Жамбыл облысында Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонована қатысты үкім шықты, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот оны екі адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда бұл жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.
Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қаралды. Сот барысында кінә сараптамалар мен өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденген. Прокурор 5 жыл түрме жазасын және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруды сұраған.
Дегенмен жәбірленуші тарап сотталушыны кешіріп, қатаң жаза қолданбауды өтінген. Сот бұл жайтты, сондай-ақ оның 2–9 жас аралығындағы төрт баласы барын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, жазаны өтеуді кейінге қалдырды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.