«Комфорт зонасынан шыққым келеді». Арман Давлетияров Ресейдегі телеарнадан кетті

0
306
Сурет: instagram.com/arman_dav/?hl=ru

Ресейдегі белгілі каналды ұзақ жылдар бойы басқарған Арман Давлетияров қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол бұл ауыс-түйістің астарында ешқандай саяси астар жоқтығына сендірді.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Достар, биыл МУЗ-ТВ @muztv каналына 25 жыл толады. Бүгінгі таңда телеарна өзінің ең биік шыңында тұр — өзінің тарихында көрілім жағынан да, қаржы табу жағынан да ең жоғары көрсеткіштерге ие. Қазір бұл елдегі ең үздік музыкалық арна екенін батыл айтуға болады, жаным барынша тыныш күйінде жай ғана шетке кете аламын.

МУЗ-ТВ алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде басы-қасында болдым. Каналдың 25 жылының 20-сында бірге болдық, осы уақыт ішінде әртіс пен көрермендердің бір емес, бірнеше ұрпағы өсті. Менің МУЗ-ТВ командама кәсібилік пен іске деген адалдығы үшін алғыс білдіремін. Сіздер әрдайым менің сенімді тірегім болдыңыздар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Arman Davletyarov (@arman_dav)

Канал акционеріне сенім артқаны үшін және әртістер мен музыка саласының барлық өкіліне МУЗ-ТВ мен маған деген ерекше қарым-қатынас пен махаббат үшін алғыс айтамын! Сеніңіздер, бұл – ортақ шешім! Елу жылдықты артта қалдырған соң, комфорт шекарасынан шыққым келетінін, әрі қарай жаңа арман-мақсаттарыма жылжығым келетінін түсіндім. Мен МУЗ-ТВ арнасындағы жұмысымнан кетіп жатырмын, алайда менің жүрегім мен жаным мәңгілік сол жерде қалады», — деп аяқтады сөзін Арман Давлетияров.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету