Бала зейінін дамытудың кез келген еңбек нәтижесі үшін ауқымды рөлі

0


Бала зейінін дамытудың кез келген еңбек нәтижесі үшін ауқымды рөлі

Жақсы зейінге ие балалар жылдам, сондай-ақ өнімдірек жұмыс істейді. Әртүрлі тапсырмаларды орындаудағы көптеген қателер оқушылардың нота мәтініндегі барлық белгілерді көрмегендігінен немесе теория бойынша тапсырманы мұқият оқымауынан, музыкалық диктант жазардан бұрын оқытушының түсіндірмелер дұрыс тыңдамағаннан, теоретикалық құрылымдарды орындауда қарапайым арифметикалық іс-қимылдарда қателік жібергенде туындайды. Қателерді түзетуге, әсіресе нота мәтінін меңгеруде үй жағдайында жаттап алғандарды сабақта түзетуге оқытушының көп уақыты мен күші кетеді. Егер тіпті бала үнемі аспаппен жұмыс істеуге машықтанса, бірақ ықылассыз болса, үй тапсырмасын орындау нәтижесі және академиялық концерттер мен емтихандарда көрсеткен өнері баланың қалағанындай жоғары бағаланбайды.
Зейін қою машығы баланың жасына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен қысқа уақытқа ғана ойын жинақтай алады. сондықтан оқытушымен бірге құрастырылған үй жаттығуларының кестесін орындаған өте маңызды. Кіші оқушылардың күніне 2 — 3 рет 30 минуттан жаттығуы тиіс, бұл кезде олардың зейіні тапсырманың барлық шарттарын орындауға қабілетті. Балаға өмірінің алғашқы күнінен бастап оның жасына сәйкес зейін қою бойынша тапсырмаларды орындауды талап етуге болатын жағдайлар жасау керек.
Балалар сабақтағы артық жүктемеге жиі шағымданса, ата-аналар олардың жалған жүктемелерінің себебін түсінуге тырыспастан, балаларының дұрыс дайындалмайтынын түсінбестен, олармен толықтай келіседі. Кейде балалардың сабақта не туралы айтылғанын ұмытып қалатындықтан немесе үй тапсырмаларын орындауға көп уақыт жұмсай отырып, өте әлсіз нәтижелерге жеткендіктен, ата-аналарға олар қабілетсіз секілді көрінеді. Шындығында бала көбіне өзінің мүмкіндіктерін толық қолданбайды, себебі олар өз ойын жинақтай алмайды. Сонымен психология тұрғысынан зейін, зейін түрлері және қасиеттері дегеніміз не?
Зейін — бұл сезім мүшелері арқылы келіп түсетін ақпаратты саналы немесе ойланбай (жартылай ойланып) іріктеу үдерісі. Танымдық үдерістердің бағыттылығы мен талғамдығы зейінге байланысты.

Зейін түрлері:
● еріксіз — өздігінен туындайтын, күшті, қарама-қарсы немесе жаңа, оқыс тітіркендіргіштен туындаған немесе маңызды және тітіркенуге эмоционалды үн қосатын;
● еркін — жігерлі ынтаны талап ететін белгілі ақпаратты алуға саналы түрде зейін қою;
● еріктіден кейінгі зейін — қызметке енуде туындайтын қызығушылыққа негізделеді; еріктіден кейінгі зейін туындағаннан кейін шиеленіс жойылып, адам шаршайды, тіпті еріктіден кейінгі зейін сағаттар бойы жалғасса да.
Зейін қасиеттері:
шоғырлану — объектіге зейін қою деңгейі;
көлемі — бір уақытта зейінмен қамтылатын объектілер саны;
аудару — әдейі саналы түрде зейінді бір объектіден басқасына аудару;
тарату — бірнеше объектіні бір уақытта зейін саласында ұстап тұру, бірнеше қызмет түрлерін орындау мүмкіндігі;
тұрақтылық — объектіге зейін аудару ұзақтығы.
Кей психологтар ерекше, тәуелсіз үдеріс ретінде зейін жоқ деп сендіреді. Зейін кез келген басқа психологиялық үдерістің немесе қызметтің бір тұсы немесе сәті ретінде қарастырылады. Мысалы, көру арқылы қабылдау үшін зейін суреттің бөлшектерін ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік күшейткіш болып табылады. Жады үшін зейін қажетті ақпаратты қысқамерзімдік және жедел жадыда ұстауға және оны ұзақмерзімдік жадыға ауыстыруға ықпал етуші фактордың рөлін атқарады. Ойлау үшін зейін тапсырманы дұрыс түсінудің және шешудің міндетті факторы рөлін атқарады. Басқа психологтар зейін адамның толық тәуелсіз психикалық күйін, өзіндік ерекшеліктері бар, өзге танымдық үдерістердің сипаттамаларымен қисындастырмайтын ішкі үдерісті білдіреді деп болжайды.
Зейін көптеген әртүрлі қызметтерді атқарады. Ол қажеттілерді белсендіреді және осы сәтте қажетсіз психологиялық және физиологиялық үдерістерді тежейді, организмге келіп түсетін ақпаратты ұйымдастырылған және мақсатты түрде іріктеуге ықпал етеді, қандай да бір объектідегі немесе қызмет түріндегі психологиялық белсенділіктің таңдаулы және ұзақмерзімдік шоғырлануын қамтамасыз етеді.
Психологтар зейін қою қабілеті баланың жасына, сондай-ақ жүйке жүйесінің түріне байланысты дейді. Сезімталдығы жоғары, сезгіштік пен тежелудің жылдам ауысуы байқалатын балаларда ерекше қиындықтар туындайды. Баланың зейін қоюын қалыптастыруға ең алдымен отбасы ықпал етеді. Тынымсыз, шулы орта, үйдегі ретсіздік, ересектердің күйгелектігі, реттелмеген өмір салты, баланың бастаған ісін соңына жеткізуіне қамқорлықтың болмауы, — осының барлығы зейіннің дамуына қатты кедергі келтіреді. Ата-аналар ерте жастан бастап баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына, соның ішінде зейін қоюды қалыптастыруға, логикалық ойлануға, салыстыруға … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!