Жұмсақ дәрілік формалар слайд,презентация

0

Жұмсақ дәрілік формалар слайд,презентация

 

Жұмсақ дәрілік формалар

 

Жақпа майлар.
Линименттер, пасталар.
Ботқалар, болюстер.
Суппозиторилер, пластырлер.

Жақпа майлар (unguentum) – жақпа май негізінде біртегіс таралған, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, тұтқыр консистенциялы жұмсақ мөлшерленбеген дәрілік форма. Құрамында қабынуға қарсы, антисептикалық, жансыздандыратын және т.б. заттар болады. Жақпа майлар теріге, кілегей қабықшалардың, жарақаттың беткейлеріне жағу үшін қолданады.

Әртүрлі белгілеріне бойынша жіктеледі.
белгіленуі бойынша
қолданатын жері бойынша
дәрілік заттың дисперстік дәрежесі және оның таралуы бойынша
Белгіленуі бойынша
Қорғаныш жақпа майлар. Оларды проф. мақсатта теріге және кілегей қабатқа жағу үшін, оларды улы заттардың органикалық еріткіш микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданады. Жақпа майлар бұл түрлерін мамандық зияндылығы бар әртүрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор.
Қосметикалық жағар майлар. Оларды теріні жұмсарту, коректендіру үшін. Пигментті дақты кептіру емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады. 
Емдік жағар майлар, медициналық жағар майлар. Ең маңызды болып табылады. Терінің зақымданған жеріне, кілегей қабатын бағытталған түрде жергілікті локальды әсер көрсетеді. Күкірті шырыш тағы басқа.
Резарвтивті әсер ететін жағар майлар. Резервция – сіңу, тері немесе кілегей қабатқа терең қабатына өтіп қан тамыр немесе лимфаға жетіп бүкіл ағзаға немесе жеке мүшеге әсер көрсетеді. Нитрон жағар майы – 2% нитроглицирин майлы ерітіндісін стенокардия ұстамасында қолданады.

Қолданатын жері бойынша 
жақпа майдың өзі Unguenta. Дерматологиялық жақпа майлар
мұрынға арналған жақпа майлар. Unguenta rinalis, nosalis
 көзге арналған жақпа майлар Unguenta ophthalmica
вагинальды жақпа майлар Unguenta vaginalis
уретральды жақпа майлар Unguenta uretralis
ректальды жақпа майлар Unguenta rectalis
Дәрілік заттардың дисперсті дәрежесіне қарай 4 топқа бөлінеді:
Гомогенді жақпа майлар — онда дәрілік заттар ерітінді түрі бойынша таралған, яғни дисперстілігі олардың молекулалық формасына ұсқас;
Суспензиялық немесе тритурациялы жақпа майы —  май негізінде ерімейтін микроскопиялық қатты ұсақ бөлшектерден тұратын дәрілік заттар. Олар суспензия түрі бойынша таралған.
Эмульсиялық жақпа майлар – майлар негізінде ерімейтін сұйық дәрілік заттар, оның бөлшектері жақпа май негізінде эмульсияланған түрде таралған.
Аралас (комбинированный) жақпа майлар физико-химиялық қасиетттері әртүрлі заттардан тұрады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!