Бүгін елімізде аналар күні!

0

 

Қазақстанда қыркүйектің үшінші жексенбісі Аналар күні.

Елімізде бұл мереке ресми түрде 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын.

Бүгін әлеуметтік желілерде әншілер, актерлер, блогерлер, т.б. танымал тұлғалар аналарының фотоларын жариялап, әсерлі жазбаларымен бөлісуде.

Соның бірі танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев аналар туралы:

«Бүгін елде – Аналар күні. Ұрпақ тәрбиелеп, шаңырақтың ұйытқысы болып отырған ақ жаулықты аналарымызға алғыс айту күні!»-деп анасымен фотосын жариялады.