Жұмыссыздық деңгейінің қарапайым моделі слайд,презентация

0
227

Жұмыссыздық деңгейінің қарапайым моделі слайд,презентация

Жұмыссыздық

Қазақстан Республикасының статистикалық  мәліметтеріне сүйене отырып, жұмыссыздық деңгейінің қарапайым моделін зерттеу
Жұмыссыздық – еңбек нарығының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.    
Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.
Жұмыссыздық деңгейі дегеніміз – жұмыссыздардың экономикалық тұрғыдан белсенді халықтағы үлесі және мына формуламен есептеледі:
мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, L – экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны, E – жұмыспен қамтылғандар саны, U – жұмыссыздар саны.
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады. Фрикциондық жұмыссыздық деңгейін мына формуламен есептейді:    

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!