KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды

• Айбар

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1 қыркүйек күні Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылған болатын.

Фото: primeminister.kz
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →