Асаба сөздері текст

0

Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.

Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір-бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.

Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
жүрегі қалай ғана сыздамасын.
Құдалар, алақанға салып бердік,
жұлып алып жүректің бір парасын.

Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала,
Болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана.
Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол,
Осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана.

***

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

***

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

***

Қыз ұзату
Қадірменді қонақтар! Ағайын-туыс, дос-бауыр! Ақ дастарқан басына адал ниетпен жиналған құда-жекжаттар! Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру – әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Бүгін, міне, отбасымыздың көз қуанышы өмірлік серігімен қол ұстасып, ата-анасының аялы алақанынан ұшып барады. Сен біздің қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген шырағымызсың. Үлкен өмірге басқан қадамың құтты болсын! Әлпештеп өсірген перзентіңнің бақытын тапқаны біз үшін қуаныш қой, әрине. Барған жеріңе тастай батып, судай сің. Әке-шешеңді қалай құрметтесең, ата-енеңе де сондай сый-құрмет көрсет! Жұптарың жазылмай, бақытты да тату-тәтті ғұмыр кешіп, үбірлі-шүбірлі болыңдар!

***

Сүндет той
Пайғамбарымыздың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той – сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі, сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Баламыз білімді, жеті жұрттың қамын ойлаған азамат болып өссін! Атаның ұлы емес, адамның ұлы болсын!

***

Бесік той
Адам баласының ғұмыры тал бесіктен басталады. Ежелден-ақ қазақ баласы бесікте өскен. Бабаларымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп текке айтпаған. Бесікте жатқан сәбидің бойына сіңген, жүрегіне құйылған ананың үні жаныңды өмір бойы әлдилеп өтеді. Бүгін, міне, кішкентайымызды бесікке салу дәстүрін орындауға жиналып қалдық. Баланы бесікке бөлеу әрдайым үлкен той, қуаныш. Бесік той құтты болсын! Балапанымыздың дені сау, ұйқысы тыныш болсын! Келешекте елін, жерін шын сүйетін, салт-дәстүрін ұлықтайтын азамат боп ер жетсін!

***

Шілдехана
Әрбір әкенің арманы – артынан ұрпақ қалдыру, ал ана арманы – сәби сүю. Міне, бүгін Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болып, дүниеге іңгәлап сәби келді. Шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген балапанның бауы берік болсын! Тезірек ер жетіп, ата-анасының қолғанаты, бауырларының арқасүйер қамқоршысы болсын. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген дана қазақ. Сәбидің күлкісі – біздің бақытымыз, шаңырақтың берекесі. Ендеше, Жаратқан иеміз отбасыларыңызды осы бақ-берекеден айырмасын! Бөпенің артынан іні-қарындастары ере берсін! Ең бастысы, атаның емес, адамның баласы болсын дегім келеді. Барша тойдың басы шілдехана құтты болсын! Мына жиналған баршамызға жұғысты болсы

***

Құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт, достарымыз бен жолдастарымыз!

Шынымды айтсам, сіздердің алдарыңызда шаңырағымыздан ұшырғалы отырған ақ көгершіндей аяулы қызыма қандай ақ жол, сәт сапарлық тілек тілерімді білмей толқып тұрмын. Ең дұрысы, негізгі сөзімді қызыма арнағаным жөн сияқты….Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де сүйкімді қызым менің!

Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де, тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші сұрағаның да… – бәрі-бәрі де кеше ғана сияқты еді. Уақыт неткен жүйрік десеңші! Енді міне бүгін өмірлік серік-сыңарыңды тауып, ұядан ұшқалы тұрсын. Сені жат босағаға қанша қимасақ та табиғаттың талабы, өмірдің заңы осылай екен – қыз бала жат жұрттыққа жаралған. Барған жеріңде бағың ашылсын! Саған тілеріміз сол ғана.

***

Айналайын қызым……..!

Сен арқылы өрісіміз кеңейіп, жаңа жекжаттар тауып, құда-құдағи болып жатырмыз. Сен енді екі елдің арасындағы елшісің. Алдыңда жаңа өмір, жаңа орта, жаңа туыстар мен достар күтіп тұр. Сол ортамен тіл табысып, үйренісіп, босағасын аттаған әулетіңе туған қызындай болып сіңісіп кететініңе сенемін. Өйткені осы күнге дейін папаң екеуіміздің берген тәрбиемізді зая кетірмей, жаман сөз келтірмей, сенімімізді ақтап, айналаңа, қоршаған ортаңа әрқашан сүйікті, сүйкімді болып жүрдің емес пе?!

Менің тілегім – осы қалпыңнан айнымағайсың, күнім! Құдайым басыңнан бағыңды тайдырмасын! Бастағалы отырған жаңа өмірің бақытты, қызықты күндерден құралсын. Табалдырығын аттағалы тұрған босағаға жаңа басқан қадамың құт әкелсін!

Әкең мен шешеңді қалай құрметтеген болсаң, атаң мен енеңді солай құрметтегін, күнім! Сыңарыңмен жұбың жазылмай, бақытты да тату-тәтті ғұмыр кешіп, өсіп-өніңдер. Бақытты болыңдар!

***

«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай, сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!

***

Баяғыда Төле би бабамыз жаудан қалған бір жасар баланы тауып алып, оны бір келініне әкеліпті: «Бір жылдан кейін тексеремін, өз балаңа қалай қарасаң, бұл балаға да солай қара» деген екен. Бір жылдан кейін қараса, келіннің өз баласы топ-томпақ, ал атамыздың қалдырған баласы ап-арық. Сонда келіні: «Ата, екі баланы бірдей еміздім. Сүтімді тең бөліп бердім. Бірақ неге олай болғанын түсінбей отырмын» дейді. Сонда Төле би атамыз: «Балаға ең алдымен сүт емес, ананың мейірімі керек. Сен мейіріміңді өз балаңа төккенсің, ал бұл балаға сондай мейіріммен қарамағансың» деген екен. Сол айтпақшы, сіздер де екі балаға бірдей мейіріммен қарайды деген сенімдеміз. Қызымыздың барған жерінде бағы ашылып, бақытты болсын дейміз.

***

Кез-келген әке-шеше ең алдымен ұлын емес, қызын ойлайды. Жақсы жерге барып, барған жерінде бағы ашылса дегендей. Шын мәнінде, қыз баланы ұзату оңай шаруа емес. Қыз деген әрқашан да отбасының берекесін, жақындарының амандығын ойлап жүретін сондай бір жанашыр адам. Ал, қыздың әкеге деген қандай жақын екендігі ол бәрімізге белгілі. Сондықтан отбасында қыздың орны ерекше.
Сондай баланы бауыр етінен жұлып алып, басқа жұртқа аттандыру ол, әрине, қиын жағдай. Дегенмен, өмірдің заңы солай, теңіз бен теңіз, адам мен адам қосылады. Барған жерінде судай сіңіп, тастай батып жатса, нағыз абырой сол емес пе? Сондықтан бүгінгі ұзату тойыңыз құтты болсын. Қытайдың ұлы философы айтқан екен «Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады» деп. Бүгінгі күн қызыңыздың сондай бір бақытты, мазмұнды, ұзақ өмірінің бастауы болсын.

***

Адам беру біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой – салт-дәстүрден қашамыз ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге – айналайын құрдасым, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы қыздың деп тіле, біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан сүйіндірсін ылайым, жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!

***

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!

***

Қадірлі қонақтар. Бүгінгі қуаныш иелері! Ағалар, аналар! Іні-қарындастар! Осы ақ дастархан басында адал ниетпен жиналып отырған құда-жекжаттар! Тойға келіп отырған жаңа құдаларға «төрге шыққандарыңыз құтты болсын!» демекпіз. Құдалықтарың мың жылға ұлассын!
Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз,
Байлық – қолға ұстаған мұз,
Д?6?

Асаба сөздері текст
Асаба сәлемдесу
Асаба сөздері әзілдері
Асаба китабы
Асабаның сөз беруі
Асаба тілектері
Тамада болып үйрену
Тамада сөзі үйлену тойда