Серік Шәкібаев | өмірбаяны

0
57

Серік Шәкібаев (1926–1999) 27 қыркүйекте Павлодар қаласында туған.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін «Шілікті» совхозына жұмысқа кіріп, комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап, отыз екі жыл бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл, әдебиет факультетінде сырттай оқыған. Көп жылдар (1960–1975) Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.

1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болды.

Көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары:

– Үлкен Түркістанның күйреуі. Роман. А., «Жазушы», 1968;

– Падение большого Туркестана. Роман. А., «Жазушы», 1972;

– Чоң Туркестанның қирашы. Роман. Ф., «Қырғызстан», 1976;

– Чрезвычайная комиссия. Книга-поиск. А., «Жазушы», 1978;

– Көтеріліс. Роман. А., «Жазушы», 1984.