Екібасты ерекше жылан көпшіліктің таңданысын тудырды (ВИДЕО)

0

АҚШ-тағы Виргиния штатында аса сирек кездесетін екібасты жылан анықталды. Оны тауып алған адамның түсірген видеосы желіге тарап, мыңдаған адамның таңданысын тудырған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерекше тұқымды жыланды Ричмонд қаласының тұрғыны өз бақшасынан тауып алған. Ол дереу түрде арнайы мамандарды шақыртып, жыланды жабайы жануарларды құтқару орталығына жеткізген.

Эрнесто есімді дәрігер жалынға тексеріс жүргізіп, оның сол жақ басы белсендірек екенін анықтады.

Зерттеуші мамандар екібасты жыландардың ұзақ өмір сүрмейтіндерін айтты. Дегенмен, олар сирек кездесетін жыланды жіті бақылауда ұстап, тағы бірқатар тексерістер жүргізбек.