Дип. Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен еңбек жолы

0

Мазмұны

 

Кіріспе

 

  1. Ж.Қ.Қасымбевтың өскен ортасы мен нңбек жолының басталуы

 

  1. Қазақ хандарының тарихы

 

  1. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күресі

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

   Тақырыптың өзектілігі «Елбасымыздың қазақтың өз тарихынан ұялуына ешқандай негіз жоқ, онда өз елін және өз жерін мақтаныш тұтып, шатыққа бөлейтін жайлар өте көп екендігі туралы айтқан сөздері өте орынды. Бірақ осы пікірдің үдесінен шығу үшін тарихты тисті талаптарға сай,жоғары деңгейде оқытуға тиспіз, бұл пәнді Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының басым бейімді пәніне айналдыруымыз, жастардың оған деген ынта-ықыласын арттыруымыз қажет.Бәлкім, ежелден-ақ тәуелсіздік тәжірибесін бойларына сіңірген, азаттықтың еркін ауасымен демалып үйренген және сонысын мақтаныш тұтаынелдер үшін бұл мәселе оншалықты өзекті емес шығар, алайда, біз үшін тарихты терең оқып-білу,одан сабақ алабілу жүз есе маңызды»,-дейді Ж. Қасымбаев.[1]

Ұланғайыр тарихымыздың мұқият жазылып, қағаз бетіне басылып, кейінгі ұрпақтардың мұрасына айналуында орын алып келген орасан кемшіліктердің бар екендігін бүгінде әрқайсысымыз білеміз. Әрине тарихты жасаушы тоқтаусыз алдыға жылжыған уақыт пен сол кезеңде өмір сүруші халық. Ал сол тарихты жасаушы-әр кезеңнің мәнді оқиғаларың мұқият саралап, талдап, жинақтап, қорытып жазып отыратын тарихшылар екені тағы да рас.

Құдайға шүкір, бүгінде бізде тарихшылар жетеді. Сондықтан қазіргі тарихтың ойдағыдай жазылатынына ешбір күмән болуы мүмкін емес. Ең маңызды мәселе-еліміздің Х1Х ғасырдың арғы жағында жатқан тарихымыздың ақтаңдақ тұстарының орнын толтыру, отаршыл Ресей тарихшылары мен кеңес өкіметі тұсындағы тоталитарлық заман кезінде әдейі бұрмаланып жазылып келген тарихты түгендеп, түзеп жазып, ақиқаттың ақ жолына шығару болып отырғаны белгілі.

Осы орайда тәуелсіздік тізгіні қолымызға тигелі бері кезінде Қазақстанның төл тарихын туралап жазуға тырысып, сталиндік зұлматтың құрбаны болып кеткен Мұхаметжан Тынышпапаев, Санжар Аспандияров және өткен ғасырдың елуінші жылдары қуғындауға ұшыраған Ермұқан Бекмаханов, Бек Сүлейменов сияқты ғалымдардың әділ ісін жалғастырудың қолға мықтап алған тарихшыларымыз да баршылық

Сондықтан да Елбасы Н Ә.Назарбаев,»Ұлы тұлғаларын білмейін-

ше,бірден-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз,оның рухын, тынысын сезінеміз.

Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік

парызын айқын да анық да түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда  да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген. Ол,ол ма, белгілі бір мағынасында олардың өздері де халық тарихының тұтас бір дәуіріне татыған, халқының бағытынан жаңылмай тәуелсіздікке бастайтын жолын нұрландырған ел тарихының шамшырақтары болған»[2],-деп тұлғалардың тарихтан алар орнын көресетеді.

Сондықтанда тарихшылар ұлттық намысты, қазақ рухын жоғалтпай, шаң басқан архивтерді ақтарып, іздене жүріп, әділет төріне ұмтыла берді, ұмтыла берді. Осындай тынымсыз еңбегімен мұндай ғалымдар кезінде кеңес өкіметінің өзін де мойындатып, ерен еңбегіне лайықты бағалар ала алды. Солардың бірі-тарихшы ғалым Жанұзақ Қасымбаев дер едік.

Ол Геродоттың тарих жөніндегі пікірін берік ұстаған, тарихи шындықтың бәрібір жеңетініне күмән келтірмеген, соған үздіксіз ұмтылған, шын мәнінде үлкен зерттеуші, талантты тарихшы. Олай дейтініміз, ол өзінің бүкіл рухани ізденістерін, саналы ғұмырын тарихқа қызмет етуге арнап, оның большевиктік партияның өзінен бұрын өмірге келген, идеологияландыруға көне бермейтін тұстарының қыр-сырын мүмкіндігінше шынайы ашумен белсенді айналысып, амалсыз «сарай ғылымына» айналған тарих ғылымының кеңес дәуірінде де нақты деректермен сөйлейтін ғылым болуына өзіндік үлес қосып келді.

Біздіңше, ғалымның беделі еңбегінің санымен емес, сапасымен, оның тиянақты да жүйелі тындырған салмақты да жүйелі тыңдырған салмақты ісімен бағаланса керек. Ж. Қасымбаевтың зерттеушілігі, ұстаздығы өзінің тарих саласындағы берік те биік тұғырына іс жүзінде адалдығымен өлшенеді.

Беленді жас зерттеуші, үлкен құлшыныспен жігерленген Ж. Қасымбаев 70-ші жылдардың басында-ақ, тарихи сананың өркендеуін ықпал ете білген бір топ ғалымдар қатарында ұлттық мүддені қорғайтын тынымсыз ізденістер  жолына түсті. Қоғамдағы «тоқырау» аталған жылдарда аға буын тарихшы ғалымдардың көпшілігі партиядан қаймығып, өз ойларын бүкпелеп, ашық айта алмай қапаланса, ол өз зерттеулерін партия тарихынан аулақ, саясатпен тікелей байланыссыз тарихи кезеңдерден, жолдардан іздестірді. Мұның өзі оның пікірін біршама еркін білдіруінемүмкіндіктер берді.

Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлес қосқан, тарих ғылымдарының докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан халыққа білім беру ісінің еңбек сіңіргенқайраткері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (Қаз.Ұ.П.У. )гуманитарлық факультеттері Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанұзақ Қасымбаев.

Болашақ зерделі ғалым иісі қазақ баласы үшін қасиетті мекен саналатын Семей өңірінде (қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы ),Аягөз топырағында 1941ж. 25 желтоқсанда дүниеге келген.Ол Семей облысы, Шұбартау ауданында С. М. Киров атындағы қазақ орта мектебіне ( 1949-1959ж)және ол С. М. Киров есімімен аталған қазірігі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне (1960-1965ж)оқиды.1965-1967ж. ж.еңбек жолын Талғар қаласындағы  Пушкин атындағы мектепте пән мұғалімі болды. 1967ж. қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұттық  Педогогикалық Университетіне оқытушы, 1970ж. «Семей қаласының тарихы»(1718-1917ж )атты тарырыпта кандидаттық  дисертация,1983ж. «Шығыс Қазақстан қалаларының қазақ ауылымен орыс шаруа мекендерімен және іргелес  мемлекеттермен қарым-қатынастардың орталықтары ретінде дамуы ( ХVIII ғасырдың 20 жылдары-1917ж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

КСРО министерлер кеңесі жанындағы жоғары аттестациялық комиссияның 1983ж. 30 желтоқсандағы шешімімен ( 51 хаттама) Ж. Қасымбаевқа тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.[1]

Осылайша оның тарихтың терең қойнауларын ақтауға біржола бет бұрған қызу өмірі басталады.Зерттеулерінің негізгі бағыттары \ Қазақстанның қалалары, қазақ жерін Ресейдің отарлап, өзіне қосып алуы, ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, ХVIII-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның орталық Азия елдерімен халықаралық саяси және сауда байланыстары, көшпенділер мен отырықшы тұрғындардың өзара қарым-қатынасы,ХVIII және ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандарының өмірі мен қызметі сияқты тақырыптарға арналды. Осы зерттеулеріне байланысты ол 500 баспа табақ көлемінде еңбектер жазды. Оның ішінде 20-дан астам монографиялар мен кітаптар шығарды.Біршама еңбектері Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркияда, Қ.Х.Р.-да жарық көрді. Олардың кейбіреулеріне шетелдерде, оның ішінде Германияда рецензиялар, пікірлер жарияланды.[3]

Еліміз егемендік алғалы профессор Ж. Қасымбаевтың ХХ ғасырға дейінгі қалалар мен қоғамдық қатынастардың теориялық мәселелеріндегі зерттеулері шетелдік тарихнамада қолдау тауып, Қазақстан тарихының зерттеу деңгейін әлемдік деңгейге көтеру мүмкіндігін тудырды. Ж.Қасымбаевтың Қазақстан мен Орта Азиядағы зерттеуші тарихшы-ғалым ретіндегі орны әділ бағаланып, 1995 жылы Гарвард университеті жанындағы «Орта Азия зерттеушілері» деп аталатын анықтамаға оның тамағы оның есімі мен еңбектері кіргізілді.

Бүгінде ғалымның жетекшілігімен 30-дан аса ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы даярланса, бұл ғалымның ізбасарларға деген ілтипаты, жастарға деген сенімі болса керек. Зиялы қауым, ресми орындар тәжірибесі мол профессордың жас ғалымдарды баулып, олардың еңбектерінқорғау ісінің сапалы болуына ерекше жанашырлық пейілін, үлкен жауапкершілігін ескеріп, оған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетдің кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңесін басқару құқығын берді. Ол бүл кеңестің төрағасы ретіндегі қызметін 1991 жылдын бері абыроймен атқарып келді.

Қазақстан тарихы мәселелерін жан-жақты талдап, саралап, маңызы мен мәнін ұлтын сүйген көпшілік қауымға жеткізіп, санасына сіңіруде талмай еңбек еткен тарихшы-ғалымның саяси, қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызыметіне талдау жасап, бағалау, оның еңбектерінде жасалған тұжырымдар мен пайымдаулардың құндылығын ашып көрсету тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін арттыра түседі. Ал, кейінгі өтпелі кезең мен тәуелсіздік алған жылдардағы өткір сындарға толы, келелі ой қозғаған бағалы еңбектері әлемдік аренада өзінің жоғары бағасын алғандығы анық .

Тақырыптың зерттелуі. Тарихи тұлғатану тарих ғылымының құрамдас бөлімі ретінде айрықша жанр болып табылады.Оның айырмашылығы ол жеке тұлғаның ғана ғұмырын көрсетіп қоймайды, сол тұлғаның қызметі арқылы тарихты сомдаған зерттеудің түрі. Жеке тұлғаның, атап айтсақ  ғалымдардың қызметі туралы нақтылы мәліметтерді жинақтауда оның өз еңбектерін сараптаумен ғана шектелмей, өзі және өскен ортасы, ұстаздары, әріптестері, нақтылы бір оқиғаны зеттеу барысындағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары да қарастырылады.Осының нәтижесінде барып белгілі бір дәрежеде ғалым мен оның қызметі туралы дәстүрлі үлгі бойынша жаңа туынды қалыптасады.

Ж. Қасымбаевтың өмірі, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызыметі туралы жарықкөрген жарияланымдарды шартты түрде мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады.

-Әр жылдарда жарық көрген түрлі энциклопедиялық, академиялық басымдардағы қысқа өмірбаяндық мақалалар мен арнайы биобиблиографиялық басылымдар.

-Қазақ хандықтарының тарихы туралы еңбектері. [4]

-Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күр жөніндегі еңбектері.[ 5]

Алғашқы топқа әртүрлі энциклопедиялар мен анықтамалықтардағы мақалалар ( 6)және 2 биобиблиографиялық басылым жатады.[7] Осылармен қатар ғалымды тарихшы, педагог және ғылыми ұйымдастырушылығын жазған Мамырайымовтың Ж.Қасымбаевтың жалпы қызыметіне баға берілген тұстары сипатталғанын айтып өткеніміз жөн.[8] Сонымен қатар Талас Омарбеков тарих ғылымының докторы, Бақдәулет Берлібаев тарих ғылымының кадидаты және Ерғали Ахметтердің мақалаларында да ғылымның еңбектері мен ұстаздық қасиеттері сипатталды. [9]

Сонымен, тарихи әдебиеттерге және көркемсөздік шығармаларға жасалған тарихнамалық шолу профессор Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми шығармашылық мұрасына, педагогикалық, қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызыметіне ғылыми қағидаларға негізделген кешенді зерттеу қажеттігін көрсетеді.

Диплом жұмысының міндеті мен мақсаты. Диплом жұмыстың мақсаты- Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен қызыметін тарихи үрдістер және профессордың республика ғылымына, білімі мен мәдениетіне қосқан үлесін көрсету, толыққанды қалыптасқан ғалымның тұлғалық бейнесін жаңғырту,ХХ ғасырдың соңғы жартысындағы Қазақстан тарихындағы оның орнын анықтау.

Осы мақсаттарға сәйкес, мынандай міндеттер алға қойылды-

  1. Ж. Қасымбаевтың ғалым және қайраткер тұлға ретінде, сондай-ақ оның азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларды ашып көрсету.
  2. Ғалымның ғылыми қызыметінің дамуындағы кезеңдерді айшықтау.
  3. Профессордың Қазақстандық тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы жолындағы ғылыми-ұйымдастырушылық ролін анықтау.
  4. Ж. Қасымбаевтың еңбектері арқылы қазақхандықтарының тарихын жазу.
  5. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандығының жауға қарсы күресін профессордың еңбектеріне сүйене отырып жазу.

Зерттеу жұмысының храналогиялық  шеңбері  1941-2004 өмірі мен ғылыми- ұйымдастырушылық,ағартышулық,қоғамдық қызметін  хv   ғасырдың 60 жылдары қазақ хандарының жауға қарсы күресі туралы зерттеулерін қарастыра отырып зеттеу мазмұнының толыққанды ашылуына мүмкіндік жасайды.                            

Жұмыстың методологиялық негіздеріне-өзекті тарихи мәселелерді, оның ішінде көрнекті тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми және арнайы тарихи әдістер кешені қолданылды, Сонымен қатар, жұмыстың орындалу барысында бірінеше әдістемелік тәсілдер де қолданылды, деректемелік іздестеру мен зерттеу, осы жұмыстың жазылуына негіз болған зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып отырған профессор Ж. Қасымбаевтың ғылыми шығармашылығына тұжырымдамалық талдау жасау.

Дипломдық зерттеу жұмысын жүргізуде автор тарихи фактілер, оқиғалар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды талап ететін обьективтілік мүддесін үнемі басшылыққа алған. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін сыртқы және ішкі жағдайларды анықтау, теоретикалық саралау, тарихнамалық сындарлы пікірлер жиынтығынан пайда болатын тарихи қағидалылыққа сүйенген. Жалпы композициялық негіз ретінде бүгіннен  кешегіге немесе өткенге, салдарынан себебі мен дәлеліне бағытталған өткенге шолу жасау, яғни ретроспекциялық әдіс пайдаланылды.

Көрнекті ғалымның өмірбаянын арнайы тарихи зерттеу де бүгінгі таңда ғылыми бағыттың бір саласы болып отырғандығы даусыз. Осы аталған методологиялық және әдістемелік негіздерді қолдану барысында тарихи оқиғалар мен бағалауда өркениеттік көзқарастар мен ұлттық мүдде ұстанымдары үнемі басты назарда болды. Сонымен қатар зерттеу жұмысында жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.

Зерттеудің деректік негізі-зерттеліп отырған мәселенің деректік негізі өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай мұрағаттық  құжаттар мен басылымдарда жарияланған деректерден тұрады. Ғалымның артында қалдырған бай шығармашылық мұрасымен қатар, оның көпқырлы ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызыметінің жаңа тұстарын ашуға көмектесіп ғана қоймайды, оның басты өзегі болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі, ғылыми-ұйымдастырушылық,ағарту-педагогикалық қызыметін алғаш рет зерттеу, оның Қазақстан ғылыми, білімі мен мәдениетіне және қоғамдық өміріне қосқан сүбелі еңбегін тұңғыш рет кешенді бір тұтастықта қарастыру. Осы уақытқа дейін ғалым және оның мұрасы жайлы журналистер, әріптестер, замандастарының әңгіме, мақала, естеліктері мен ғылыми-шығармашылығына берілген сын-пікірлерінде өмірі мен қызыметінің кейбір сәттері ғана үзік-үзік қарастырылып келген болатын. Сондықтан да мұндай жарияланымдар Жанұзақ Қасымбаев әлемін толық танып білуге қосалқы материалдар ретінде ғана қолданылатыны анық.

Жанұзақ Қасымбаев бүгінде республикадан тысқары жерлерге де кеңінен танымал. Оның 500-ден астам баспа табақ көлемінде жарық көрген жұмыстары Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай халық республикасы тәрізді шет мемлекеттерде жарық көрді. Сондай-ақ Екатеринбург, Махачкала, Нальчик, Орынбор, Тоиск, Новосибирск, Уфа, Ташкент, Минск, Анкара, Пекин, Каир, Бонн сияқты қалаларда өткізілген халықаралық ғылыми конференцияларда профессор Ж. Қасымбаев сөз сөйлеп, қазақ тарихын әлемге әйгіледі, қазақ елінің берік рухы мен тарихи өсу жолдарын марапаттап, әлем жұртшылығына тарихымызды таныстыруға сүбелі үлес қосты.[10]

Айтулы ғалым өз ғұмырында 20-дан аса монографиялық еңбектер жазса, кейін 3-4жыл ішінде ғана жүздеген жылдар бойы тәуелсіздік жолындағы күрес басшылары бола білген қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен қызыметін суреттейтін жүйелі жинақ монографияларын жариялап үлгерді.[11] Ұстаз әрі ғалым Жанұзақ Қасымбаев осы екі ұғымға да сай екенін бүкіл ғұмырымен дәлелдеп келеді.

 

Скачать