Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы көз жұмды

1
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

980 0 0

Жол апатына кінәлі адам оқиға орнынан қашып кеткен, қазір оны полиция іздеп жатыр

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Алматыда 29 желтоқсанда таңертең болған жол апатынан қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова көз жұмды. 

Жол апаты Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. 

Instagram желісіне видео жүктеген оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол апатынан кейін дереу оқиға орнына келген көлікке Gelandewagen жүргізушісі мен жолаушылары мініп, қашып кеткен. 

«Gelandewagen жүргізушісі басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан үш адам көз жұмды – жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішінде отырған екі әйел. Тағы бір адам жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр», — деп хабарлады тілшісіне Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жол апатынан кейін қашып кеткен көлік иесін анықтады, полицейлер оны іздеп жатыр. 

«Іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі туралы кейін міндетті түрде хабарлаймыз», — деді Әзірбек. 

Кейбір мәліметтер бойынша, нақ осы жол апатында актриса Шолпан Елгезекова қаза болды. 

Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Facebook-те театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекованің мезгілсіз дүниеден өтуіне туған-туыстарына көңіл айтқан. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/