KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Жылағым келіп кетті...": Мөлдір Мұқан қызын туған күнімен құттықтап, елді жылатты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
SN.kz

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан қызы Айымның туған күніне арнап жүрекжарды құттықтау жолдап, көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды Sn.kz.

Ол бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызына арналған жылы лебізін жазған.

"Туған күніңмен, менің балапаным. Мен сені қаншалық жақсы көретінімді жақсы білесің", – деді Мөлдір Мұқан.

Желі қолданушылары да Айымды мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Пікірлердің басым бөлігі ана мен бала арасындағы мейірімге ерекше тоқталды:

"Ана жүрегінің алаңдауы анық көрініп тұр", "Жылағым келіп кетті", "Бақыт деген – дәл осындай сәттер", "Құтты болсын! Екі дүниеде де жамандық көрмесін", – деп жазды оқырмандар.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары