Қазақстанда өз еркімен берілген жемқорлардың аты-жөні аталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Халықаралық іздеуде болған Киреев, Кунгуратов, Жарқынбеков пен Мақажанов құқық қорғау органдарына өз еркімен келген

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Шетелде моральдық-психологиялық проблемаға тап болып, елге өз еркімен келуге келісетін жемқорлар көбейген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген қашқындардың жақын туыстарымен және достарымен әңгімелесу тәсілі өз тиімділігін көрсеткен. Ондайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер өз еркімен берілген адамның жазасы қалай өзгеретінін жан-жақты түсіндіреді.

«Мәселен, ата-анасымен және адвокатымен сөйлескеннен кейін білім және ғылым вице-министрі Шаяхметовтің ісі бойынша бес жыл бойы іздеуде болған Киреев өз еркімен агенттікке келді. Ол Ресейде жасырынып жүрді», — делінген хабарламада.

Тура сондай әңгімеден кейін Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлық жасаған Кунгуратов, Жарқынбеков пен Мақажанов Шымкент қалалық департаментіне келген.

Қашқын жемқорлардың қатардағы ұры-қарылардан басты айырмашылығы сол, олар ауқымды іскерлік байланыстар мен қомақты қаржының арқасында қашудың жоспарын бүге-шігесіне дейін ойластырып, артынан соны ойдағыдай іске асырып жатады. Алайда шетелге барғаннан кейін моральдық-психологиялық проблемаларға тап болады екен.

«Қашқын қылмыскерлердің ақшасы тез бітеді. Оған қоса, жақын туыстарымен араласудан қалады, туған жерін сағынады. Қорқыныш маниясы пайда болады. Тіпті, өз-өзіне қол салу паранойясы сияқты моральдық-психологиялық проблемаларға да тап болады», — деп түйіндеді мамандар.



sputniknews.kz