Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа деректі айтты

Журналист Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа деректі айтты
ашық дереккөзден

Атырау облысында болған қанды қылмысқа қатысты жаңа деректер айтылды. Бұл туралы журналист Жанат Молдашова мәлімдеп, оқиғаның кейбір мән-жайын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, марқұмдардың туыстары күйеу баласының мұндай ауыр қылмысқа баруы мүмкін екенін мүлдем ойламаған. Керісінше, олар оны қуанышпен қарсы алуға дайындалған.

Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі жазбасында Жангелдин ауылына барған кезінде туыстарының бірі айтқан сөздерді келтірген.

"Жангелдинде жүргенімде ағайындардың бірі: "Мақсот ағам қыз-күйеу балам қонаққа келеді деп, көршіге мал сойғызып, дайындалып отырған" деп айтты. Құшақ жайып қарсы алған күйеуінің кейін осындай қатыгездікке баратынын, өз қолынан қаза табатынын қайдан білсін, қайран әке", – деп жазды журналист.

Осылайша, жақындарының айтуынша, отбасы күйеу баласын жылы қарсы алуға әзірленген. Алайда кейін орын алған қайғылы оқиға бүкіл жұртты есеңгіреткен.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер