Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Көз тимесін»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйіне қоныс той жасады

«Көз тимесін»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйіне қоныс той жасады
Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-енесі мен әке-шешесінің жаңа үйіне қоныс тойға келген сәті / Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйіне қоныс той жасап, ең алғашқы қонақ ретінде өз әке-шешесін мен ата-енесін төрге отырғызды, деп хабарлайды Kznews.kz Sn.kz сайтына сілтеме беріп.

Шағын ғана басқосуда екі жақтың үлкендері бір дастархан басына жиналып, жылы жүздескен. Қоныс тойда арнайы аспаз шақырылып, қонақтарға ерекше тағамдар ұсынылған. Ал Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келінін шашу шашып құттықтап, сыйлық ретінде 1 миллион теңге табыстады.

Желі қолданушылары да бұл көрініске сүйсініп, жас отбасыға ақ тілегін жаудырды. Пікірлер арасында: "Қандай жылы көрініс", "Көз тимесін", "Жұлдыз ақылды ғой, өте дұрыс жасадың", "Бәрін бірге көріп қуанып отырмыз", "Рәбия Сұлтан дүниеге келіп, бәрінің басын қосты", "Осылай төрт көздеріңіз түгел болсын", "Бүкіл Қазақстан қуанып отырған шығар сіздерді көріп", – деп жазғандар көп болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер