KZNEWS.KZ
Спорт

“Жүктіліктің 7 айында”: Шавкат Рахмоновтың жұбайының сот отырысында тың жағдайлар белгілі болды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шавкат Рахмоновтың келіншегіне қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот отырысында жәбірленушілер Гүлайым Рахмоноваға кешірім бергендерін мәлімдеді.

Сондай-ақ Гүлайым Рахмонованың бесінші балаға жүкті екені, қазір жүктіліктің жетінші айында екені белгілі болды.

Айта кетейік, жол апатынан екі әйел қаза тапқан болатын. Көлікте Шавкат Рахмоновтың келіншегі мен екі жасар ұлдары да болған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →