Тіл туралы сынып сағаты 8 сынып

0
550

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
Барысы: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1 – оқушы:
Тілім – арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 – оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
3 – оқушы:
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім – бұлақ сынды таза – тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.
4 – оқушы: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ…
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың – мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)

Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы Ұлпан есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы, ендеше кезекті Ұлпанға берейік. Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ – жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.
Өмірзақова Жұлдыздың орындауында «Анамның тілі»
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР – ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР – ның астанасы қай қала?
18. Әл – Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
Оқушылар бір сәт қазақ биімен көңіл көтеріп қояйық. Тельманова Динараның орындауындағы қазақ биі.
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден…(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)
10. Тіл қылыштан… (өткір)
11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)
12. Тілден артық…(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)
18. Жылы – жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)
19. Басқа пәле -…(тілден)
20. Білім кілті -… (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

 

 

***

 

 

 

Тәрбие  сағатының  тақырыбы:  «Тіл  мерейі,  ел  мерейі»

Мақсаты:  Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір – қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.

Көрнекілігі: «ана  тілін  білмейтін  адам мәдениетті  адам  санатына  қосылмайды.» М. Әуезов.

 

І  жүргізуші: Қайырлы  күн  ұстаздар  мен  қонақтар.  Сіздерге  арнап  «Ана  тілім – ардағым»  атты  тәрбие сағатымызды  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

ІІ  жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,  оқушылар!  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»  деп жарияланған.  Тіл  мерекесіне  орай  бүгінгі  «Ана  тілім – ардағым»  атты  кешімізге  қош  келіпсіздер.

Тіл – ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.

Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

Өткірдің  жүзі,

Кестенің  бізі,

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.

 

1  оқушы:

Күш  кеміді,  айбынды  ту  құлады,

Кеше  батыр – бүгін  қорқақ,  бұғады.

Ерлікке  ұмтылған  ұшқыр  жаны  кісенде,

Қан  суынған,  жүрек солғын соғады.

Қыран  құстың  қос  қанаты  қырқылды,

Күндей  күшті,  күркіреген  ел  тынды.

Асқар  Алтай – алиын  ана есте  жоқ,

Батыр,  хандар – асқан  жандар  ұмтылды.

Ерлік,  елдк,  бірлік,  қайрат, бақ,  ардың,

Жауыз  тағдыр  жойды  бәрін  не бардың.

Алтын  күннен  бағасыз  бір  белгі  боп,

Нұры  жұлдыз,  бабам тілі  сен  қалдың.

 

2  оқушы:

Ана  тілі – біздің туған  анамыз,

Анамыздай  сыйлап,  бағып  қағамыз.

Ана  тілін  бағаласақ  қалай  біз,

Өзіміздің  сондай  болмақ  бағамыз.

Ана  тілін  кім  аялай  білмесе,

Анасынан  безінген  ұл  деп  қараңыз.

 

3  оқушы:

Ана тілі  бар  білімнің  қайнары,

Аталардың  өсиеті  пайдалы.

Алақаны  мейірімді  ананың,

Ұстазыңның  жаққын  жүзі – жайдары.

Ана  тілім – тайтамайтын  әліппем,

Болғаным  жоқ  әріптерін  танып мен.

Өз  тілімді  жақсы көру  арқылы,

Достасамын  басқа  барлық  халықпен.

 

І  жүргізуші:  Халық  өзінің  тілін  ең  ардақтысы  деп  санайды,  оны  ерекше  сүйеді.  Қырғыз  ақыны  Сарноғайовтың  айтқанындай,  «ана  тілін  сүймеген  адам,  халқын  сүйіп  те  жарытпайды».

ІІ  жүргізуші:

Қалқам,

Мен  Лермонтов,  Пушкин  де  емеспін,

Есенинмін  демедім  ешкімге  мен

Қазақтың  қара  өлеңі  құдіретім,

Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген.

Жат  жерде  жатқанымда  жазатайым,

Қанымен  жазды  мүмкін  ағатайым.

Қасиетіңнен  қара  өлең  айналайын,

Қазақтың  дәл  өзіңдей  қарапайым,-  дей  отырып,  алдарыңызда

Ән:  «Ананың  үні»  (хормен)

І  жүргізуші:   Қазақстан  Республикасы  Тіл  туралы  алғашқы  заңы  1989 жылы  22 – қыркүйекте  қабылданды.  Біздіңелімізде  тұратын  барлық  ұлт  өкілдері  қазақ  тілін  оқып  үйренуде.

ІІ  жүргізуші:   Қазақ  тілі  түркі  тектес  тілдерге  жатады.  Соның  ішінде  қыпшақ  тобындағы  тілге  жатады.

1. оқушы:

Туған  тілде  сыры  терең  жаным  бар,

Туған  тілде  мың-мың  ыстық  қаным  бар.

Туған  тілде әнім  менен  сәнім  бар,

Туған  тілім – жүрек үнім  наныңдар.

Нанбасаңдар,

Жүрегімді  суырып-ақ  алыңдар.

 

1.  оқушы:

Сүйемін  туған  тілді – анам  тілін,

Бесікте  жатқанымда-ақ  берген  білім.

Шыр  етіп  жерге  түскен  минутымнан,

Құлағыма  сіңірген таныс  үнім

Сол  тілімнен  үйрендім  нәрсе  аттарын,

Сол  тіліммен  әдепті  мен  жаттадым.

Ең бірінші  сол  тілімнен  сыртқа  шықты,

Сүйгенім,  жек  көргенім,  ұнатқаным.

 

1.  оқушы:

Қымбат  маған  анан  тілім,  бал  тілім,

Қымбат  маған  дана  тілім,  ар  тілім.

Ақ  сүтімен  бірге  сіңген  бойыма,

Ана  тілі – ардақ  тұтар  алтыным.

Ана  тілін – жырлап  өткен  талайлар,

Жырлап  өткен Ыбырай  мен  Абайлар.

Қасиетті  менің   ана  тілімде,

Өшпес  мәңгі  алаулаған  арай  бар.

І  жүргізуші:

Сая болып  жаныңа  емен,  терек,

Жетеренді жатқаның  көлеңкелеп.

Өгейсінбей  өзі  боп  қалу  үшін,

Өнер  керек  ұрпаққа,  өлең  керек, –  дей  отырып,  алдарыңызда

Би:  «Наурыз  биі»

 

1.  оқушы:

Сен  болмасаң,  о  туған  тіл,  құным  не?

Мен  жетпейтін  маржан  жатыр  түбінде.

Аспан,  жұлдыз,  жетім  ай  да  телміріп,

Тіл  қатады  маған  ана  тілінде.

Жігіт  бірде  кедейленер,  байыр  да,

Ақ  атымды,  қанатымды  қайырма.

Айырылсам  да  талай  бір,

О,  тағдырым,  тек  тілімнен  айырма.

I  жүргізуші:

Домбырам,  жүрегіммен  үндес  едің,

Сенімен  сырласымдай  тілдесемін.

Бабамнан  қалған  мұра  сен  болмасаң,

Өнерің  не  екенін  білмес  едім, – «Кеңес»  күйі.

 

I  жүргізуші:

Өнерге  әркімнің-ақ  бар  таласы,

Сонда  да  солардың  бар  таңдамасы,

Іші  алтын,  сырты  күміс  сөз  жақсысын,

Қазақтың  келістірер  қай  баласы – демекші  алдарыңызда  үнді  биі.

 

I  жүргізуші:

Тілім  менің,

Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім.

Адалыммен, арыммен  қатар  қойып,

Тілді  қорғау  парызым  бүгін  менің.

 

II  жүргізуші:

Әкең – қазақ,  шешең – қазақ  қарағым,

Сен  де  ұлысың  мынау  дархан  даланың.

Әр  халықта  ұлттық  намыс  деген  бар,

Оны  биік,  қасиет  деп  санағын.

 

I-II  жүргізуші  бірге.

Отан, Ана,  Ана  тілінің – үш  анық.

Осыларсыз  болашақта  күнің  жоқ.

Ән.

Қортынды:

«Тіл  дегеніміз – қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі   ғана  емес,  ертеңгі  де  тағдыры»  атты  қабырға  газеттері,  ақын-жазушылардың  тіл  туралы  айтқан  пікірлерін  ілу.