Нерв  таршықтары

0
82

Нерв  талшықтары – нервтік  импульстарды  өткізетін, глиалді  қабықпен  қапталған  нерв  клеткаларының  өсінділері  [1,17,31].

Глиалды  қабықтың  құрылысына  (онда миелиннің болуы  немесе  болмауына)

байланысты  нерв  талшықтарының  миелинді  және  миелинсіз  —  екі  түрін  ажыратады.

Миелин  нервтерге  ақ  түс  береді.  Миелінді  талшықтарда  глиалды  қабық  қалың болады  және  нерв  талшығының  көлденең  кесіндісінің  1/2 -2/3  диаметрін  құрайды.. Миелинді  қабық  —  нерв  талшықтарының  бойымен  өтетін  нервтік  импульстардың  көрші  тіндерге  таралмауын   қамтамасыз  етеді.  Қалың  миелинді  талшықтарда  импульстердің  өту  жылдамдығы ,   шамамен  80-120 м/с,  орташа  қалыңдықтағыда – 30-80 м/с,  жұқа  миелинді   талшықтарда – 10-30м/с.

Қазіргі  кездегі  анықталғаны  —  жуан   (12-20  мкм)  миелинді  талшықтар  негізінен  қозғалтқыш  импульстарын  өткізеді,  орташа  қалыңдықтағы  (6-12мкм) талшықтар  — проприоцептивтік ,  тактилдік  және  температуралық  сезімталдықты, ал жіңішке  (1-6мкм)  миелинді  талшықтар – ауырсыну  импульстарын  өткізуге  қатысады. Осыған  орай,  талшықтардың   жуандығына  қарап  нервтің  функциялық  қасиетін  анықтауға  болады (қозғалтқыш, сезімтал, аралас).

Миелинсіз  талшықтар  кіші  диаметрлі  (1-4 мкм)  болады  және  1-2 м/с  жылдамдықпен  импульстарды  өткізеді.  Миелинді  талшықтарда  импульстар  мезгіл- мезгіл  түйдектеп  (түйдектеп  (секіріп)  серпінді  өтеді,  ал  миелинсіз  талшықтардың  айырмашылығы ,  оларда импульстар  үзіліссіз  өтеді.  Миелинсіз  нерв  талшықтары  вегетативтік  нерв  жүйесінің  эфференттік  талшықтары  болып  табылады, яғни  олар  ішкі  ағзалардың , бездердің  және  тамырлардың  иннервациясын  қамтамасыз  етеді .

Орталық  нерв  жүйесінде  нерв  импульстарының  өту  бағытына  сәйкес   талшықтардың  екі  тобы  ажыратылады : шеттен  орталыққа  бағытталған  және  орталықтан   шетке  бағытталған .  Орталыққа  бағытталған  талшықтар  — ағзалардан  жұлынға  немесе  миға  бағытталады  және  қызметіне   сәйкес  афференттік (өрлемелі) талшықтар  (өсінділер)  деп  аталады. Орталықтан  шетке  бағытталатын  талшықтар – мидан  немесе  жұлыннан  ағзаларға   (бұлшықетке , тамырларға , бездерге ) баратын эфференттік  (төмендемелі)  талшықтар  (өсінділер).

Орталық  нерв  жүйесінің   (ми  мен   жұлынның )    деңгейінде  (ішінде) орналасатын    нерв  талшықтарын  —  ми мен  жұлынның  ақ   заты  деп  атайды.