Қазақша өлең: Серікбай Маханов (АРҚАЛАНШЫ АРҒЫСТАН)

0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (АРҚАЛАНШЫ АРҒЫСТАН) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (АРҚАЛАНШЫ АРҒЫСТАН) на казахском языке

Алғырланба арзандатып атыңды ,
Арамдатпай алдыңдағы асыңды .
Айтқаныңнан адаспағын Арайлым
Арбағанда , алдағанда арыңды ? !

Айта алмадым ақылымды армандап ,
Арсызданып абайсызда алшаңдап !
Абыройды асқындырмай азайтшы
Айналдыра арқандарға арқандап .

Асқарланған асылдарын айтайын ,
Арқарлардың адасқанын айдайын .
Айнығанда асау аттай аспандап
Айналаға алыстайды айқайың .

Ақындарым аянбағын айтыстан ,
Ауылдарың алаулайды алыстан .
Айналайын адамдарым ауылдың
Алламыздан арқаланшы алғыстан !

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!