"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды
Фото: ашықдереккөз

Оқиға Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылының маңында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген Рахмонова рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Көлікте болған 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмса, 35 жастағы тағы бір жолаушы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына барар жолда қайтыс болды.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің де жағдайы – орташа ауыр.

«Ота қажет емес. Динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр», – деді медициналық мекеме өкілдері.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.