4 сынып математика мың көлеміндегі сандар

0

Сынып: 4 «Ә»

Тақырыбы: Мың  көлеміндегі  сандар. 

Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі:  сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі:  Оқулықпен танысу:

4 класс «Математика» оқулығын Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина  – деген авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған.  Алматы қаласынан Алматы «Атамұра» баспасынан 2015 жылы шыққан.

  1. Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.

4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.

Жүктеу