Нерв жүйесіне жалпы шолу

0
57

Нерв жүйесіне жалпы шолу

 

Нерв жүйесі  дегеніміз  —  адам  организмнің ,  яғни  ағзалардың  ішкі  және  сыртқы  қоршаған  ортамен  байланысын  қамтамасыз  ететін  (тітіркенулерді  қабылдау , сезіну   және  жауап беру ), ағзаларда  жүріп  жатқан  барлық  жұмыстарды  реттейтін , барлық  ағзалар  жүйесін  бір  бірімен  байланыстырып    және   үйлестіріп    организмнің  біртұтас-тығын     қамтамасыз   етіп  тұрған  нервтік   құрылымдардың    анатомиялық   және   қыз-меттік   бірлестігі  ( 1- сурет).

Нерв  жүйесі   анатомиялық   құрылысы   және   атқаратын  қызметіне   байланысты сомалық   ( анималық)  және   вегетативтік   болып  бөлінеді.

Сомалық  (анималық)  нерв  жүйесі  (1-сурет)  —  адам  организмін  сыртқы  және  ішкі  ортамен  байланыстырады,  яғни  тітіркендіргішті    қабылдап,  сезіну   ( көру , ауырғанды  сезу , иіс , дәм сезу  т.б.) және  біздің  еркімізге  байланысты  жиырылатын  қаңқа  бұлшықеттерін  (мойынды  бұру ,  қол – аяқты   бүгу ,  жазу  ж.т.б) және  кейбір  ішкі ағзалардың  ( тіл, көз алмасы, жұтқыншақ ,  сыртқы  сфиктерлер т.б.).

Вегетативтік  нерв  жүйесі —  ішкі   ағзаларды ,  жүректі  және  тамырларды   иннервациялайды,  яғни  біздің  еркімізге  байланыссыз   жиырылатын  бір  салалы  жазық  бұлшықеттерді  нервтендіреді.  Сонымен  қатар ,  бездердің  секрециясын  және  температураны  реттеу,  иммундық  және  трофикалық  қызмет  атқарады .

Топографиялық  тұрғыдан  нерв  жүйесі  орталық және  шеткі  деп  бөлінеді:

-орталық  нерв  жүйесіне   ми   және  жұлын  жатады ;

-шеткі  нерв  жүйесін , ми  мен  жұлыннан  тыс  орналасқан  барлық  нервілік

құрылымдар  құрайды:  ми  ( 12 жұп )  және  жұлын  (31 жұп)  нервтері  мен  өнімдері;

жұлынның  алдыңғы  және  артқы  түбіршіктері ,  симпатикалық  және  парасимпатикалық

нервтер;  олардың  тармақтары;  ми  мен  жұлын  нервтерінің  түйіндері ; нерв ұштары (рецепторлар  мен  эффекторлар); шеткі  нерв  жүйесі – ми  мен  жұлынды  рецепторлармен және  эффекторлармен  байланыстырады.

Нерв  жүйесінің  құрылымдық  бірлігі  —  жоғары  мамандандырылған  нерв

клеткалары  (нейрондар )  немесе   нейроциттер  ( 2 – сурет ) .  Адамның  нерв  жүйесінде

1011—  ден ( жүз  миллиардтан )  1012 –ге ( бір  триллионға) дейін  нейрондар  болады. Бала

туылған  кезінде  нейрондар  бөліну  арқылы  үш есесе  көбеюге  қабілетті  екендігін  және

туылғаннан  кейін  жаңа  нерв  клеткаларының  түзілмейтігін,  өлген  нерв  клеткасының  қайтып  қалпына   келмейтіндігін  білген  жөн .Сол  себепті   адам  туылғаннан  кейін  және

өмірінің  барлық  кезеңдерінде  нейроциттердің  саны  тұрақты  шамамен  жылына  10 млн

нейронға   азаяды ,  яғни   табиғи    ( физиологиялық)  азаю  процессі  жүреді  [1].

Нейрондардың   негізгі  үш  бөлімі  ажыратылады   ( 3,4-суреттер ):  денесі  және  екі  өсінділері  (нерв  ұштарымен).

Өсінділердің  екі  түрі  болады: дендриттер  және  аксон (нейрит).

Дендриттер   (грек.dendron-ағаш)  —  нервтік  импульсты  нейронның  денесіне  өткізеді.

Дендриттердің  саны  әртүрлі:  мүлдем  болмауы  немесе  жалғыз  болуы  немесе  саны  онға  дейін  жетуі мүмкін.

Аксон  (грек.axon-білік,өс) – әр уақытта  біреу  болады, ең ұзын өсінді (1мм- ден 1,5 м-ге  дейін)  және нервілік  импульты  тек нейронның  денесінен  келесі   нейронға  өткізеді.

Ескеретін  жағдай,  нейрондар нервтік импульсты тек бір бағытта ғана  өткізеді: дендриттерден  клетка  денесіне,денесінен аксонға аксоннан (нейриттен)  қозу алға қарай келесі нейронның денесіне  немесе  дендриттеріне  беріледі.

Нерв клеткалары  жұлын  мен мидың  анатомиялық, морфологиялық  негізі  — ақ және сұр заттарын құрайды.. Ақ затты нейрондардың  өсінділері (дендриттер мен аксондар), ал сұр затты  нейрондардың  денесі  түзіледі.

Сонымен  қатар,  нерв жүйесінің  морфологиялық  негізін,  нейроннан  басқа, глиялық  клеткалар  (нейроглиялар)  құрайды  (5-сурет).  Глиялық  клеткалар  нейрондарға қарағанда  он  есе   көп  болады.   Олардың  қызметі:  тірек,   қорғау,   оқшаулаушы,  тосқауыл (барьерлік)  және трофикалық.Нейрондардың  қызметтік   белсенділігі  глиялық  клеткалардың  қалыпты  жағдайына   тікелей   байланысты   болатындығын  ескерген  жөн [1,4,9,17].

2-сурет. Нерв  жүйесінің  құрылымдық  бірлігі – жоғары  мамандандырылған  нерв

клеткалары  (нейрондар) немесе  нейроциттер [4].

 

1.1.Нейрондардың  жіктелуі(6,7-суреттер)

 

1.1.1.Нерв  клеткаларының өлшемі бойынша [1]:

а) денесінің  өлшеміне байланысты:

-ұсақ  нейрондар (4 мкм-дан 20 мкм-ға дейін);

-орташа – (20 мкм-дан 60 мкм-ға дейін)

-ірі – (60 мкм – дан  130 мкм-ға  дейін);

б) өсіндісінің  ұзындығы – микроскопиялық  деңгейден  1  метрге   дейін   жетуі  мүмкін.  Мысалы,  нейронның  денесі   жұлында  орналасады.  ал  оның  өсіндісі (аксоны) қол  мен аяқ  ұшында   аяқталады.

1.1.2. Денесінің  пішіні мен өсінділерінің  саны  бойынша [1]  ( 6,7-суреттер):

-бір өсінділі (униполярлы) – адамның  нерв  жүйесінде  көбінесе  кездеспейді;

-екі өсінділі (биполярлы) – арнайы  сезгіш нейрондар (көру, дәм және иіс сезу, есту  және вестибулярлық  қозу);

-жалған  бір  өсінділі  (псевдоуниполярлы)  —  жалпы  сезгіш  нейрондар   (ауырсыну,  температура,  тактилдік,  бұлшықеттердің  жиырылуы  мен  босауын сезіну);жалған   бір  өсінділі  деп  аталу  себебі, денесінен  бір  өсінді  шығады да,

кейіннен  ол екі  тармаққа  (шеткі  және  орталы ) бөлінеді;

-көп өсінділі (мультиполярлы):

а) майда мультиполярлы  нейрондар – ассоциативті

(байланыстырушы) клеткалар;

б)орташа  және  ірі мультиполярлы,  пирамидалық  нейрондар – қозғалтқыш, эффекторлық  клеткалар;

-арнайы  пішіні  бар  нейрондар – жұлдызша, алмұрт  тәрізді, ұршық  тәрізді, дөңгелек  және  т.б (7-сурет).

Ескеретін  жағдай,  сезімтал  нейрондардың  өсінділерін дендрит және аксон деп атайды, сәйкесінше, оларды  перифериялық (шеткі) және  орталық  өсінділер  деп атайды.

 

 

 

 

3-сурет.Нейрондардың  негізгі  үш  бөлімі  ажыратылады:  денесі   және  екі  өсінділері

(нерв ұштарымен)  [9].

1.1.3.  Атқаратын  функциясына  сәйкес  нейрондардың 3 тобы  ажыратылады:

рецепторлық,  ассоциативтік  және  эффекторлық [1617].

а)  сезгіш  немесе  рецепторлық  нейрондар – ішкі  немесе  сыртқы  ортадан

қоздыруларды  қабылдай  алатын,  арнайы  маманданған  ұшы,  рецепторы  болады;

олар  негізінен   екі  өсінділі  (биполярлы)  немесе  жалған  бір  өсінділі  (псевдоуниполярлы)  нейрондар;

 

4 – сурет.  Нейронның  құрылысы [9]

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет.  Нейроглия  клеткалары  [1]. 1 – денесі; 2-өсінділері.Нейроглия қызметі:

тірек, қорғау, оқшаулаушы, тосқауыл (барьерлік) және трофикалық.

 

 

 

 

6 – сурет. Нерв клеткаларының  түрлері: А – мультиполярлы  нейрон;  Б – униполярлы  нейрон;  В – биполярлы  нейрон; 1 – нейрит (аксон); 2 – дендрит [13].

 

 

 

 

 

 

7-сурет. Нейрондардың  денесінің пішіні мен өзінділерінің саны бойынша  жіктелуі

(А,Б) [9]

б)  қосымша  немесе  ассоциативтік  (байланыстырушы)  нейрондар – түскен  ақпараттарды  өңдеу  мен талдауды  қамтамасыз  етеді  және  импульсты  эффекторлық  клеткаларға  өткізеді;  бұл  клеткалар  негізінен  майда  мультиполярлы  нейрондар;

в)  эффекторлық  нейрондар – нерв  импульстарын  жұмыс  атқаратын  ағзаларға

(бұлшық  еттерге  немесе  бездерге)  өткізе  алатын  арнайы  ұшы, эффекторлары  болатын  нейрондар;  олар  негізінен  орташа  және  ірі  мультиполярлы  немесе  пирамидалық  нейрондар.