Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызына қандай тәрбие беріп жатқанын айтып, әлеуметтік желіде ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Актрисаның сөзінше, ол қызын тек дәстүрлі «келін болады» деген түсінікпен тәрбиелемей, ең алдымен өзіндік пікірі мен таңдауы бар тұлға ретінде өсіргісі келеді.
"Менің қызым өз үйінде қонақ емес, ол – менің жалғасым. Сондықтан оны өзге шаңыраққа келін боласың деп өсірмеймін. Өз өмірі, өз қалауы, еркі мен сезімі бар жеке тұлға ретінде тәрбиелеймін. Қызыма "қырық үйден тыйым" емес, қолдау көрсетемін", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Актрисаның бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көптеген әйел оқырмандар оның ойын қолдап, қыз тәрбиесіне қатысты көзқарасын құптаған.
Дегенмен, бұл пікірмен келіспейтіндер де табылды. Кейбір желі қолданушылары қазақы тәрбие мен дәстүрден алыстамау керектігін айтып, өз наразылықтарын білдірді.
"Ораза кезінде мұндай сөз айту дұрыс па? Батысқа еліктемей-ақ, қазақтың өз тәрбиесі жеткілікті емес пе?" – деп пікір қалдырғандар да болды.
Осылайша актрисаның жазбасы қоғамда қыз тәрбиесіне қатысты түрлі пікірдің бар екенін тағы бір рет көрсетті.