Жас аналарға арналған 7 керемет мобильді қосымша

0

Мәселен,  қолыңыздағы смартфон радиокүтушінің, сәбиді бағатын анықтамалық орталықтың, тіпті ұйықтататын ерекше затқа да айнала алады. 

Тіпті қалта телефонымызға  өміріміздің бір бөлігі кіріп кеткендей. Бұл дұрыс па әлде бұрыс па ол жағын білмедік, алайда жылдамдықпен еніп келе жатқан жаңалықтан қаша алмаймыз. Сондықтан қосымшаларды телефонға жүктеп алып –ақ қыруар шаруаны тындыруға болады. Оның үстіне уақыт үнемделеді.

Cloud Baby Monitor

Балаңызды бөлмеде ұйықтатып кетуден қорқасыз ба ? Енді ол қорқынышты ұмытыңыз.  Cloud Baby Monitor қосымшасында 21 ғасырда баланы классикалық үлгіде бесікке бөлейтін радиокүтуші бар. Ол қосымша, баланы қашықтан бақылап отыруға көмектеседі. Сіз ол үшін айпад сияқты құрылғының біреуін камерасын балаға қаратып орналастырасыз да, ал екінші телефонды өзіңіздің қасыңызда ұстайсыз. Сіздің гаджетіңіз басқару пульті болып тұрады. Яғни балаңыз ұйықтамай мазасызданып жатса, музыкалық нота деген нүктені бассаңыз баланы  ұйықтатып береді.  Егер баламен сөйлескіңіз келсе, микрафон деген нүктені басасыз. Түнгі режимге қосып алып, баланың ұйқысын күзетуіңізге болады.

Baby Night Light

iOS, Android үшін тегін қосымшалар

Егер балаңыз қараңғыдан қорқатын болса ? Түнгі деп аталатын қосымша оны ұйықтатуға мүмкіндік тудырады. Бағдарламаны қолданған кезде ол,  баланың көңілін жайландыратын жылы жарық жібереді. Сосын жүректі тыныштандыратын әуен шығарады. Әсіресе гаджетті балаға қаратып қойып, қой, қоян, күшік сияқты жан-жануарлардың дауыстарын шығарып қойсаңыз,  сәбилеріңіз балбырап ұйықтап қалады.

Baby Story

iOS үшін тегін қосымша

Балаңыз үшін миллион фото жасасаңыз –оның әрқайсысы шедевр болып шығады. Әр ана баласы үшін мақтанады.  Сондықтан,  PIXO Incorporation компаниясы өз нәрестелерімен мақтанғысы келетін ата-аналар үшін фоторедактор жасап шығарды.

Сіздер бұл қосымшадан түрлі коллаждар табасыздар. Мәтін жазылған фото, стикер, қызықты шрифтердің бәрі осында. Стикерлерден бөлек қосымшада ғашықтар күніне арналған  тақырыптар да жеткілікті.

Баланы емізу. Күнделік

iOS тегін қосымша

Баланың дүниеге келуі ата-ананың өмірін күрт өзгертеді. Шақалақ үнемі ата-ананың назарын аудартады. Егер жас ана баласын емізетін болса, ол барлығын бақылауда ұстау керек. Сәбидің жөргегі уақытында ауыстырылды ма, сүтін емді ме, қанша уақыт ұйықтады, қанша салмақ қосып, бойы қаншаға ұзарды деген сияқты мәселелер ата-ананы әбіржітіп жіберетіні анық. Әсіресе педиатр осы ақпаратты сұраған кезде жас ананың шақшадай басы шарадай боп кетеді.

Сол кезде есің шығып, ебің қашпас үшін әрбір іс-қимылды түртіп отыратын арнайы бағдарлама бар. Сәбидің күнделігін телефоныңызға жүктеу арқылы, сондағы емізу, памперс ауыстыру сияқты тетіктерді басып отырсаңыз болды бар ақпарат әлгі  күнделікке жазылады. Сіз педиатрға барғанда ақпаратты еш шаршамастан, миыңызға салмақ түсірместен көрсете саласыз.

«Радуга» атты сәби күнделігі

Android үшін тегін қосымша.

Мүмкіндігі жоғары тағы бір күнделік қосымшасы бар.  “Радуганы” жүктеп алсаңыз, онда күнделіктен өзге, органайзер және қарым-қатынас жасайтын аймақ та бар. Яғни сіз бағдарламаны жүктеген кезде электронды  пошта ашып, балаңыздың аты-жөні мен туған айы-күнін жазып қойсаңыздар болады.

Интерфейс   бағдарлама 8 құрылымнан тұрады

  • Қүнделік ( мұнда жас ана қажетті ақпаратты жаза алады).
  • Кесте (іс-әрекетті жоспарлау, ескертіп отыру мүмкіндігі).
  • Баланың жасына қатысты мақалалар.
  • Жағымды әуендер (жаңбырдың жауғаны сияқты сәбилерді балбырататын әуендер қосуға болады ).
  • Аудиодыбыстар (кино мен ертегілерден алынған атақты әуендер ).
  • Ертегілер ( OZON жинағы ).
  • Тақпақтар .
  • Жас аналарға кеңес берер форумдар.

Viber. Ева гинекологтың чат-боты

iOS, Android үшін тегін

Телефон шалып, жазысып пікір алмасу үшін  Viber-ге тең келетін чат-бот жоқ.  Себебі сен форумдарға жазылу арқылы үнемі толғандыратын сұрақтарға жауап аласың.

Баланы өмірге әкелу-ол әйелдік денсаулығыңды ұмытпау керек деген сөз. Сондықтан, кез-келген әйел Еваның гинеколог-ботына назар аударуы керек. Виртуалды өмірдегі құрбың кез-келген қиын материалды  қарапайым тілмен жеткізіп береді. Бот кеңес берсін десеңіз, қосымшадан бір тетікті басып, өз сұраңыңызды жазасыз. Жасанды интеллект дәріні қалай ішу керектігін, баланы емузудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Тіпті, кейде Ева дәрігердің нұсқауынсыз дәріні іше беруге де болмайтынын ескертіп отырады.

Анамның кітабы

Android үшін тегін

Ананың кітабы басқа анықтамалықтарға қарағанда иллюстрациясымен ерекшеленеді.  Кез-келген бөлімнен қызықты материалды тауып алуға болады. Мәселен сіз баланы қалай орау керектігін білмесеңіз, онда бұл анықтамадағы материал сізге кеңес беруге әрқашан дайын. Бүл бір энциклопедия десе болады. Бұл қосымшаға сіз балаңыздың күнделікті бойы жасы туралы жазып отырсаңыз, статистикалық мәліметтер жиналып тұрады.

Оқи отырыңыз:

Сәкен Майғазиевтен 10 кеңес  

Баспанаға ақшаны қалай жинау керек – экономистердің кеңесі

Балаға мамандық таңдауға 6 кеңес

Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес

KzNews.kz