Lifestyle

Түс және түс жору

Түс және түс жору

Түс – тылсым құбылыс. Ол болашағыңыздан хабар беріп, өміріңізге ықпал етеді.

Бүгін түсіңізде не көрдіңіз? Түс жору арқылы түс әлемінің сырын ұғынып, көрген дүниеңізді неге жору керектігін біліңіз. А Аға, бауыр, әпке, қарындас: көру – отбасылық бақыт; алыстау – бақытты оқиға; ұрысу – өкінішке ұрыну. Ағайындар: ағайындарыңыздың сау әрі күш-қуатқа толы екенін көрсеңіз, демек өзіңіздің не олардың тағдырындағы өзгеріске қуанасыз; ағайындарыңыз кедей халде болып, көмек сұраса, жақын күндері жағымсыз оқиға орын алады. Ағаш: гүлдеген ағаш – үлкен бақыт; өртенген ағаш – шығынға ұшырау; жемісті ағаш – жақсы жолдаспен кездесу; ағашқа шығу – әр нәрседе бақытқа кенелу. Ай – құпия билік, тыныштық пен күптеген оқиғалардың белгісі. Айна – арам, жалған достар. Акула – дұшпан. Ақтау – мерекелік іс-шараға қатысу. Ақша: ақшалы болу – үлкен шығын; жалған ақша – мұрагерліктен айырылу; көп ақша көру – күтпеген жерден байлыққа кенелу; көп ақша санау – табыс табу; қарызға беру – үрей мен машақат. Алма – даналық пен марапат белгісі. Алмаз – байлық пен отбасындағы береке. Алмұрт: жеу – құрметсіздік; ағашта өскен алмұрт – бақытты неке; алмұрт ағашын сілку – құрмет. Альбом – қуаныш пен шаттық Апельсин – денсалуғыңыздың тез қалпына келіп, сырқаттан айығу. Аспан әлемі – болашаққа құрған жоспарларыңыздың орындалуы. Ата не әже: оларға жолығып, сөйлесу еңсеруге қиын түсетін қиындыққа ұшырайтыныңызды білдіреді. Аяқ киім – саяхат; таза, әдемі аяқ киім – сәтті сапар; жыртық аяқ киім – дерт пен кедейлік.   Ә Әйел адам – қастықтың белгісі. Әртіс – екіжүзді дос, өтірікші серіктес. Әскер – қоғамдық маңызы бар оқиға.   Б Базар: базарда жүрсеңіз, өзіңізді жетілдіруді жалғастыруыңыз қажет; базарда саудамен айналысу – өзіңізді саудаға арнау. Байлық – өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындау арқылы қызмет мансабыңыздың өсуі. Балалар – қуаныш пен кіріс. Балапан – отбасындағы қуаныш. Банан – көңіліңізге ұнамсыз адаммен қарым-қатынас. Бас киім: қымбат әрі бай тігілген бас киім – танымал, табысты болатыныңыздың белгісі; ескі, киілген бас киім меншігіңізді өзгенің иемденетінін аңдатады. Бит – байлық. Бұқа, өгіз: түсіңізде бұқа көрсеңіз, абай болыңыз; оны сою – шыдамдылықты тану; өлтіру – қауіптен құтылу. Бұлт – ісіңіздегі қиындық. Бұршақ – табыс, сәттілік, мол өнім.   Г Гаухар тас – жалған достық, опасыздық, екіжүзділік. Гүл: әдемі гүлдер – өмірдегі қуаныш пен шаттық; түсіңізде гүл алсаңыз, сізді әлдкем жақсы көреді; солған гүл – дерт.   Ғ Ғашықтар: ғашық болу – бақытты шақ; ғашықтарды көру – қызғаныш.   Д Дауыс: дауыс естісеңіз, үмітіңізді үзбеңіз. Дән – ісіңіздегі сәттілік, мол өнім, тұрмыстағы табыс.   Е Егіздер: егіздерді көру – ұрпақты болу; егіз балалы болу – отбасылық қуаныш. Елтаңба – құрмет пен марапат. Есік: есіктен кірсеңіз, сізді көре алмайтын, арам ойлы адамдардан арылуға деген талпынысыңызды білдіреді. Ет: ет жеу – сырқаттану; сатып алу – пайда; еттен тамақ дайындау – береке; ет көру – жайсыздық.   Ж Жаңбыр – ісіңіздің табысты болуы, сәтті әрі қомақты табыс. Жәшік: толы жәшік – жетістік пен кіріс; бос жәшік – сәтсіздік. Жол – уайымсыз өмір; тік жол – жоспарлардың асықпай орындалуы; нашар жол – кедергілер; бірнеше тарамға бөлінген жол – жамандық пен жақсылық арасындағы күрделі таңдау. Жұлдыз: жарқыраған жұлдыз көрсеңіз, ол мықты денсаулық пен жақсы өмірдің белгісі; күңгірт жұлдыз – бақытсыздық пен қайғы. Жүгіру: жүгірген адамдар – ақшалы болу; бір орыннан қозғалмау –сәттілікті ұзақ уақыт күту; межеге дейін жүгіріп жету – ойланып басталған іс; әлдекміді қуып жету – бақытқа қол жеткізу. Жүзім – табыс, сәттілік, қуаныш, денсаулық. Жүктілік: жас әйел үшін – махаббаттағы бақыт; кәрі адам үшін – жақын күндері бақилық болу. Жылан – әйелдер арасындағы дұшпан; жыланды өлтіру – тұрмыстық қиындықтан арылу. Жібек – тиімді істің басталуы. Жіп – өміріңіздегі қиындықтардың әлі де алда екенінің белгісі; үзілген жіп – достарыңыз себепті қайғыға ұшырау.   З Зират – денсаулық, ісіңіздегі жетістік пен ұзақ өмір.   И Ине: ине тауып алу – басыңыздың дауға қалуы; сыйлыққа ине алу – жолдасыңыздан айырылу.   К Кедей: өзіңізді кедей халде көру – жайсыздықтың белгісі; кедейлерді көрсеңіз, бойыңызда мәрттік, мейірімділік сезімдері оянады. Кедейлік – үрейлену, қынжылу. Кеш – пайдасыз келісім. Киіз үй – кедейлік, қорлық көру. Киім: сатып алу – бақыт; қара киім кию – уайым-қайғы; ақ қиім – өмірге разылық. Көбелек – қуанышты өмір белгісі. Көгершін: шатырдағы көгершін – жақсы жаңалықтар; ұшып жүрген көгершін – қуаныш; көгершінді өлтіру – жақын достан айырылу; жем беру – қайырлы іс істеу. Көз: әлдекімнің көзі соқыр, қыли не көзінде кемістігі болса, ол ісіңіздегі сәтсіздікті, алданатыныңызды аңғартады; көзі сау адамды көру – ісіңіздегі сәттілік, қуаныш. Көкқұтан: шалғында жүрсе, бақытты некені білдіреді; ұшып жүрсе не көкқұтанды ұстап алсаңыз, ол құдалықтағы машақатты аңғартады. Көктем – оралу, тамсану, махаббат пен қызметтегі сәттілік. Күнә: күнә жасасаңыз, ар-ұятыңыздың дауысына құлақ асыңыз. Кілт – билік пен күш-қуат белгісі. Кір – байлықтың, өнімді еңбектің, күтпеген оқиғалар мен өсектің белгісі.   Қ Қазына – орындалмаған үміт. Қайғы: өзіңіздің қайғыға ұшырағаныңызды көру – қауіп-қатерге тап болу; басқа адамдардың қайғысына куі болу – басыңызға көптеген сәтсіздік келеді. Қақпа: қақпаны ашу – өміріңіздің соңы бақытты болады; күшпен ашылса, табысқа кенелесіз. Қарбыз: ер адам үшін – жағымсыз жағдайлар; әйел адам үшін – жүктілік. Ал қыз үшін – жақын күнде тұрмысқа шығу. Қарға – жайсыз хабар, өкініш, дерт. Қас: түсте әлдекімнің қасын көру жолыңыздағы күтпеген кедергіні аңдатады; қара қас – денсаулық, қасты күйдіріп алу – мұрагерлік жайында дау. Қасқыр – қас дұшпан, жайсыз жағдай, сатқындық пен өтірік. Қой – ақымақ дос. Қонақ: әлдеқандай шаруамен келген қонақ – сақтық таныту; қонақ болу – үлкен шығын не жақсы көретін дүниеден айырылу. Қыс: жастар үшін – ашулы адаммен отбасын құру; отбасылы адамдар үшін – қорқыныш.   М Мақта – нәтижесіз еңбек. Монша – қауқарсыздық, үмітсіздік, алдану.   Н Нан: ақ нан жеу – молшылық пен қанағат; қара нан – мұқтаждық, қайғы; нан турау – опасыздық; көгерген нан – дұшпандар; нан сатып алу – отбасылық шығын. Неке: түсте некелесу міндеттеріңізді атқаруға ораласыз.   О Омырау: омырау ақ әрі толы болса, жақын күндері табыс пен бақыт күтілуде. Орамал: жібек орамал – ғашықтық. От – орындалмас армандар.   Ө Өрмекші – қауіпті дұшпан; өрмекшіні өлтіру – жеңіс. Өрік жағымсыз жағдайлар мен шығынды білдіреді.   П Періште – жақсы жолдасқа жолығу. Пышақ – ұрыс керіс, жайсыз жағдай.   С Саңырауқұлақ – миға қонымсыз қалау мен табысқа кенелу жолында ақымақтықпен асығыстыққа бару. Саяжол – тағыдырыңыздың бұрынғыдай жақсы болмайтынының белгісі. Сиыр: жуас сиыр арман-үміттердің орындалуы. Соғыс – жайсыздық, бақталастық, ісіңіздегі қиындық. Су: суық су – бақыт; су құю – дұрыс іспен айналысу; лай су – кедергі; шомылу – күдіктен арылу; суық су ішу – денсаулық; жылы су ішу – дерт; суда жүру – қиындықтарды жеңу. Сүлгі: кір сүлгі – көре алмаушылық; сүлгіні жырту – жақтырмау. Сыпырғыш: сыпырғыш көру – үйдегі келеңсіздік; жаңа сыпырғыш – жалған достар; ескі сыпырғыш – ескі танысыңызбен жолығу; сыпырғышпен сыпыру – өсек. Сырқат адам: түсіңізде ауырсаңыз, өміріңізде уайымдамаңыз.   Т Тау: көру – әлдекімнің қорған болуы; тауда жүру – қиындық пен кедергі; шыңына шығу – торуылдан құтылу; қарлы шыңды тау – ниеттің дұрыстығы. Тиін: ер адам үшін – қу әрі өтірікші әйелмен таныстық; әйел адам үшін – нашар адамның алдап-арбауына түсу. Тоқаш: сатып алу – табыс; турау – ақша жинау. Толқын – оқуда нық қадам жасап, үлкен ілімге ие болу. Топырақ – ауыр, қиын, салмақтылығы зор еңбек. Тосап: қайнату – сүйікті істе табысқа жету; жеу – махаббаттағы сәтсіздік. Төбелесу, күресу – аурудан айығу, махаббат пен қызметтегі сәттілік, дұшпандарды жеңу. Түйе – ұзақ әрі қиын өмір. Тіл – бос сөз.   Ұ Ұлу – ісіңізде табысқа кенелу. Ұрлау – қорлық көру, кедейлік, уайым. Ұру: адамды не жануарды ұру – ауры, уайым, жоғалту. Ұшу – үміттердің орындалуы, ісіңіз бен махаббаттағы сәттілік. Ұя – баспаналы болу, тыныш әрі жақсы өмір.   Ү Үй: үй салу сырқат адам үшін бақилық болуды, сау адам үшін ауыр еңбек пен машақатты аңғартады; өртке оранған үй – мол табыс. Үйлену: отбасылы ер адам үшін – опасыздық; бойдақ еркек үшін – алдау мен мұң. Үйлену тойы – жайсыздық, ұрыс-кіріс. Үйрек: тұнық суда жүзіп жүрген үйректер саяхат, теңізге саяхатты білдіреді; үйрек аулау – жоспарыңыздың орындалуындағы күрт өзгерістер; ұшып жүрген үйректер – бақытты өмірдің белгісі.   Х Халық – маңызды жаңалықтар. Хат: хат алу – көп ақша; хат жазу – қызыққан дүниеңіз жайлы хабар алу; тауып алу – қызметіңіздің өсуі.   Ш Шабуылдау – жұмыс күтіңіз; шабуылға ұшырау – арам пиғылды жолдастардан сақ болыңыз. Шалбар: қара түсті – төзім; ақ түсті – адасқаныңызды түсіну; жыртық – беделіңіз түседі; шалбар кию – үйде басшы болу. Шарап – көңілі толу, жақсы көңіл-күй. Шаш: тарау – жақсы табыс; қию – отбасындағы қаза; өсуі – істеріңіздің табысты болуы; сату – бақытсыздық. Шелек: толы – ісіңіздегі жақсылық; шелекпен құдыққа бару – еңбекқорлығыңыз үшін марапат; судағы шелек – құрмет. Шие – қылмысты махаббат, заңсыз қарым-қатынас. Шыңға шығу – қиындықтарды еңсеріп, барлық салада жетістікке жету. Шырақ – сенім, тыныштық, сезімнің белгісі.

Источник: Stan.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz