«Анамды басқа адаммен шатастырған»: Алматыда коронавирустан көз жұмған әйелдің қызы анасының қазасы жайлы – Қазақстан жаңалықтары

0

Ғайни Әміреева Алматыдағы 12-ауруханада қабылдау бөлімінің жедел сатысында жұмыс істеген. 14 күн бұрын қайтыс болып, Қараойдағы коронавирустан қаза болғандар жатқан зиратқа жерленген.

Бұл туралы «Сөздің шыны керек» бағдарламасында айтылды. 

Қызы Әйгерім Әмірееваның айтуынша, анасын түнгі сағат 23-00-де қараңғы қабірге апарып қойған. Жаназасын шығаратын имамды екі сағатта тауып, анаммен апыл-ғұпыл қоштастық деді.

Дәрігерлер анасының коронавирустан қайтыс болғанын айтқан. Алайда қызы анасына өтемақы бермей жатқандарын айтты.

Ал, аурухана жетекшілігі президент айтқан 12 млн теңгені бермейміз, себебі анаңыз медициналық қызметкер емес деген. 14 мамыр күні анасының жұмыстан шыққаны туралы анықтама берген. 

Ғайни Әміреева 13 сәуір күн қан қысымы көтеріліп, дәрігер шақырған. Ол бірнеше рет сынама тапсырып, коронавирус жұқтырмағанын айтып жүрген екен. 16 сәуір күн науқастармен байланысты болды деп карантинге алып кетеді. 

«Қарауыл маған анаңызды шатастырып алған деді. Әміреева Ғайни Нұрғалиқызы мен Әміреева Гаухар Жұраханқызы деген екі адамды шатастырған деді», – деді Әйгерім. 

Қызына дәрігерлер анасының жағдайы жақсы екенін атқан. Тек соңғы бір аптада инсульт алғанын айтқан. 

«Маған коронавирустан қайтыс болды деді. Жарайды ал олай болса, неге өтемақыны бермейді.  Ол медициналық қызметкер емес дейді. Ол аурухананың ішінде жүріп ауру жұқтырды емес пе? Сыртта жүрген жоқ қой», – деді қызы. 

Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері міндетін уақытша атқарушы Гүлнәр Қоқаеваның мәлімдемесінде аурухананың он қызметкері өз еркімен жұмыстан кетті делінген. Оның ішінде Ғайни Әміреева бар.

«Анаңыз 14 сәуірде жұмыстан кеткен деді. Ол кезде жансақтау бөлімінде сөйлей алмай жатса, қалай жұмыстан кетеді дедім мен. Біз солай жазамыз дейді кадрлар бөліміндегілер», – деді Әйгерім.

Гаухар Әміреева 12-аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Айзат Молдағасымованы 33 қызметкер атынан сотқа береміз деп мәлімдеген. Министрге де сын айтқан. Гаухар Әмірееваны полиция басқа ауруханаға әкетпек болған. Кейін басқа науқаспен шатастырғанын айтқан. Осы кезде полиция мен арнайы бригада Гаухар Әмірееваны Ғайни Әміреевамен шатастырса керек.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз