Астана Наурыз мерекесін қалай тойлайды?

0

Наурыз — көктем мен жаңарудың, бақыт пен шаттықтың мейрамы.  Sputnik Қазақстан тілшісі елордада бұл мерекеге  дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын білді.

Астана қаласы әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, ұлыстың ұлы күніне орай қала көшелерін безендіруге аудан әкімдіктері жауапты. Бас шаһарда төрт әкімдік бар: Есіл, Алматы, Сарыарқа және  жаңадан құрылған Байқоңыр ауданы.

Тағы оқыңыз: Наурыз дастарқаны қандай болу керек

Біз алдымен қалалық әкімдіктің Наурыз мейрамы аясында өткізетін іс-шаралар кестесімен таныстық. Кейін ірі мерекелік шаралар ұйымдастырылатын жерлерге барып қайттық. Қаланың оң жағалауында көктем мейрамына дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқаны байқалады.



sputniknews.kz