42500 теңгелік жәрдемақыны студенттер де ала алады – Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер қандай жағдайда 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алатынын айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студент

«Студенттер – кәмелетке толған еліміздің азаматтары. Елімізде 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген. Көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді, әсіресе, мейрамханаларда, сауда орталықтарында қызмет жасайды. Төтенше жағдайға байланысты олар да табысына айырылып жатыр. Сол себепті олар да 42 500 теңгеге өтінім жасай алады. Студенттің шәкіртақы алуына тексеріс жасамаймыз. Оларға жеке-дара ережелер қарастырылмаған. Сондықтан қазақстандықтардың барлығына бірдей талаптар қойылады. Егер сіздің атыңызға бірыңғай жиынтық төлем аударылса немес өзіңіз төлесеңіз, сізге де  жәрдемақы тағайындалады», – деді Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол бұл жағдайдың декреттегі әйелдерге де қатысы бар екендігін атап өтті. Сөзінше, егер баласы бір жастан асқан аналар қызмет жасаған мекеме белгісіз себептерге байланысты өтініш жасамаса, онда азаматшаның өзі жәрдемақыға өтінім жібергені дұрыс.


Үш мекемеде тексерістен өтеді: Еңбек министрі 42500 теңгелік жәрдемақыға қатысты қазақстандықтардан кешірім сұрады

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз