Мәжіліс депутаты «ұйықтап» қалды (ВИДЕО)

0

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азамат Әбілдаев «ұйықтап» қалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

«Сөз депутат Әбілдаевқа берілді».

«Рахмет Құрметті төраға. Құрметті Асқар Оразұлы. Мен сізге сұрағым…»

«Асқар Оразқұлы кетіп қалды. Ол басқа заң жобасы бойынша келген. Бұл Серікқали Аманғалиұлы».

«Құрметті министр мырза…» деп сасып қалды депутат.

Халық арасында «Депутаттар ұйықтап отырады» деген сын үнемі айтылатын. Бүгінгі жиналысқа мұны Азамат Әбілдаев толыққанды дәлелдеді.