Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

0

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева Болашақ бағдарламасымен Лондонға кеткеніне бір жыл уақыт өтіп, енді елге қайтатынын мәлімдеді. Алған білімін қазақ өнерін дамытуға жұмсайтынын да атап өтті. 

Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті.Елге қайтатын уақыт та келді. Ия Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп,білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып,үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын.

Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп , алған ДИПЛОМЫМДЫ көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді.

Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес және әлемнің есігі қай жаста да кімге де болса ашық!”БІЛІМ АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ! Достар өзімді өзгертем, өмірімді өзгертем, өсемін,бай боламын, бақытты боламын, ортамды өзгертемін десеңіздер Жаратқанға деген сеніміңізді жоғалтпай білім алсаңыз барлық тілектің орындалатынын түсіндім, — деп аяқтады жазбасын Айгүл Иманбаева.

Әншінің өнеріне тәнті болған оқырмандары жарыса құттықтап жатыр.

фото: azattyq.ruhy