтейтін  тұлғаның  мұрасын  игеруге  күш  салмақпын.  Ұлы  Жеңістің  61- жылдығына  орай  көзі  тірі  ардагерлерге  әр  түрлі  көмектер  көрсетіліп, жақсылықтар  жасалуда. Әрине  біз  не  істесек  те  ол  кісілердің  алдында  мәнгілік  қарыздармыз.  Дегенмен ,  тірлігінде  осы  күнге  жете  алмай ,  еткен  еңбегі  бағаланбай  кеткен  адамдар  қаншама. Бауыржан  Момышұлы  да  сондай  тұлғалардың  бірі. Ол  кісі  тірі  кезінде  көптеген  қиыншылықтарға  тап келген  адам. Бірақ  барлық   қиындықты  өзінің   өр  мінезімен  жеңе  білген,  кең  иығымен  көтере  білген  адам.  Бауыржан  Момышұлы – Кеңес  Одағының  Батыры , халық  батыры , жазушы. Біз  өзіміздің  аты  аңызға  айналған  жерлесімізді  осылай  атаймыз. Бірақ  бұл  әділетті  сөздер  де  қазақтың  әйгілі  батырының  мәнін  ашып  бере  алмайды.  Бұл  сөздерге  алғашқы  қазақ  әскери  ғалымы, ойшыл- философ,  қазақ қолбасшысы  деген  сөздерді  қосуымыз  керек .  Осындай жоғарғы  мәнді  атақтарға ол  әскери – теориялық  ойға  қосқан  үлесімен , өзінің  әлемді  тануының  философиялық  жүйесі мен  және  қолбасшылық  таланты  мен  жетті. Ол үнемі «Халықсыз  батыр  жоқ » деп  айтып  отырған. Бауыржан  Момышұлының  атының  аңызға  айналуы  оның  батырлығына  ғана  емес  жазушылық  талантына   да  байланысты.  Оның  әскери  таланты  1941 жылы  Москва  түбіндегі  шайқаста  айқын  көрінді. Себебі  ол  осы шайқаста  аға  лейтенант  шенімен  алды  батальон , кейін  полк  басқарды.  Армия  генералы  И.М. Чистяков өз естелігінде Бауыржан  Момышұлы туралы : «Бауыржан  Момышұлын  И.В. Панфилов  оның асқан  батырлығы  мен  өжеттігін бағалайтын. Москва  түбінде  оның  батальоны  бірнеше  күн  қоршауда  қалып , полкпен  байланыс  үзіліп ,  жаудың  саны  көп  әскерімен  шайқасты. Қырғын  шайқастарда  гвардиялықтар  жаудың  екі  тәулік  ішінде гвардиялықтар  жаудың  екі  тәулік  ішінде  400- ден  аса  фашистің  көзін  жойды , олардың  Волоколамс  тас  жолына  шабуылын  тойтарды,  ал  кейін  орманда  маневр   жасап ,  қоршау  шеңберін  бұзып  шығып  өз  полкына  қосылды.  Осы  шайқастан  кейін  Панфилов  Момышұлының  батальонын өз  жанында  резерв ретінде  ұстады  және  өте  қиын  шайқастарға  жіберді.»- деп  жазды. [6.148 бет ]

Момышұлының  әскери шеберлігі мен  таланты қатал соғыс  сындарында  шыңдалды. 1944 жылы  Бауыржан  Момышұлы  Бас  Штаб  академиясының  қысқа  мерзімді  курсын  бітіргеннен кейін  9- гвардиялық  атқыштар  дивизиясының  командирі  болып  тағайындалды. Соғыстың  соңғы  кезеңінде  дивизия  басқарған  Бауыржан  Момышұлы  өзін  оперативті  ойлай  алатын,  шайқасты  өте  шебер  ұйымдастыратын,  қанды  шайқастарда  дивизияны  батыл  басқара  алатын   сауатты  қолбасшы  ретінде  көрсете  білді.  Ол  дивизия  басқарған  тұңғыш  әрі  жалғыз  қазақ  болды.  Біз  ол  кісінің  еңбектерін  оқи  отырып  байқағанымыз   оның  соғыс  жылдары  да  кейбір  әскери  құжаттарды  өзі  толтыруы.  Бұл  қазіргі  бейбіт  заманда  сирек  кездесетін  оқиға . Көптеген  әскербасылар   Бауыржан  Момышұлын , тек  қана  гвардия  полковнигі  болып  қалған  Бауыржан  Момышұлын   оқып  үйренді. Олардың барлығы  батырға қатысты  жасалған  әділетсіздікті  білді. Бірақ  ол  Бауыржан  Момышұлына  тежеу ,  бөгет ала алмады.  Себебі  тарихқа  атағы бойынша  емес,  сіңірген   еңбегі  бойынша  енеді.  Оны  халқы  батыр  атады, бұл халқының   сүйікті ұлына  тірі  кезінде  берген  бағасы  болмақ. «Асқар тау алыстаған  сайын  асқақтай  береді» дейді  халық  даналығы.  Осы  ұлы  сөз  Бауыржан  Момышұлына  арналып айтылған . Бауыржан Момышұлының  асқақ  бейнесі  халық  жадынан  өшпек  емес!

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

  1. Бек А. Волоколамское шоссе.             Москва., 1948.

2.Васильевский А.М.  Дело  всей  жизни.      Москва ., 1948.

3.Рокосовский К.К. Солдатскиий долг.            Москва., 1984.

4.Чистяков И.М. Служим Отчизну.               Москва., 1985.

5.Жуков Г.К. Воспоминание и  размышление.     Москва., 1974.

6.Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз.              Алматы., 1992.

7.Ғабдуллин М. Будни  войны.                  Алматы., 1964.

8.Левашев М.А. Талгарский полк.                Алматы., 1972.

9.Селиванов Ф. Панфиловцы.                   Москва., 1958.

10.Кузнецов А. Герои не умирают.                Алматы., 1963.

11.Абишев Г.А. Казахстан в защите социалистического Отечества.

Алматы., 1969.

12.Мұхаметжанов А. Участие казхстанских соединений в битве под Москвой (сентябрь 1941-март 1942г.г.). Дисс. на сойск. учен. степ. док. истор.  наук.                             Алматы., 1967.

13.Нусипбеков А.Н. Казахстанцы в битве под Москвой.// Казахстан в Великой Отечественной Войне.                   Алматы., 1968.

14.Қозыбаев М.К Вдохновитель великой победы.    Алматы., 1971.

15.Аманжолов Қ.Р. Қасиетті парыз.                Алматы., 1973.

16.Шахов Н.А. Ратные подвиги воинов казахстанцев в первые месяцы Великой Отечественной войны (июнь-декабрь 1941 г.г.) Дисс. на соиск.учен. степ. кан. истор. наук.               Алматы., 1991.

17.Балақаев Т, Алдажұманов К. Трудящиеся Казахстана фронту            Алматы.,1985.

18.Аманжолов К.Р. Под боевым знаменем.          Алматы., 1991.

19.Белан П.С. На всех фронтах…                  Алматы., 1995.

20.Серикбаев Б.М. Бауыржан Момышулы в моей жизни.

Алматы., 1996.

21.Млмышұлы Б. Во имя отца.                    Алматы., 1991.

22.Айтказина М.М. Бауыржан Момышулы. Видный военный деятель; ученый и педагог// автореферат  дисс. на соиск.учен. степ.канд.истор.наук.                           Алматы.,1998.

23.Б.Момышұлының  М.Әуезовке  жазған хаты (1942 жыл 11 ноябрь) Қазақ Әдебиеті 1999жыл  30 шілде  №31.

24.Саввин Н. Нейзвестный Бауыржан //Огни Алатау 1991.№18.

25.Ыбыраев Ж. Арпалыс арқауы// Алмата ақшамы. 1990. 21,25,28-мамыр.

26.Қазыбаев К. Бұл осылай болған.(Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев туралы) // Қазақстан коммунисі 1990.№11

27.Сариева Ы.//Егемен Қазақстан 2000-23 желтоқсан.

28.НұршайықовӘ. //Алматы ақшамы-2005-24 желтоқсан,№145-146.

29.Бекхожин Қ. Атыңды мен естідім// Лениншіл жас 1971-18 сентябрь.

30.Мүсірепов Ғ.М. Туған елің тас түлегі. // Қазақ Әдебиеті 1982-18 июнь.

31.Дмитрий Снегин. Ұлы қазақ –Ұлы азамат.//Қазақ әдебиеті 1982-18.

32.Халық Сыйы.                                Алматы., 1986.

33.Айналған аты аңызға Момышұлы.              Алматы., 2000.

34.Асанбай Асқаров. Ұлы Тұранның ұлдары.        Алматы., 1998.

35.Момышұлы Б. Москва үшін шайқас.            Алматы., 1959.

36.Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап.          Алматы., 1991.

37.Момышұлы Б. Біздің генерал.                  Алматы., 1966.

38.Момышұлы Б. Ұшқан Ұя.                     Алматы., 1975.

39.Момышұлы Б. Жауынгердің тұлғасы.           Алматы., 1958.

40.Момышұлы Б. Бір түннің оқиғасы.              Алматы.,1977.

  1. Момышұлы Б. Майдан. Алматы., 1961.
  2. Момышұлы Б. Офицердің күнделігі. Алматы., 1952.

43.Момышұлы Б. Ел басына күн туса.              Алматы., 1970.

  1. Восьмая гвардейская краснознаменная имени генерала-майора И.В.Панфилова стрелковая дивизия. Алматы., 1942.

45.История Великой Отечественной Войны Советского Союза.1941-1945г.г. В 2-х томах.                  Москва., 1956.

46.Провал Гитлерского наступления на Москву.      Москва.,1966.