Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлын клиникаға тексертуге алып келгенін көрсетті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.

«Хан бес жасынан бастап көзілдірік тағады – астегматизм. Алты ай сайын тұрақты түрде тексеріліп тұрамыз. Міне бүгін кезекті рет тексерілуге келіп тұрмыз. Бізге қосымша қан тапсыру керек деді. Қан талдаудың нәтижесі бойынша, қандай дәрумендер ішу керек, оны да бізге айтады», — деді ол.

Сондай-ақ актриса бала денсаулығына байланысты ата-аналарға кеңес берді.

«Жалпы баланы жарты жыл сайын сheck-up жасатып тұру керек. Мен Ханды міндетті түрде өткізіп тұрамын, өйткені әлі кішкентай, 11 жасқа енді толады, алдын-алған дұрыс деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс», — деді ол.

Айта кетсек, Жұлдыз Әбдікәрімова жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.