Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономикалық проблемаларды атады

0
118

Тұңғыш президент мемлекеттер сауда нарығын кеңейту үшін бәсекелестік ережесіне қайшы әрекеттерге баратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканың негізгі проблемаларын жариялады. Ондай жағдай ешкімге жақсылық әкелмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бір қарағанда әлемдегі экономика тұрақты болып көрінеді. Алайда оның арғы жағында көптеген қауіп-қатерлер мен қарама-қайшылықтар бар.

«Әлемдік экономиканың өсу қарқыны 3,6 процентке дейін төмендеді. Алайда бастапқы болжамда 3,9 процент болған. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2019 жылда аталған көрсеткіш одан да төмен – 3,3 процентке дейін түседі деп отыр», – деді Назарбаев XII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында.

Тағы оқыңыз: Миллиондаған адам неге кәсібін ауыстырады?

Ондай жағдайда мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейеді. Әрбіреуі өзінің сауда нарығын кеңейтуге тырысады. Бәсекелестік ережелеріне жат әдіс-тәсілдер де қолданылады.

«Біз Қытай, АҚШ пен Еуропа арасындағы сауда-саттық қатынастарының ушығып отырғанын байқап отырмыз. Дамушы мемлекеттерде «макроэкономикалық стресс» бар. Саяси популизм де артып келеді. АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық текетірес бар. Оған тағы ядролық қауіпсіздік пен қару-жарақ саласындағы келісімдердің тұрақсыздығын, қару-жарақ жарысына жақын тұрғанымызды қоссақ, жағдай алаңдатарлық деп айтуға болады. Ондай жағдай ешкімге жақсылық әкелмейді», – деп атап көрсетті Тұңғыш президент.



sputniknews.kz