1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері қанша өседі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жоқ" деп айтуды үйренемін": Түрмеден шыққан танымал блогер енді немен айналысатынын айтты (ВИДЕО)

"Жоқ" деп айтуды үйренемін": Түрмеден шыққан танымал блогер енді немен айналысатынын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Мейіржан Төребаев жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік желіде ой бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Актер өз өміріне өзгеріс енгізуге бел буғанын айтып, енді "жоқ" деп айтуды үйренетінін жеткізді. Оның сөзінше, бұрын ешкімнің бетін қайтара алмай, басқалардың пікіріне қатты мән беретін болған.

"Қазір өзгелер не ойлайды деп алаңдамаймын", – деп жазды ол.

Төребаевтың айтуынша, түрмеде отырған адамдар бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірін жиі жоспарлайды. Ол да өзіне нақты мақсаттар қойғанын айтты.

Актер енді әр сәттің қадірін білуді, балаларына көбірек көңіл бөлуді, оларды спортқа баулуды, кітап оқуды, атқа мінуді және таңертең велосипед тебуді басты назарға алатынын жеткізді.

"Бұл қарапайым нәрселер сияқты көрінгенімен, ол жерде жүзеге асыру мүмкін болмады. Енді осыған басымдық беремін", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер