Қазақ қызын шетелдің 80 университеті оқуға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зымыран жауған түн: Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс қайта ушықты

Зымыран жауған түн: Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс қайта ушықты
Фото: AI көмегімен жасалған.

Иран Израиль аумағына қарай зымырандар ұшырғанын мәлімдеді. Бұл сәуір айындағы бітімнен кейінгі Тегеранның Израильге жасаған алғашқы тікелей зымыран шабуылы болып отыр.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының хабарлауынша, бұл бір реттік акция емес екен. Корпус Израильге қарсы зымырандар мен дрондардың бірнеше күн бойы жалғасатын жаңа толқындары жіберілетінін де мәлімдеді. Иран тарапы мұндай қадам Израильдің Бейрут маңындағы нысандарға жасаған әуе соққысынан кейін барғанын айтуда.

Ал Израиль қорғаныс армиясы ел аумағына бағытталған зымырандық шабуылдың болғанын растады. Әскерилердің мәліметінше, Иран тарапы ұшырған 10–11 зымыранның барлығын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қағып түсірген. Кейбірі елді мекендерден тыс жерге түскен. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.

Жалпы, әлемдік сарапшылардың бағалауынша, бұл оқиға сәуірдегі бітімнің бұзылуына және Таяу Шығыстағы жаңа әскери қатығысқа алып келуі мүмкін.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.