ң дыбысы мен әрпі 1сынып

0
Пәні: сауат ашу Мектеп: Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ Күні :14.01.2019 Мұғалімнің есімі: Атыгаева Д.Т Сынып: 1 «В» Қатысқандар саны Қатыспағандар саны: Бөлім Саяхат Сабақ тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі Ортақ тақырып Орманға саяхат Оқу мақсаты: 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллигра- фиялық талаптарға сай жазу; Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: «ң» дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді. Көптеген оқушылар орындай алады: «ң» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз ортасында, соңында келетіндігін үйренеді. Кейбір оқушылар орындай алады: Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Ойлау деңгейі: Білу,түсіну,қолдану. Бағалау критерийлері:0 -Мәтінді азмұндайды; Өз көзқарастарын білдіреді;жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.— сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды. Дескриптор: Сөздерді оқиды;Әріп элементтерін талаптарға сай жазады; Тілдік мақсаттар: Дыбыс және әріп Пәнаралық байланыстар жаратылыстану Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу . АКТ қолдану дағдылары суреттер Бастапқы білім Отбасы» ұғымын түсінеді және мәнін түсіндіре алады. Сабақтың барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы10 минут

Сабақтың ортасы25 мин

Сергіту сәті2 минут

Дәптермен жұмыс 5 минут

Психологиялық ахуалАппақ болып таң атты, Түтін тіке шығады.Қарлығаштар қанатын ,Самғап биік ұшады.Топ,топ,тлп бсайық.Жалаудан күн жасайық.Жаса жаса жарқын күн,Жаса жаса жарқын күн.-Тамаша балалар, дәл осындай тамаша көңіл күймен мына суреттерді таңдап алып топтарға бөлініп отырмас бұрын шеңбер болып тұрған күйімізде үй берген тапсырманы тексеріп шықсам деймін! Ол үшін «Сиқырлы қобдиша» ойынын ойнаймыз. Сендерге қорап беремін сендер әуен ойнап жатқанда қорапты бір-біріне бересіңдер. Әуен тоқтағанда қорап кімнің қолында болады, сол оқушы қораптың ішінен бір кеспе қағазды алып жазылған сөзді оқиды. (Тапсырма орындалып болған соң, топтарға бөлінеміз)1 топ: Дауысты дыбыс2 топ: Дауыссыз дыбыс3 топ: Әріптер тобыОқулықпен жұмыс.«Қоңырау» өлеңін буындап тұтастай оқыту. Өлеңді дәптерге көшіріп жазу.ҚБ; үш шапалақ.Дескриптор:өлеңді оқиды;-көшіріп жазады;«Бала-бала балақан» әні

Тыңдалым.Оқулықтағы ертегіні оқып беремін. Кейін оқушыларға мынадай сұрақ қоямын.-Балалар, мен оқыған мәтін қандай жанырға жатады?-Ертегі екенін қайдан білдіңдер?Оқушыларға ертегіні сурет бойынша жалғастыртып, «Құмырсқаның достары шын достар ма?», «Адал дос қандай болады?» деген сұрақтарға жауап іздетемін. Ассоцация жасау.АДАЛ ДОС ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?1.Көмектеседі2.Шыншыл3.САтып кетпейді.4.Мейірімді5.Жанжалдаспайды.Ертегіні өздерінің ойлары бойынша жалғастырту. ҚБ: От шашуДескриптор:Ертегінің мазмұнын айтады;-Ертегіні жалғастырып айта алады.-Адал досты сипаттай алады.-Шығарманың ертегі екенін дәлелдей алады.(Ө) «Бастырып жазу» мен «Генетикалық» әдістер Оқушылар тек қана ң әрпі кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазады. Дескриптор:-сөздерді жазады;ҚБ: Ғарыш әлеміне бір қадам. Кері байланысты жүзеге асыру.Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса.«Жарайсың!» «Тамаша» мадақтау сөздері арқылы мадақтау.

Жүсіпова Назым. Ң әрпі бар заттарды бояу.

Қорап, кеспе қағаздар

Кеспе қағаздар

Оқулық, дәптер

Моноблок

Оқулық

Кеспе қағаздар, тақта, магниттер

Жұмыс дәптер

Қызыл көк түсті қарындаштар, кеспе қағаздар

Сабақтың соңы2 мин Бағдаршам түстері арқылы кері байланыс жүргізу. Жасыл түс: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.Сары түс: Тақырыпты түсіндім, бірақ тапсырмалар кезінде қиналдым. Қызыл түс:Тақырып бойынша әлі де көмек қажет СаралауҮлгерімі төмен оқушыларға есеп шығару кезінде көмек көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға топта өз сыныптастарына көмек көрсету сұралады.Барлық оқушылар орындай алады: «ң» дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді. Көптеген оқушылар орындай алады: «ң» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз ортасында, соңында келетіндігін үйренеді. Кейбір оқушылар орындай алады: Алған білімдерін өмірде қолдана Бағалау(Ө) «Бастырып жазу» мен «Генетикалық» әдістері — Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау. Сабақ бойынша рефлексия

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)1:2:Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?1:2:Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесісабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1:2:белсенді оқушыларымның қабілеттерін анықтадым

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

• Қимыл – қозғалыс жаттығуларын сергіту жаттығуы арқылы орындату

. .

КөмектеседіШыншылСатып кетпейді.МейірімдіАң шаң таң оң тың шың мың алаң сыңар оңаша қоңырау саңырауқұлақ