Шоу-бизнес

"Оның тектілігін көрсетті": Танымал журналист Мөлдір Мұқан туралы пікір білдірді

"Оның тектілігін көрсетті": Танымал журналист Мөлдір Мұқан туралы пікір білдірді
turkystan.kz коллажы

Тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның отбасылық өміріне қатысты өз әсерімен бөлісіп, өнерпазға қолдау білдірді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Ол желідегі жазбасында Мөлдірдің қарапайымдылығы мен тектілігін ерекше атап өтті:

"Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым" деп бір жақсы көретін жеңгем айтып еді кезінде. Тұрсынбек пен Мөлдірдің дастарқанында талай қонақ болғанбыз. Кешегі біздің ұлдың тойында да дымын білдіртпей келіп, әнін айтып, тілектестігін жеткізді. Араға бірнеше күн салып сұқбаты шықты. Мөлдір іштегісімен бөлісе отырып, бөгде әйелге тіл тигізбегені – оның тағы бір тектілігін көрсетті мен үшін... Екеуі көрсе көз тоятын әдемі жұп еді. Қимаймын. Ыстық сезім, махаббат мүлдем жоқ боп кеткеніне сенбеймін. Араларында қалған болар деген үміттемін... Бүгін Оралдағы "Шай" киносына билет жоқ. Оңаша отырып ішетін шайға уақыт тағы жоқ. Алла халықтың ықыласынан айырмасын, Мөлдіржан!", – деп жазды әлеуметтік желіде әншіге қолдау білдірген тележүргізуші.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz