Дип. Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары

0
РЕЦЕНЗИЯ

 

…………………………………..дың диплом жұмысының тақырыбы

Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары

Студенттің мамандығы – 020340 – тарих.

Диплом жұмысының құрылымы екі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда Ж.Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметін зерттеуді бүгігі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама түрде болса да пікір білдіруге тырысты.

Екінші тарауда Жақып Ақбаевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және оның дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықтық көзқарасы эволюциясының ішкі мазмұнын, тарихи мәнін ашып көрсетті.

Дипломдық жұмысының материалдары жүйелі мазмұндалып, тараудан тарауға біртұтас еңбек қалыптасқан.

Жұмыстың дерек көзі ретінде хрестоматия, ғылыми әдебиеттер, интернет материалдарын қолданған.

Қорыта айтқанда, Юсупова Гүлнұрдың “Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары” тақырыптағы дипломдық жұмысы Тарих мамандығы бойынша Қазақстан тарихи кафедрасының дипломдық жұмысы дәрежесіне лайық, дипломдық жұмыс қойылған мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

  1. I. Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

1.1. Ж.Ақбаевтың саяси өмірбаяны

1.2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес

тарихындағы орны

 

  1. II. Тарау. Ж. Ақбаевтың тарихи-саяси көзқарастары.

2.1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына

2.2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көқарастары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.

Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті.

Біз бұл арада кеңес дәуіріндегі зерттеушілерді кіналаудан аулақпыз. Себебі барлық баспа өнімдері цензураның «қырағы көзінің» мүмкін емес те еді. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектердің басым көпшілігінде ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның беталыс бағдарына үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға берілмеді. Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол ХХ ғасырдың басында Европадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден хабардар қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобының ішінде өзіндік орны бар бірінші өмірі мен мол мұрасын жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеу, бүгінгі тарих ғылымының алдындағы маңызды бір тақырыптардың қатарынан саналса керек.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Біз бұл еңбегімізде ХХ ғасырдың

бас кезіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басы-қасында жүріп, патшалық

Ресейдің отаршылдық саясатына ашықтан ашық өзінің күрескерлік рухтағы

тарихи-саяси көзқарастарын айтудан қорықпаған бірегей тұлғаларымыздың қатарындағы – Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметі не! Сол арқылы оның тарихи-саяси және құқықытық көзқарастарының қалыптасу эволюциясын арнайы зерттеуді мақсат еттік. Осы мақсаттың негізінде зерттеудің төмендегідей міндеттері шығады:

— Ж.Ақбаевтың қоғамдық, саяси және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді бүгінгі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама түрде болса да пікір білдіру, қарастыру;

— Ғасырлар тоғысы мен ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік процестердің қазақ зиялыларына, оның ішінде Ж.Ақбаевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және саяси күресте кәдеге жарағанын саралау;

— Ж. Ақбаевтың өскен ортасы, білім алған орны мен саяси күрестегі орыс және қазақ зиялылары арасындағы өмірін зерттеу, салыстыру арқылы оның дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықытық көзқарасы эволюциясының ішкі мазмұнын, тарихи мәнін ашу;

— Патша өкметі құқық қорғау мекемелерінің 1903-1917 жылдар аралығындағы Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановқа қарсы қозғаған қылмыстық, әкімшілік істерін талдау арқылы олардың құқықтық, саяси сипаты мен мазмұнын көрсетіп, қазақ даласын отарлаудағы жазалаушылық қызметінің құпиясын ашу;

— Ж. Ақбаев көзі тірісінде жарияланған және жарияланбаған еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оның бірегей ұлттық тұлға ретінде қалыптасқан теориялық және саяси кемелдігін дәлелдеу.

 Тақырыптың хронологиялық шеңбері.  ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің Ресейге бодандығының мейлінше күшейген кезеңінде “елім, жерім деп” саяси күреске шыққан Ж. Ақбаевтың туылғаннан, яғни Х1Х  ғасырдың соңғ30-жылынан ХХ ғасырдың басына дейінгі 58-жыл аралықты қамтиды (1876-1934)

Тақырыпқа тарихнамалық талдау. Қазақстандық қоғамдық ғылымдар саласында әр жылдарда Ж. Ақбаев туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі-жарым зерттеу еңбектер болғанымен оның саяси қызметі мен тарихи көзқарастары, әсіресе қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде ролі түбегейлі түрде, жан-жақты зерттелген емес. Ол кешегі кеңестік идеологияның солақай саясатынан бір елі де таса қалмаған маркстік-лениндік методологияның зорлықпен таңған бағасы абсолютті ақиқат ретінде қабылданғандығымен түсінікті. Айталық, сол тұстағы бес томдық “Қазақ ССР тарихында”, 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясында, мектеп оқулықтары мен ХХ ғасырдың алғашқы  ширегіне арналған іргелі зерттеу еңбектерінде, тіпті көркем әдебиет шығармаларында Алаш қозғалысы мен оның жетекшілерінің қызметіне, алдына саяси мақсаттар қойған ұлт-азаттық қозғалыстардың қайсысына болмасын үнемі теріс баға беріліп келді.

Осы орайда белгілі – тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаевтың: “Алаш партиясына топтасқан зиялылардың көзқарасы, идеологиясы, өмірлерінің әр сәті диалектикалық тұрғыдан әділдік таразысына салынғаны дұрыс”, — деген пікір жаңа ізденістерге батыл барып, еңбектер жазуды меңзесе керек.

Жалпы кеңес дәуірі кезінде жазылған еңбектерде зерттеушілердің кейбірі демей-ақ дені Алаш қайраткерлерінің бірде-бір еңбегін қолымен ұстап, көзімен көрмесе де, олар туралы ғайбат жазуды әдетке айналдырды. Екіншіден, Алаш қайраткерлерінің қазақ тіліндегі еңбектері кеңес тарихшыларының көпшілік бөлігі танымайтын араб әріпімен жазылған еді. Сондықтан Алашорданы қаралайтын зерттеушілер олардың еңбектерін оқымаса да, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқаевтардың, сондай-ақ Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім сияқты әдебиет қайраткерлерінің есімдерін үнемі қара тізімге іліктіріп отырды. Болшевиктік тарихшылар жазған зерттеулерде олардың еңбектерін талдау, баға беру болмады, бола қалған күнде бір кітаптан екінші кітапқа көшіп жүретін цитаталармен шектелді.Жалпы Алаш тақырыбына 30-жылдарда шыққан Брайнин мен Шафироның “белгілі” еңбегінен басқа бірде –бір арнайы зерттеужазылмады десе де болады.

Жақып Ақбаев туралы замандас алаштың ардагер қайраткерлері өз кезінде қалам тартып, оның саяси күрестегі жетекшілік роліне лайықты баға беріп отырған. Ол өзінің “Дала өлкесіндегі сайлау. Даладағы 17 қазан Манифесі” деген мақаласында патша манифесінің байтақ қазақ даласына келіп жетуі, жергілікті халыққа әсер етуі баяндалса, мақаланың қалған едәуір бөлігі сол Ж. Ақбаевқа, оның манифестік құқықтың мән-мағынасын қандастарына қалай түсіндіргеніне арнайды. Осы жерде алаштың тағы бір аяулы ұлы, көзі тірісінде аты аталмастан қазақтың ақыны (А. Байтұрсынов) Ж. Ақбаевқа: “Яқұп Ақбаев – ер, шешен,қызу юрист. 1905 жылы патшаға тіл тигіздің деп екі үкімет сотқа беріп, неше ай абақтыда жатып ақталып шыққан. Онан кейін де сан рет абақтыға жабылып, бес жылға жер аударылып, көп тепкі көрді”, — деген бағаны “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 14-қарашадағы “Алаш партиясы” атты бас  мақаласында берген. Бұл жазылғаннан кейін де Ә. Бөкейхан “Қазақ” газетіндегі (1917, 4-шілде, №235) “Қазақ депутаттары” мақаласында Ж. Ақбаев туралы біршама нәрселер жазады.

Міне, осыдан кейін жарты ғасырдай Ж. Ақбаев туралы ешкім қалам тартпайды.

Тек алпысыншы жылдардың “жылымығында” араға жарты ғасыр салып Ж. Ақбаевтың туған қызы, заң ғылымының кандидаты Аспазия Жақыпова мен сол кездегі ғылым кандидаты – бүгінде Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғайрат Сапарғалиевтердің “Жақып Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы” атты арнайы мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақаланың бірнеше жаңалығы болды. Оның авторлары әлі ешкім қалам тарта қоймаған тың тақырыпта түрен салды. Олар Қазақстан мұрағатымен қатар, Ресей (Омбы қ.) мұрағатындағы құжаттарды да қарастырып, ғылыми айналымға түсірді.

Бұдан кейінгі зерттеулерде Ж.Ақбаевтың  қызметіне бірден бір әділ әрі батыл баға берген ғалым академик С. Зиманов болды. Бұдан бөлек зерттеуші-ғалым В.Г. Галиев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын зерттеушілер қатарында Т. Сейдалин, С. Жантуриндермен қатар Ж. Ақбаевтың да есімін атап өтеді. Алаш тақырыбына еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дендеп барып, толымды зерттеулер жазған белгілі тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейісов болды

Ол өзінің “Алаш һәм Алашорда” атты монографиясында      Ж. Ақбаевтың     саяси, күрескерлік қызметін мейлінше қарастырып, тоқталады.Сондай-ақ             қазіргі отандық тарихшылардың көшбасшысы ретінде белгілі тарихшы,профессор М. Қойгелдиев  те өз еңбегінде Ж. Ақбаевқа ерекше назар аударды.Бүгінде Жақыптануда бірталай іргелі еңбектер күн санап жарық  көруде

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАРАУ. Ж. АҚБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

 

1.1. Ж. Ақбаевтың саяси өмірбаяны.

 

Жақып Ақбаев 1876 жылы 7 қараша күні Қарқаралы оязының Берқара ауданындағы №3 ауылда, Төңіртектес алқабында туған, Қарқаралылық Батталғазы ақсақалдың айтуы бойынша Ақбай әулетінің генеалогиялық тізбегі төмендегідей болып келеді: «Жақаңның ұлы атасы — Жарас. Жарастан Киікбай туады. Ал Киікбайдан жеті ұл туған. Олар: Едіге, Естемес, Есқұлы, Байқұлы, Құдабай, Қызылбай, Сырлыбай туады. Ал Жақып Ақбайдан туған” (Орталық Қазақстан”, 24 тамыз, 1991 жыл). Жақыптың ара-тұра “Жандеркин” деген фамилияны пайдалануының сыры атасының атынан келіп шықса керек.

Ақбай әулеті Қарқаралы өңіріне белгілі ауқатты, әлді тұқымдардың бірі болған. Сондықтан Жақыптың өз қолымен толтырған өмірбаянында әкесін – кедей, өзін жалшы ретінде көрсету бай біткеннің бәріне тас атылған заманның ыңғайына қарай жазылған нәрсе ғана деп қараған жөн. Ақбайдың Ыбырай, Мәжит, Жақып, Бек атты төрт ұлы, Шәмшіқамар есімді бір қызы болған.

Міне, осы Ақбайдың үміт еткен үшінші ұлы Жақып 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектебінің қазақ интернатына беріліп, оны бітіргеннен кейін Омбы гимназиясына түсті, сонан соң Томск гимназиясына ауысты. Томск гимназиясы берген кәмелеттік аттестатта Жақып Ақбаевтың Омбы гимназиясында жеті жыл және Томск гимназиясында бір жыл оқығаны айтылып, “оның Томск  гимназиясында оқыған барлық уақытында жасалған

байқаулар негізінде мінез-құлық жалпы өте жақсы болды, сабаққа қатысуы мен

дайындалуы оңды, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды орындауы, ұқыптылығы

жақсы  және білуге құштарлығы мейлінше жеткілікті” деп атап өтілген.

Жас Жақып Томск гимназиясын 1898 жылы бітірді. Ол кезде Томск Ресейдің ірі ағарту орталықтарының бірі ғана емес, сонымен қатар қазақ жастары білім алған қала да болды. Осыдан Жақып гимназия бітірген жылы кейіннен Алашорда жетекшілерінің бірі болған Әміре Айтбакин Томск университеті медицина факультетінің бірінші курсына түскен еді. Қазан төңкерісіне дейін (1917) мұндағы жоғары оқу орындарынан кейін белгілі мемлекет және саяси қайраткерлері, ғалымдар Ысқақ Жақсылықов, Сәлімгерей Нұралыханов, Асылбек Сейітов, Мұратбек Сейітов, Бөжей Мыңғашев, Бейсенбай Тойсарин, Әлімхай Ермеков білім алды. Томск Жақып Ақбаевты да білім алуын одан әрі жалғастыруына ынталандырды.

1898 жылы Жақып Ақбаев Санкт-Петербург унивеситетінің заң факультетіне түсті.

Ол Ресейдің осындай беделді оқу орнының студенті болған екінші қазақ еді. Студенттер саясатпен айналыспауға, қоғамдық ұйымдардың жасырындарына да, жарияларына да қатыспауға тиіс болатын. Олар бұған қолхат беретін. Жас Жақып Ақбаев та осындай қолхат берді. Сол қолхаттың тексті міне мынадай: “Төменде қол қойып отырған мен 1898 жылы 3 қыркүйек күні өзімізнің ИМПЕРАТОРЛЫҚ С. –Петербург университетінің студенттері немесе тыңдаушылары қатарында болу кезімде қандай да бір құпия қоғамға кірмеуге осы қолхатты беріп, әрбір жеке жағдайда ең жақын бастықтардың рұқсаты болмайынша, тіпті заңда рұқсат етілген қоғамдарға да кірмеуге, сондай-ақ ешқандай да ақша жинауға қатыспауға міндеттенемін; осы уәдемді бұзған жағдайда мен оқу орнынан дереу шығарылып, өзім рұқсат етілмей жиналған ақшаға қандай да болсын құқықтан айырылуға тиіспін.

 

Скачать