Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қайрат Нұртас үшін қарғыс естіп, жексұрын болғам”: Айнұр Тұрсынбаева күтпеген мәлімдеме жасады

“Қайрат Нұртас үшін қарғыс естіп, жексұрын болғам”: Айнұр Тұрсынбаева күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі өз сөзінде Қайрат Нұртасқа деген халықтың ықыласы ерекше екенін айтып, әншінің жанкүйерлері оны әрдайым қолдауға дайын тұратынын жеткізді.

Айтыскер әрі коуч Айнұр Тұрсынбаеваның әнші Қайрат Нұртасқа қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Айнұр Тұрсынбаева осыдан біраз уақыт бұрын ән байқауларының бірінде Қайрат Нұртасқа қатысты сын айтқанын еске алды. Сол кезде әншіге бағытталған пікірінен кейін көпшіліктің наразылығына тап болғанын жасырмады.

«Ән байқауында Қайратқа тиісемін деп өмірімде естімеген қарғысты естіп, біраз адамға жексұрын болғанмын. Айтайын дегенім: Жамбыл – менің өз атым, халық – менің шын атым. Яғни Қайрат – халықты мойындатқан әнші. Қайратқа қарсы шығу – халыққа қарсы шығу. Оған сын айту – халыққа сын айтумен бірдей екен. Ол кезде Қайратқа байқаудың шартын орындамағаны үшін ренжіңкіреп сөйлегем. Бірақ Қайрат көп от пен судан аман келе жатқан бала. Әйтпесе Қайратты тек дала қазақтары ғана тыңдайды деген пікір де шыққан», – деді ол.

Айтыскердің айтуынша, Қайрат Нұртас шығармашылығы арқылы қалың көрерменнің көңілінен шығып, өзіндік тыңдарман аудиториясын қалыптастырған. Сондықтан әншіге қатысты айтылған сын оның жанкүйерлерінің де реакциясын тудыруы мүмкін екенін аңғартты.

Айнұр Тұрсынбаева бұған дейінгі пікірін еске ала отырып, Қайрат Нұртасқа қатысты көзқарасының қалыптасуына уақыт әсер еткенін де сөз етті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.