Уразбахтин «Қайраттан» кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспий теңізінде екі балықшы мінген қайық аударылды: Бірінің денесі табылды

Каспий теңізінде екі балықшы мінген қайық аударылды: Бірінің денесі табылды
Фото: Meiramgul Kussainova/Anadolu via Getty Images

Каспий теңізінде балық аулауға шыққан екі адам мінген қайық аударылып, екеуі де суға құлап кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде балықшылардың бірінің денесі табылды. Екінші адамды іздеу жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиға 20 қазанда Ресейдің Дағыстан Республикасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі балықшы мінген қайық Каспий теңізінің Сулак өзені сағасынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан аумақта аударылған.

Оқиғадан кейін екі адамның да хабар-ошарсыз кеткені белгілі болып, құтқару қызметіне ақпарат берілген.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағыстан Республикасы бойынша бас басқармасы жоғалған азаматтардың балық аулауға шыққан адамдар екенін растаған. Оларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің 28 маманы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Құтқарушылар теңіз аумағын тексеру барысында ер адамның денесін тапқан. Одан тіршілік белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қайықта болған екінші балықшы әзірге табылған жоқ. Құтқарушылар оны іздеуді жалғастыруда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер