Нерв  ұштары

0
97

Нерв  ұштары  дегеніміз  — нерв  талшықтарының  маманданған   шеткі (соңғы) бөлігі  (ұшы).   Атқаратын   қызметіне  байланысты   нерв  ұштарының  екі  түрі  ажыратылады:  рецепторлар  және  эффекторлар [1,17,31].

1.3.1.  Рецепторлар.

Рецепторлар  —  сыртқы   және  ішкі  ортадан   арнайы   тітіркендіргіштерді қабылдайтын    және  тітіркендіргіштер   энергиясын   нервтік  импульсқа  айналдыратын   сезімтал  нейрондардың  шеткі  өсінділерінің   нервтік   ұштары  [30,33,34] (8-сурет).

Орналасуына   байланысты   рецепторлардың  4 түрі  ажыратылады:

  • Экстероцепторлар —    тері   мен  кілегейлі   қабықтарда   орналасады;  олар

тактилдік   (сипап  сезу),   температуралық  және  ауырсынулық   тітіркендіргіштерді  қабылдайды (бос  нерв  ұштары , Краузе  колбасы,  Руффинь  денешігі);

  • Проприоцепторлар (терең    рецепторлар):  бұлшықеттерде,   сіңірлерде,

фасцияларда,  байламдар   мен  буындардың  капсуласында, сүйекүсті  қабығы  мен  сүйектерде  орналасады;  олар   салмақ,   қысым,  вибрация,  бұлшықеттердің  жағдайына  байланысты   (бүгу,жазу  ж.т.б.)  және  адамның   кеңістіктегі  қалпын (отырғанды,    тік   тұрғанды,   жатқанды  ж.т.б.)     сезінуге   байланысты    тітіркендіргіштерді    қабылдайды (Фатер-Пачинь, Гольджь-Маццонь  денешіктері);

3)Интероцепторлар:   белгілі  бір   заттардың  химиялық   құрамы(хеморецепторлар),

ішкі  ағзалардың  толу  дәрежесін  сезу, ауырсыну  сезімдерін,  механикалық  және  осмотикалық   қысымды    (баро-  және  осморецепторлар   қабылдайды;

Экстероцепторлар,   проприоцепторлар  және  интероцепторлармен   қабылданатын  сезімдерді  жалпы  сезім  деп  атайды.

4)Маманданған  рецепторлар – сезім  ағзаларында  орналасады:  көру, есту, дәм ді  сезу, иіс сезу  және  тепе- теңдікті  сақтау  сияқты  арнайы   тітіркендіргіштердіқабылдауға  арналған  рецепторлар.

Құрылысы  бойынша  рецепторлардың  келесі  түрі   ажыратылады:

-бос  нерв  ұштары:  ауырсыну  импульстарын  қабылдайды;

-қаптамаланған  (инкапсуляцияланған) ұшы:  тактилдік,  температуралық   және  проприоцептивтік  тітіркендіргіштерді  қабылдайды;

-ілкі  (алғашқы)  сезгіш  рецепторлар:  көру, есту, вестибулярлық,  иіс  және  дәм  сезу  тітіркендіргіштерін  қабылдайды.

Тітіркендіргіштерді  қабылдау  жолына  байланысты  рецепторларды  екі  топқа  бөледі:

  • Дистанттық , яғни   тітіркендіргіштерді  тікелей   жанасу   арқылы  қабылдайтын

рецепторлар (көру, есту);

2)Контактылы ,  яғни   тітіркендіргіштерді  тікелей  жанасу   арқылы   қабылдайтан

рецепторлар  (ауырғанды,  температураны ,  дәм , иіс сезу).

Қабылданатын   тітіркендіргіштердің  түріне  байланысты  рецепторлардың  екі  тобын   ажыратады:

1)Жалпы   сезім  рецепторлары – адам  денесінің  барлық   бөлігінде  орналасады  және   келесі  тітіркендіргіштерді   қабылдайды:  ауырсыну,   температура , проприоцептивтік   сезім  (тірек – қимыл  аппаратының  жағдайын  сезіну  — бүгу, жазуды,жатқанды,отырғанды    ж.т.б  сезіну), жанасу, сипап  сезу (тактилді) және  қысуды, салмақты  сезіну  (барорецепторлар);

1.3.2. Эффекторлар.

Эффекторлар – нерв  импульстерін   нейроннан  жұмысшы  ағазаларға  өткізетін  соматикалық    және  вегетативтік  нерв  жүйесінің   эфференттік  нейрондар  аксондарының  ұшы .  Құрылысы  және  қызметі  жөнінен  эффекторлар  синапсқа  ұқсас  келеді   және  синапс  сияқты  құрылымдары   болады:  пресинаптикалық   жарғақ ,  синаптикалық  саңылау   және  постсинаптикалық   жарғақ  [1,9,17].

Ескеретін  жағдай ,  көлденең  жолақты   (қаңқалық)   бұлшықеттердегі  эффекторлардың  құрылысы   күрделі, олар  моторлы  құлақша  түрінде  болады  немесе  оларды   нерв-бұлшықеттік  синапс  деп  атайды.

Жұмсақ  нерв  талшықтары  моторлы  құлақшаға   жақындағанда  өзінің  миелинді  қабатын   жоғалтып,   терминалді   талшықтарға   тармақталады.  Соңғылары  бұлшықет  талшықтарын  сарколеммалық  қатбарларына  енеді.

Нерв- бұлшықеттік  синапста – аксонның  соңғы  терминалдық  ұшымен   және  бұлшықет  талшығының  сарколеммасының   арасында,  кеңдігі 10-нан 20 нм  дейін  жететін,  синапстық  саңылау  болады.  Нерв-бұлшықеттік  синапстардыңмедиаторы-әдетте  ацетилхолин  болып  табылады..

Нейронаралық  байланыс  аппараты  есебінде  синапс туралы атауды алғашқы енгізген-ағылшын физиологы И.Шерингтон (1850)

1.3.2.1.Синапс

Синапс (гр.sinapsis-байланыс,өзара қатыстық,қосылу,түйіс) дегеніміз-бір нейроннан екінші нейронға немесе нейроннан жұмысшы ағзағак импульстарды өткізуге арналған арнайы мамандандырылған  ультрамикроскопиялық құрылым

1.Синапстың  орналасуы бойынша ажыратылыды

— нейронаралық синапстар:аксосоматикалық,аксодендриттік,аксон-аксондық,дендрит-дендриттік,дендрит-соматикалық және соматика-соматикалық.

-нейрон тіндік синапстар:нерв-бұлшықеттік,нерв-секреторлық.

2.Өткізу әдісіне байланысты-нерв импульстерін химиялық,электрлік  және аралас жолмен өткізетін синапстарды ажыратады.

3.Қызметі бойынша:қоздырушы және тежеуші.Кейбір нерв импульстары синапс арқылы өткенде күшейеді,(қоздырушы  синапс),  ал  кейбіреулері  синапста  тоқтайды  және  бәсеңдейді  (тежеуші  синапс).

Ультрақұрылымдық  деңгейде   синапстардың  3  бөлігі  ажыратылады (9-сурет):

  • Пресинапстық бөлім  —  пішіні  ілгек  немесе  құлақша  тәрізді  жуанданған

және  онда  медиаторлармен  (ацетилхолинмен, норадреналинмен , гаммааминомай  қышқылымен  ж.т.б.)  толған  пресинапстық  көпіршіктер  орналасады. Медиаторлар  нейрондардың   денесінде   және  аксонында  түзіледі.

  • Синапстық   саңылау  — ені 5-20 нм  болатын,  коллоидты  ерітіндіге  толған  кеңістік,  оған  нерв  импульстары  келген  кезде  медиаторлар  бөлінеді.

3)     Постсинапстық  бөлім – нерв импульсының  әрі  қарай  келесі бөлімге  өтуін  қамтамасыз  ететін,  бетінде  хеморецепторлар  (ақуыздық  құрылымдар ) орналасқан  постсинапстық  жарғақтан  тұратын  бөлік.  Медиаторлар  хеморецепторлармен  әрекеттескеннен   кейін,  хеморецепторлардың  құрамындағы   заттардың  әсерімен   медиаторлар      жарылады     (инактивацияланады):      ацетилхолин       —     ацетилхолинэстеразамен,   норадреналин    —    моноаминооксидазамен  ж.т.тб.  Медиаторлар  пресинапстық  мембрана  арқылы  кері  сіңіріліп,  онда  қайтадан  қалпына  келеді.

Медиаторлардың  химиялық  құрамына   сәйкес  хеморецепторлардың  келнсі  негізгі түрлері  болады:α-,   β-адренорецепторлар; М- және  Н  холинорецепторлар;  пуринорецепторлар; ГАМТ-рецепторлар  ж.т.б.

Бір  нейронның  денесі  мен  өсінділерініде  5000-нан  10 000-ға дейін  синапстар  болады,  олар  арқылы  көптеген  ақпараттар   қабылданады.

Қорыта  айтқанда ,  нерв  импульстарының   химиялық   жолмен өтуі  кезекпен  өтетін   4 кезеңнен   тұрады :

-медиатордың  синтезі;

-медиатордың   пресинапстықмембранадани  өтуі;

-медиатордың    постсинапстық   мембранадағы      хеморецепторлармен  әрекеттесуі;

—  медиаторлардың  инактивациясы  (жарылуы)  және  қайта  сіңірілуі;

Электрлік  синапстар – синапстық  саңылауының   жіңішке  болуымен  және  арнайы  маманданған   хеморрецепторлардың  болмауымен  сипатталады.Олар    екіжақ  бағытқа  да   (орталыққа  және   шетке )  нерв    импульстарын    синапстық  тежелусіз    өткізуді    қамтамасыз   етеді.