Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіне белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

Головкин и Шеремета

Головкин польшалық Камил Шереметамен АҚШ-тың Чикаго қаласында айқасатын болды. Десек те олардың рингке шығатын нақты уақыты әлі белгіленбепті. Промоутер Эдди Хирннің сөзінше, жекпе-жек тамыз айында өтуі мүмкін екен. 

Екі спортшының күресі осымен бірнеше рет кейінге шегеріліп келеді. Алдағы жұдырықтасуда Головкин IBF орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап шығуы керек. 

Еске салайық, бұған дейін Головкин әлемдегі ең үздік боксшылар рейтингінде бірінші орын алғаны айтылған еді. 

 

stan.kz